Мәслихаттың 2009 жылғы 28 шілдедегі № 156 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 51 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 тамызда № 9-11-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 03.08.2015 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістері туралы" 2009 жылғы 28 шілдедегі № 156 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-95 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте "Новый путь - Бозторғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379381383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 процентке ұлғайтылсын.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы,
      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      қаржы Министрлгінің
      Қостанай облысы салық
      Департаментінің Қамысты
      ауданы бойынша салық
      басқармасының бастығы
      _____________ Е. Карбозов

О внесении изменения в решение маслихата от 28 июля 2009 года № 156 "Об изменениях базовых ставок земельного налога"

Решение маслихата Камыстинского района Костанайской области от 24 июля 2012 года № 51. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 16 августа 2012 года № 9-11-143. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 3 августа 2015 года № 300

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 03.08.2015 № 300 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Камыстинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата "Об изменениях базовых ставок земельного налога" от 28 июля 2009 года № 156 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 9-11-95, опубликовано 11 сентября 2009 года в газете "Новый путь - Бозторгай") следующее изменение:
      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:
      "1. Увеличить на 50 процентов базовые ставки земельного налога, установленные статьями 379381383 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии,
      секретарь Камыстинского
      районного маслихата                        Б. Рахимжанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник налогового
      управления по Камыстинскому
      району налогового департамента
      Костанайской области Министерства
      финансов Республики Казахстан
      _____________________ Е. Карбозов