"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 365/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 3365 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 125/4 қаулысымен

      Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 24.04.2014 № 125/4 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы "Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" № 1116 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 2315 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Көлік және
      коммуникация министрінің міндетін атқарушы
      2012 жылғы                                 Р.В. Скляр

Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 365/12 қаулысымен   
бекітілген        

"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді
баспа басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Электрондық мемлекеттік қызмет "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО), баламасыз негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦК) болған жағдайда "электрондық үкіметтің": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы № 451-І Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 2315 қаулысымен бекітілген "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу" туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт), Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Ақпараттандыру туралы" № 217-ІІІ Заңының негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
      5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮП);
      2) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай идентификациясын енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында Жеке идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
      3) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және жеке бірлескен кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай идентификациясын енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында Бизнес идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
      4) жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесі жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны бөлігінде Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" шлюзінің (бұдан әрі – ЖАО АЖ) кіші жүйесі ретіндегі өңірлік шлюз" ақпараттық жүйесі;
      5) "Біріккен салықтық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-БСАЖ);
      6) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне ықпал ететін мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерге және электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚО АЖ);
      7) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тапсыруға және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
      8) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      9) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      10) пайдаланушы (тұтынушы) – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъекті;
      11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ);
      13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
      14) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – белгілі кезеңде электрондық қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;
      15) мемлекеттік электрондық қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      16) электрондық анықтама – шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама (бұдан әрі – е-анықтама);
      17) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО).
      18) "электрондық үкімет шлюзі" - электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін кіріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ).
      19) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі – ЖАО электрондық қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ЖАО ішкі жүйелері/кіші жүйелері мен сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮӨШ).
      20) куәландыру орталығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – КО АЖ). Қазақстан Республикасы – электрондық құжаттардың жеткізілуіне, есепке алынуына және сақталуына кепілдік беретін ЭЦҚ-ның электрондық қолтаңба кілттерінің сертификаттарын беру және сүйемелдеу.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету
жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі

      ЭҮП арқылы (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-әрекеттің № 1 диаграммасы) қызмет берушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
      1) тұтынушы ЖСН немесе БСН-нің және парольдің (құпия сөздің) көмегімен ЭҮП-да тіркеуден өтуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 - үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін ЭҮП-да тұтынушының логинді және парольді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 - шарт – логин (ЖСН немесе БСН) және пароль арқылы ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2 - үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-ның авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 - үдеріс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сондай-ақ тұтынушының сұрау салуға қол қою үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 4 - үдеріс – сәйкестендіру деректеріне және тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және оның ҮЭП-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауы туралы деректерге сұрау салу;
      7) 2 - шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және ҮЭП-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
      8) 5 - үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      10) 7 - үдеріс – электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮӨШ/ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;
      11) 3 – шарт – ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да тұтынушы деректерінің және тұтынушының ЭЦҚ – ның тіркеу куәлігінің болуын тексеру;
      12) 8 - үдеріс – ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да тұтынушы деректерінің болмауына немесе тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - үдеріс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама немесе мерзімді баспа басылымдарын есепке алудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша бас тарту жауабын алу. Электрондық құжат ЖАО ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
       7. ХҚО АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде (функционалдық өзара іс-әрекеттің диаграммасы) қызмет берушінің қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген:
      1) 1 - үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО АЖ-да Орталық операторын авторластыру үдерісі.
      2) 1 – шарт - ХҚО АЖ-да логин және пароль арқылы тіркелген оператор туралы деректердің немесе ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2 - үдеріс – Орталық операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ХҚО АЖ-да авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 - үдеріс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сондай-ақ сұрау салуға қол қою үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      5) 4 - үдеріс – КО АЖ-дан оператордың идентификациялық деректерін және ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі туралы деректерді сұрау;
      6) 2 - шарт - тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және оператордың ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру;
      7) 5 - үдеріс – оператордың ЭЦҚ-ның нақтылығы расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - үдеріс – Орталық операторының электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанына (енгізілген деректерге) ЭЦҚ арқылы қол қоюы және Оператордың одан арғы іс-қимылдары туралы ақпарат алу;
      9) 7 - үдеріс - электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮӨШ/ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жолдау және ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;
      10) 3 – шарт – ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да тұтынушы деректерінің және тұтынушының ЭЦҚ – ның тіркеу куәлігі болуын тексеру;
      11) 8 - үдеріс – тұтынушының ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да деректері болмауына немесе тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - үдеріс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама немесе шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша бас тарту жауабын алу. Электрондық құжат ЖАО ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      8. ЖАО АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде (функционалдық өзара іс-әрекеттің диаграммасы) қызмет көрсетушінің қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген:
      1) ЖАО-ның қызметкері ЖСН және парольдің көмегімен ЖАО АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1 - үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін ЖАО АЖ логин мен пароль енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);
      3) 1 – шарт - ЖАО АЖ-да логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген қызметкер тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2 - үдеріс –ЖАО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЖАО АЖ-да авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 - үдеріс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының сұрау салу нысандарын экранға шығару (деректерді енгізу), сондай-ақ сұрау салуға қол қою үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 4 - үдеріс – сәйкестендіру деректеріне және ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және оның ЖАО АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауы туралы деректерге сұрау салу;
      7) 2 - шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және ЖАО АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
      8) 5 - үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      10) 7 - үдеріс – тұтынушы көрсеткен деректерді растау үшін электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮӨШ/ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСЖА-ға жолдау;
      11) 3 – шарт – ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да тұтынушының деректерінің және ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің болуын тексеру;
      12) 8 - үдеріс – тұтынушының ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСАЖ-да деректерінің болмауына немесе ЖАО – қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - үдеріс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы немесе шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша бас тарту жауабын алу. Электрондық құжат ЖАО ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      9. Осы регламенттің 5-қосымшасында тұтынушыға көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтерге экрандық нысандар келтірілген:
      1) пайдаланушының е-анықтама (логин және пароль) берілетін тұлғаның ҮЭП-ға кіру үшін деректерін енгізуі;
      2) "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызметін таңдау;
      3) "Online қызметіне тапсырыс беру" бастырмасының көмегімен қызметке тапсырыс беру;
      4) сұрау салуды толтыру:
      ЖСН немесе БСН автоматты түрде, пайдаланушының ҮЭП-де тіркелу нәтижесі бойынша таңдалады;
      пайдаланушы "сұрау салуды жолдау" батырмасының көмегімен сұранымға қол қоюды жүзеге асырады;
      5) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) сұрау салуға қол қою – пайдаланушы "қол қою" бастырмасының көмегімен ЭЦҚ сұрау салуға қол қоюды жүзеге асырады, одан кейін сұрау салу ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ, ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСЖА-ға өңдеуге беріледі;
      7) ЖАО АЖ-да, ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, БСЖА-да сұрау салудың өңделуі:
      Пайдаланушы дисплейінің экранында мынадай ақпарат шығарылады: ЖСН; сұрау салу нөмірі; қызмет түрі; сұрау салу мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;
      "мәртебені жаңарту" бастырмасынын көмегімен пайдаланушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі беріледі;
      ЖАО АЖ-дан жауап алынған кезде "нәтижені қарау" бастырмасы пайда болады;
      8) сұрау салуды өңдеу нәтижелерін көру.
      10. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салудың орындалу мәртебесін тексеру әдістері: "электрондық үкімет" порталының "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ ЖАО-ға немесе ХҚО-ға өтініш жасаған кезде:
      11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны ЭҮП саll–орталығының: (1414) телефоны бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның http://e.gov.kz/ интернет-қорларынан алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      Орталық операторы;
      ЖАО қызметкерлері;
      ҮЭП;
      ЭҮШ/ЭҮӨШ;
      ЖТ МДБ;
      ЗТ МДБ;
      БСЖА;
      ХҚО АЖ;
      ЖАО АЖ;
      КО АЖ.
      13. Осы регламенттің 1–қосымшасында әрбір қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-қимыл (процедуралар, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы келтірілген.
      14. Осы регламенттің 234-қосымшаларында олардың сипаттамасына сәйкес іс-қимылдардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма келтірілген.
      15. Регламенттің 6-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері көрсетілген.
      16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы регламенттің 7-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      17. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялық (санкцияланбаған ақпарат алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты рұқсат етілмеген өзгертуден қорғау);
      3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды рұқсат етілмеген ұстаудан қорғау).
      18. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) Интернетке шығу;
      2) е – анықтама берілетін тұлғада ЖСН-ның болуы;
      3) ҮЭП, ХҚО АЖ авторластыру;
      4) пайдаланушыда ЭЦҚ-ның болуы.

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша               

Әр іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отыра,
іс-қимыл (процедуралар, функциялар, операциялар)
дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы

1-кесте. ЖАО арқылы іс-қимылдардың сипаттамасы

1) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының ағымының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ХҚО АЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштің және құжаттардың түпнұсқалығын тексеру, ЖАО АЖ-ға деректер енгізу

Мәліметтерді ЖТ МДБ/ЗТ МБД/БСАҚ-та тексеру, көшірілген құжаттарды қажеттілігіне қарай жүйеге бекіту

ЖАО АЖ-дан ХҚО АЖ-ға аудару мәртебесі туралы хабарлама маршрутын жасау

Өтінішке нөмір беру. Ағымдағы мәртебесін көрсете отыра, хабарламаны қалыптастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қызметті алуға өтініштерді және құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір беріп, сұрау салуды тіркеу

Сұрау салу маршрутын жасау

"Келіп түскен" мәртебені көрсету

5

Орындау мерзімдері

5 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5


2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының ағымының) №

5

6

7

8

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ХҚО АЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тіркеуге алу туралы анықтаманы қалыптастыру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап. Шешім қабылдау

Анықтаманы қалыптастыру. Қызмет көрсетудің мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру

Хабарлама маршрутын жасау

Хабарламаны, мәртебені көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын және сұрау салуды орындау мәртебелерін қалыптастыру

Маршрутын жасау

Орындалу мәртебелерін көрсету

5

Орындау мерзімдері

10 жұмыс күні

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

6

7

8

9


3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының ағымының) №

9

10

11

12

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ХҚО АЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) және атауы олардың сипаттамасы

Шығу құжатын жасау

ЖАО ЭЦҚ – мен қол қойылып шығатын құжатты қалыптастыру және тіркеу

Шығу құжатының хабарлама маршрутын жасау

Қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны шығу құжатымен көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

ЖАО-ға өтініш берген кезде тұтынушыға шығу құжатын беру

Шығу құжатымен хабарламаны жіберу

Маршрутын жасау

Орындалудың аяқталу мәртебесін көрсету

5

Орындау мерзімдері

5 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

10

11

12

-

2-кесте. ХҚО арқылы жасалатын әрекеттің сипаттамасы

1) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыс барысының ағымының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ, АЖ

атауы

Орталықтың операторы

ХҚО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ЖАО АЖ

ЖАО-ның қызметкері

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштің және құжаттардың түпнұсқалығын тексеру және деректерді ХҚО АЖ-ға енгізу

Деректерді ЖТ МДБ /ЗТ МБД/БСАҚ-да тексеру, көшірілген құжаттарды қажеттілігіне қарай жүйеге бекіту

ЖАО АЖ-дан ХҚО АЖ-ға сұрау салу маршутын жасау

Өтінішке нөмір беру, орындауға жіберу

Құжаттарды тексеру, құжаттарды жұмысқа қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қызметті алу үшін өтінішті және құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір беріп, сұрау салуды тіркеу

Сұрау салу маршрутын жасау

"Келіп түскендер" мәртебесінде өтінішті көрсету

Сұрау салуды жұмысқа қабылдау

5

Орындау мерзімдері

10 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

5 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

5

6


2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

6

7

8

9

10

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ХҚО АЖ

Орталықтың операторы

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы бере отыра, жауапты қалыптастыру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап беру. Шешім қабылдау

Анықтаманы қалыптастыру. Қызмет көрсетудің мәртебесін өзгерту туралы хабарламаны қалыптастыру

Хабарлама маршрутын жасау

Хабарламаны, мәртебені көрсету

Тұтынушы өтініш берген кезде өтініштің орындалу мәртебесі туралы хабарлама

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Анықтаманы немесе уәжделген жазбаша бас тарту жауабын қалыптастыру

Шығу құжатын және сұрау салуды орындау мәртебесін қалыптастыру

Маршрутын жасау

Орындау мәртебесін көрсету

Қызмет көрсету мәртебесі туралы хабарлама

5

Орындау мерзімдері

10 жұмыс күні

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

10 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

7

8

9

10

11


3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

11

12

13

14

15

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ХҚО АЖ

Орталықтың операторы

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығу құжатын жасау

ЖАО ЭЦҚ-мен қол қойылған шығу құжатын қалыптастыру және тіркеу

Шығу құжатымен хабарлама маршрутын жасау

Қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны шығу құжатымен көрсету

Шығу құжатын тұтынушыға беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қол қойылған шығу құжатын ХҚО-ға беру

Шығу құжатымен хабарламаны жіберу

Маршрутын жасау

Орындалудың аяқталуы туралы мәртебені көрсету

Шығу құжатын беру

5

Орындау мерзімдері

5 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

10 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

12

13

14

15

-

3-кесте. ЭҮП арқылы алынатын әрекеттің сипаттамасы

1) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ/ЭҮШ

ЖАО АЖ

ХҚО АЖ

ЖАО-ның қызметкері

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Деректердің түпнұсқалығын тұтынушының ЭЦҚ тексеру. Өтінішті сақтау және ЭҮӨШ/ЭҮШ арқылы жіберу

Хабарламаны ЖАО АЖ-ға жолдау маршруты

Өтінішке нөмір беру. Ағымдағы мәртебені көрсете отыра, хабарламанықалыптастыру

"Келіп түскен" мәртебені көрсету

Өтінішті орындауға қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұра салудың табысты аяқталуы туралы хабарламаны немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны көрсету

Сұрау салу маршрутын жасау

Хабарламаны ЭҮП-ге жіберу

Мәртебені көрсету

Жұмысқа қабылдау

5

Орындау мерзімдері

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

5 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

5

6


2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

6

7

8

9

10

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭӨШ

ЭҮП

ХҚО АЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарды тіркеуге қою туралы анықтама берілетін жауапты қалыптастыру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап беру
Шешім қабылдау

Шығу құжатын қалыптастыру. Қызмет көрсетудің мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру

Хабарлама маршрутын жасау

Хабарламаны көрсету

Хабарламаны көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Анықтаманы немесе көрсетілген бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжатын және мәртебесін қалыптастыру

Маршрутын жасау

Шығатын құжаттың мәртебелерін көрсету

Орындалу мәртебелерін көрсету

5

Орындау мерзімдері

10 жұмыс күні

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

7

8

9

10

11


3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

11

12

13

14

15

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО-ның қызметкері

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ/ЭӨШ

ЭҮП

ХҚО АЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығу құжатын жасау. Құжатқа қол қою

Шығу құжатын тіркеу. ЖАО-дан қол қойылған шығу құжатын қалыптастыру

Шығу құжатымен берілген хабарлама маршрутын жасау

Шығу құжатын көру мүмкіндігін бере отыра, қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны көрсету

Қызметкөрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қол қойылып шыққан құжат

Шығу құжатымен берілген хабарламаны жіберу

Маршрут жасау

Шығу құжатын көрсету

"Орындалғандар" мәртебесін көрсету

5

Орындау мерзімдері

5 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

12

13

14

15

-

      Ескерту:
      Осы кестеде аяқталу нысандары, орындау мерзімдері және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің технологиялық тізбегінде келесі іс-қимылдардың нөмірлерін көрсете отыра, ЭҮП, АЖ және барлық ҚФБ іс-қимылдарының (функциялары, процедуралары, операциялары) әрекеттері көрсетіледі.
      Осы регламенттің 1-қосымшасындағы кестенің негізінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы құрылады.

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша               

ЭҮП арқылы "ішінара автоматтандырылған" электрондық
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы

      Шартты белгілер:

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша               

ЭҮП арқылы "ішінара автоматтандырылған" электрондық
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы

      Шартты белгілер:

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша               

ЭҮП арқылы "ішінара автоматтандырылған" электрондық
мемлекеттің қызметтерді көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы

      Шартты белгілер:

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
5-қосымша               

Электрондық мемлекеттік қызметке өтініш беру

                                    Ішкі саясат басқармасының бастығы
                                    _________________________________
                                                  (ТАӘ)

Өтініш

Шетелдік баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама беруіңізді сұраймын:

Таратушының атауы: __________________________________________________
Меншік иесі: ________________________________________________________
                  (атауы, шетелдік баспасөз басылымы меншік иесінің
                      атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, мекенжайы)

Таратушының мекенжайы: ____________________________
Таратушының телефоны: _____________________________
Бас редактордың (өкілдің)Т.А.Ә.:___________________

Облыс, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдікмерзімді баспа басылымының таралу аумағы

Шетелдік мерзімді баспа басылымының таралу тілі, тілдері

Мерзімділігі

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының негізгі тақырыптық бағыты

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының саны, данасы

1.







2.







      Қосымшалар:
      Таратушының ТАӘ _________________________________________

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
6-қосымша               

Электрондық мемлекеттік қызметке арналған шығу құжатының нысаны Ішкі саясат басқармасы

№ _________ АНЫҚТАМА
Облыстың, қаланың аумағында таратылатын шетелдік
мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы

Осы шетелдік мерзімді баспа басылымдарын таратуға келісім беру туралы анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" (бұдан әрі – Қағида) № 843 қаулысына сәйкес ____________________________________________________ берілді
      (таратушының атауы және оның ұйымдық-құқықтық нысаны)

Облыстың, қаланың, ауданың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдікмерзімді баспа басылымының таралу аумағы

Шетелдік мерзімді баспа басылымының таралу тілі,тілдері

Мерзімділігі

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының негізгі тақырыптық бағыты

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының саны, данасы

1.







2.







      Анықтаманың әрекет ету мерзімі – 201__ жылғы 31 желтоқсанға дейін
      Ішкі саясат басқармасының бастығы __________________________
                                                   (ТАӘ)

Шығу құжатының нысаны (бас тарту)
Шетелдік мерзімді баспа басылымын есепке алудан бас тарту
______________________________________________________
(таратушыға анықтаманы берген жергілікті
атқарушы органның атауы)

      1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттар ұсынылмағанда;
      2) құжаттарда көрсетілген ақпарат толық және нақты көрсетілмегенде;
      3) шетелдік мерзімді баспа басылымында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, тектік, ұлттық және рулық, діни, нәсілдік және рулық басымдықты, қатігездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауды және үгіттеуді қамтитын материал болғанда;
      4) таратушыға қатысты оның қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салған соттың шешімі бар болғанда;
      5) шетелдік мерзімді баспа басылымының өніміне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы соттың шешімі бар болғанда.

      Осыған байланысты мыналарды тіркеуге қою мүмкін емес.

Облыстың, қаланың, аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдікмерзімді баспа басылымының таралу аумағы

Шетелдік мерзімді баспа басылымының таралу тілі,тілдері

Мерзімділігі

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының негізгі тақырыптық бағыты

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының саны, данасы

1.







2.







      Ішкі саясат басқармасының бастығы __________________________
                                                   (ТАӘ)

Шығу құжатының нысаны (құрамдастырылған жауап) Ішкі саясат басқармасы № _________АНЫҚТАМА Облыстың, қаланың аумағында таратылатын шетелдік
мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы

Осы шетелдік мерзімді баспа басылымдарын таратуға келісім беру туралы анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" (бұдан әрі – Қағида) № 843 қаулысына сәйкес ____________________________________________________ берілді:
       (таратушының атауы және оның ұйымдық-құқықтық нысаны)

Облыстың, қаланың, аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдікмерзімді баспа басылымының таралу аумағы

Шетелдік мерзімді баспа басылымының таралу тілі, тілдері

Мерзімділігі

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының негізгі тақырыптық бағыты

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының саны, данасы

1.







2.







Шетелдік мерзімді баспа басылымын есепке алудан бас тарту

Облыстың, қаланың, аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдікмерзімді баспа басылымының таралу аумағы

Шетелдік мерзімді баспа басылымының таралу тілі, тілдері

Мерзімділігі

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының негізгі тақырыптық бағыты

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымының саны, данасы

1.







2.







      1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттар ұсынылмаған;
      2) құжаттарда көрсетілген ақпарат толық және нақты көрсетілмеген жағдайда;
      3) шетелдік мерзімді баспа басылымында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, тектік, ұлттық және рулық, діни, нәсілдік және рулық басымдықты, қатігездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауды және үгіттеуді қамтитын материалдар бар болғанда;
      4) таратушыға қатысты оның қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салған соттың шешімі бар болғанда;
      5) шетелдік мерзімді баспа басылымының өніміне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы соттың шешімі бар болғанда тіркеуге қою мүмкін емес.

Анықтаманың жарамдылық мерзімі – 201__ жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ішкі саясат басқармасының бастығы __________________________
                                              (ТАӘ)

"Облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 
есепке алу туралы" электрондық    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
7-қосымша               

"Электрондық мемлекеттік қызметтерінің "сапа" және
"қолжетімділік" көрсеткіштерін анықтауға арналған
сауалнаманың нысаны"
____________________________________________________
(қызмет атауы)

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

      2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады