"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы N 382/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 ақпанда N 3408 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі N 129/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 24.04.2014 N 129/4 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы "Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 485 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                      Е. Арын

Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
N 382/12 қаулысымен   
бекітілді       

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және
үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
      аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
      аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, өз құзыретi шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
      басқарма - "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      тұтынушы - бiрегей тұқымдар өндіруші немесе элиталық-тұқым өсiру шаруашылығы, немесе тұқым өсiру шаруашылығы, немесе тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға;
      сараптамалық комиссия – кемінде бес адамнан тұратын сандық құраммен (комиссия төрағасы және төрт мүшесі) басқарма бұйрығымен құрылатын комиссия;
      жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыс әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – облыс әкімдігі);
      құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – Бірліктер).

2. Жалпы ережелер

      2. "Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк қызмет) жергілікті атқарушы орган атынан басқарма көрсетеді.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы "Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 485 қаулысымен бекітілген "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта аттестаттау туралы куәлiк беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелдi бас тарту көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібіне талаптар

      6. Мемлекеттiк қызметтi Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61-мекенжайы бойынша орналасқан басқарма демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетедi. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет ресурсынан, мемлекеттік қызметті көрсету орындарындағы стендтерден, сондай-ақ басқармаға хабарласып, 8 (7182) 32-99-91 телефон бойынша алуға болады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызметтiң нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдері:
      1-кезең – басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманының тұтынушы құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, қолхат беруі және оларды басқарма бастығының қарауына беруі;
      2-кезең – басқарма бастығының жауапты орындаушыны анықтауы;
      3-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының өтініш берген сәттен бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі, тұтынушының құжаттарын сараптау комиссиясының қарауына жолдауы. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды әзірлеу;
      4-кезең – сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін жер-жерлерге бару және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 1393 қаулысымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру актісін құрастыру арқылы анықтауы, шешімді хаттама ретінде рәсімдеуі;
      5-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеуі және облыс әкімдігінің қарауына шығаруы, немесе аттестаттау туралы куәлікті беруден дәлелді жазбаша бас тарту жобасын әзірлеуі;
      6-кезең – облыс әкімдігінің тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы қаулысын қабылдауы;
      7-кезең – облыс әкімдігінің тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы қаулысы негізінде басқарма бастығының аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуға қол қоюы;
      8-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды беруі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттер
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы Стандарттың 11 - тармағында көрсетілген құжаттарды басқармаға тапсырады.
      12. Басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды, кіріс хат-хабар журналында тіркейді, төмендегілерді:
      1) құжаттарды қабылдау күнi мен нөмiрiн;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнiн (уақытын) және құжаттар берiлетiн орнын;
      5) басқарманың өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғасының тегi, аты, әкесiнiң атын көрсете отырып, тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      Тұтынушының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесіне келесі ҚФБ қатысады:
      1) басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы;
      2) басқарма бастығы;
      3) басқарманың жауапты орындаушысы;
      4) сараптау комиссиясы;
      5) облыс әкімдігі.
      14. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара байланысы және кезектілігінің мәтінді кестелі сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауап береді.

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi
және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау"  
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 
1-қосымша                

1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1

Әрекет (жұмыс барысының, ағымының) N

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Бірліктің атауы

1 - бірлік басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы

2 - бірлік басқарма бастығы

3 - бірлік басқарманың жауапты орындаушысы

4 - бірлік сараптау комиссиясы

3 - бірлік басқарманың жауапты орындаушысы

5 - бірлік облыс әкімдігі

2 - бірлік басқарма бастығы

1 - бірлік басқарманың жауапты орындаушысы

3

Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операциясының) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының құжаттарын қабылдау, тіркеу, қолхат беру және оларды басқарма бастығының қарауына беру

Жауапты орындаушыны анықтау

Өтініш берген сәттен бастап екі күн ішінде, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, сараптау комиссиясының қарауына жолдау. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды әзірлеу

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, жер-жерлерге бару және тексеру актісін құрастыру арқылы тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауы, шешімді хаттама ретінде ресімдеу

Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеуі және облыс әкімдігінің қарауына шығаруы немесе аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту жобасын әзірлеу

Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы қаулысын қабылдау

Облыс әкімдігінің қаулысы негізінде басқарма бастығының аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуға қол қоюы. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуға, өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қою

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Бұрыштама қою үшін құжаттарды басқарма бастығына жолдау

Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға беру

Құжаттарды сараптау комиссиясына беру немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды басқарма бастығына қол қоюға жолдау

Сараптау комиссиясының шешімі (отырыс хаттамасы)

Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы қаулыны облыс әкімдігінің қарауына шығару немесе аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды басқарма бастығына қол қоюға жолдау

Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау

Қол қойылған аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды басқарманың жауапты орындаушысына жолдау

Аттестаттау туралы куәліктерді тіркеу журналында тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды беру туралы белгі қою

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау - 30 минуттан артық емес)

1 жұмыс күні ішінде

Өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде

3 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

30 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7

-

-

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағымы)
1-бірлік 2-бірлік 3-бірлік 4-бірлік 5-бірлік

Н - 1 әрекет
Тұтынушының құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма бастығының қарауына беру

Н - 2 әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау

Н - 3 әрекет
Тұтынушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру және оларды сараптау комиссиясының қарауына жолдау

Н - 4 әрекет
Сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, жер-жерлерге бару және тексеру актісін құрастыру арқылы тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауы, шешімді хаттама ретінде рәсімдеуі

Н-6 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау


Н - 8 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікке қол қою

Н - 5 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және оны облыс әкімдігінің қарауына шығару


Н - 7 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы қаулыны қабылдау



Н-9 әрекет
Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті беру



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті процесс

Альтернативті процесс (жұмыстың барысы, ағымы) немесе кеңейту
1-бірлік 2-бірлік 3-бірлік 4-бірлік

А-1 әрекет
Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу және оларды басқарма бастығының қарауына беру

А-2 әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау

А-3 әрекет
Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, сараптау комиссиясының қарауына жолдау. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды әзірлеу, басқарма бастығының оған қол қоюы және өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тұтынушыға беру

А-4 әрекет
Сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, жер-жерге бару және тексеру актісін құрастыру арқылы тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауы, шешімді хаттама түрінде рәсімдеуі


А-6 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуға қол қою

А-5 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды дайындау




А-7 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды тұтынушыға ұсыну


"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi
және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау"  
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 
2-қосымша                

Негізгі процестің функционалдық өзара әрекет сызбасы

Альтернативті процесстің функционалдық өзара әрекет сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады