Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 26 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 наурызда № 9-12-180 тіркелді. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 437 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 437 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Базалық салық ставкасын түзету туралы" 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-125 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 50 пайызға жер салығының базалық ставкасынан жоғарылатылсын:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге (Салық кодексінің 378 бабы);
      2) үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердің жерлеріне (Салық кодексінің 381 бабы);
      3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (Салық кодексінің 383 бабы).".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
      сессия төрайымы М. Тукпатуллина
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады