Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 36 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 тамызда № 9-17-143 тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 07-15/690 хатын қарастырып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салалары мамандарына қажеттілікті ескере отырып Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Ш. Стап

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы
      әкімдігінің ауыл шаруашылық
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ М. Төлемісов

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ И. Насыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады