Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 194 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 сәуірде № 9-14-173 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырушылардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде жұмыс ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың сәуірінен бастап пайда болған әрекеттерге таратылады.

      Қостанай ауданының әкімі                         А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті
      Қостанай аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ С. Байгонов

      "Қостанай облысы Қостанай
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Р. Саттаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады