Железинка ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша регламент белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 30-5/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 шілдеде N 12-6-146 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 79-5/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 20.12.2012 N 79-5/9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін және орындарын қосымша регламенттеу туралы ұсынысы негізінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железинка аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       Т. Сагандыков

      Железинка аудандық
      мәслихат хатшысы                           В. Крутиков

Железинка аудандық мәслихатының  
V шақырылымның кезектен тыс V сессиясы
2012 жылғы 22 маусым N 30-5/5 шешіміне
қосымша           

Железинка ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар

N Елді мекен атауы Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар
1. Ақтау селолық округі

1.1.

Березовка селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

1.2

Жолтаптық селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

2. Алакөл селолық округі

2.1.

Алакөл селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

3. Башмачин селолық округі

3.1.

Башмачное селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

3.2.

Абай селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

3.3.

Береговой селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

3.4.

Кузьмино селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

4. Уәлиханов селолық округі

4.1.

Уәлихан селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

5. Веселорощин селолық округі

5.1.

Веселая роща селосы

Селолық Мәдениет үйі алдындағы аумақ

5.2.

Дюсеке селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

5.3.

Жанабірлік селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

5.4.

Славяновка селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

6. Енбекші селолық округі

6.1.

Енбекші селосы

Данқ ескерткіші алдындағы алаң

6.2.

Обозное селосы

Бұрынғы мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

7. Железин селолық округі

7.1.

Железинка селосы

Жеңіс Паркі

7.2.

Аққайын селосы

Селолық клуб алдындағы аумақ

7.3.

Захаровка селосы

Селолық клуб алдындағы аумақ

7.5.

Моисеевка селосы

Дәрігерлік пункт ғимаратының алдындағы аумақ

7.6.

Пятирыжск селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

8. Қазақстан селолық округі

8.1.

Жаңа жұлдыз селосы

Стадион аймағы

8.2.

Екішоқ селосы

Селолық клуб алдындағы аумақ

8.3.

Есқара селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

9. Лесной селолық округі

9.1.

Лесной селосы

Абай және Мира көшелері арасындағы аумақ

9.2.

Крупское селосы

Крупский негізгі мектебі ғимаратына қарсы аумақ

9.3.

Октябрьское селосы

Бұрынғы Октябрь негізгі мектебі ғимаратына қарсы тұрған аумақ

9.4.

Раздельное селосы

Раздельный бастауыш мектебі ғимаратына қарсы тұрған аумақ

10. Михайлов селолық округі

10.1.

Михайловка селосы

"Танес" дүкені қасындағы аумақ

10.2.

Благодатное селосы

Бұрынғы мектеп ғимаратына жатқан аумақ

10.3.

Красновка селосы

КХ "Мако" дүкені қасындағы аумақ

10.4.

Мынкөл селосы

"Гудок" дүкені алдындағы аумақ

10.5.

Петропавловка селосы

"Галина" дүкені қасындағы аумақ

11. Новомир селолық округі

11.1.

Церковное селосы

Селолық Мәдениет үйіне жататын аймақ

12. Озерный селолық округі

12.1.

Озерное селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

12.2.

Жанабет селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

12.3.

Джамбұл селосы

Мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

13. Прииртышск селолық округі

13.1.

Прииртышск селосы

Стадион аумағы

13.2.

Безводное селосы

Бұрынғы мектеп ғимаратының алдындағы аумақ

13.3.

Груздевка селосы

Груздевка бастауыш мектебінің алдындағы аумақ

13.4.

Степное селосы

Медициналық пункт алдындағы аумақ

13.5.

Урлютюб селосы

В.И.Ленинге барған И.Д.Путинцевтың атындағы парк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады