"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 1344/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда N 3306 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 555/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 19.06.2013 N 555/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкiмінiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екiбастұз қаласының әкiмi                  А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1344/12 қаулысымен  
БЕКІТІЛГЕН       

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" регламенті (әрі қарай – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" N 2318 қаулысына сәйкес (әрі қарай - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      Шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді Мобильді орталықтары арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Мемлекеттік қызмет "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, Екібастұз қаласы кенттері, ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарымен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.
      Сондай-ақ балама негізінде Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/2 үй мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай - орталық).
      Мобильді орталықтар Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бір елді мекенде аптасына бір рет алты сағаттан кем емес уақытта құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз тасығышта) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады.
      6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтында www.ekibastuz.gov.kz. орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет
(өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады.
      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      12. Уәкілетті орган құжат мазмұны туралы ақпараттарды сақтау,  қорғау және құпияда сақтау қажет.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:
      1) уәкілетті органның маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      14. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      15. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде және құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

2012 жылғы 5 желтоқсандағы
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің  
регламентіне N 1344/12 
1-қосымша      

N р\с Мемлекеттік мекеменің аталуы Орналасқан мекенжайы Байланыс деректері

1.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме

Екібастұз қаласы 50-летия Экибастуза к., 10 үй

(87187)754238

2.

"Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Шідерті кенті,  Ленин к., 20 үй

(87187)398552

(87187)398298

3.

"Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Солнечный кенті Конституция к., 1 үй

(87187)279447

4.

"Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Төрт-Құдық ауылы, Ленин к., 10 үй

(87184)291510

5.

"Екібастұз қаласы Ә. Марғұлан атындағы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Ә. Марғұлан атындағы ауылы Ә. Марғұлан к., 1

(87187)395373

6.

"Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Ақкөл ауылы, Строительная к., 18 үй

(87187)742083

7.

"Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Сарыкамыс ауылы

(87187)742769

8.

"Екібастұз қаласы Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Тай ауылы,
Тәуелсіздік, 33 үй

(87187)743306

9.

"Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Төртүй ауылы, Школьная к., 12 үй

(87187)743513, 743511

10.

"Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Бәйет ауылы, Ғ. Токтар к., 1а үй

(87187)397118

11.

"Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Шиқылдак ауылы, Школьная к.

(87187)745075

12.

"Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Қоянды ауылы, Ленин к., 56 үй

(87187)741237

13.

"Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Құлакөл ауылы Орталық к., 116 үй

(87187)744765

14.

"Екібастұз қаласы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Қарасу ауылы

(871842)96735

15.

"Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

Құдайкөл ауылы

(87187)744350

16.

"Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Екібастұз қаласының филиалы, Республикалық мемлекеттік мекеме

Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп к., 92/2 үй

(87187)776693

2012 жылғы 5 желтоқсандағы
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің  
регламентіне N 1344/12 
2-қосымша      

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы

N р/с Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1.

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

4

2.

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің  атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

3.

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтінішті тіркеу, шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексеру

Анықтаманы толтыру немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және  қол қоюға жіберу

Анықтамаға немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Шығыс құжат айналымы журналына тіркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Құжаттарды бақылдау туралы қолхат

Анықтама немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5.

Орындалу мерзімдері

10 минуттан аспайды

1 жұмыс күн ішінде

1 жұмыс күн ішінде

10 минуттан аспайды


Орындалу мерзімдері

1 жұмыс күн ішінде

1 жұмыс күн ішінде


Келесі әрекеттің нөмірі

2 баған

3 баған

4 баған


2012 жылғы 5 желтоқсандағы
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің  
регламентіне N 1344/12 
3-қосымша      

Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы
анықтама беру үдерісінің сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады