Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 139 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде № 9-15-172 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Меңдіқара ауданының Боровской селосының әкімі және селолық округтерінің әкімдері:
      азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскери шақыруды жүргізу кезінде "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыруды өткізу кезеңіне техникалық жұмыскердің бір бірлігін бөлу ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және облыстық жиын пунктіне командаларды жөнелту кезінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылушылардың кетуі кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Меңдіқара ауданының әкімі                  Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Меңдіқара
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының уақытша
      міндетін атқарушы
      __________ С. Крюков

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының
      ішкі істер департаменті
      Меңдіқара ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________ Н. Досымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады