2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 1/209 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 сәуірде N 927 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы N 1/57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 31.01.2013 N 1/57 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыруға және әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтауға қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарының әкімдері азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде:
      1) Алматы қаласының аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы әскерге шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларын саны 10 (он) бірліктен техникалық қызметкерлермен, әскерге жататын азаматтарды хабарлау үшін 1 (бір) бірлік автокөлікпен және әскерге шақыру комиссиясы хатшысының жұмысы үшін есептеуіш техникалар құралдарымен қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулының 10 тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде:
      1) Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2008 жылғы 25 қарашадағы № 102 «Алматы қаласы Алатау ауданының азаматтарын уақытша әскери есепке алуды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында тұратын азаматтарды Алматы қаласы Әуезов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы әскерге шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) Алматы қаласы Әуезов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасын жалпы саны 10 (он) бірлікті құрайтын техникалық қызметкерлермен, әскерге шақырылуға жататын азаматтарды хабардар ету үшін 1 (бір) бірлік автокөлікпен және әскерге шақыру комиссиясы хатшысының жұмысы үшін есептеуіш техникалар құралдарымен қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулының 10 тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жиналу пунктін:
      1) әскери билеттерді толтыру үшін техникалық қызметкерлермен – 4 бірлік;
      2) әскерге шақырылушылардың тамақтануын ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін іссапарға жіберілетін қызмет көрсетуші персоналдармен – 4 бірлік қамтамасыз етсін.
      5. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы:
      1) азаматтарды әскери қызметке шақыру және әскери оқу орындарына түсу кезінде оларды медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылушыларды медициналық комиссиялардың жолдамалары бойынша тегін амбулаториялық және стационарлық тексеруден уақытылы өткізуді, сондай-ақ емдеуді қамтамасыз етсін;
      3) медициналық комиссияларға амбулаториялық науқастың медициналық карталарын және жасөспірімнің медициналық картаға жасалған қосымша парағын, стационарлық науқастың медициналық картасынан алынған үзінді көшірмені және қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттарды беруді қамтамасыз етсін;
      4) медициналық комиссияларды дәрі-дәрмектермен, медициналық аспаптармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша) төмендегідей ұсынымдар жасалсын:
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталғанға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған әскерге шақырылушылардың тізімін беру;
      2) аудандық ішкі істер басқармаларында әскери қызметке шақырудан жалтарушыларды іздестіру және ұстау жөніндегі жұмылдыру топтарын құру;
      3) әскери қызметке шақырудан жалтарушыларды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери бөлімшелерге жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету.
      7. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жиналу пунктінде әскерге шақырылғандар арасында жаппай спорттық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      8. Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (келісім бойынша) төмендегідей ұсынымдар жасалсын:
      1) әскерге шақырылушылардан әскери командалар жасақтау;
      2) тамақтану пунктін, буфет ашу;
      3) әскери командаларды қабылдауға және оларға еріп жүруге келген әскери бөлімшелердің өкілдеріне командаларды беру;
      4) әскери командаларды белгіленген жерге дейінгі жүретін жолға қажетті мүлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету;
      5) командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына жөнелтуді ұйымдастыру;
      6) осы қаулының орындалуы туралы Алматы қаласының әкімдігіне 2012 жылғы 15 шілдеде және 2013 жылғы 15 қаңтарда ақпарат беру.
      9. Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әскери міндеттілік пен әскери қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы орындауды ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен байланысты шараларды қаржыландырсын.
      10. Әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, шақыру учаскелеріндегі және қалалық жиналу пунктіндегі жұмысқа іссапарға жіберілген қызметкерлерге қызмет көрсетуші тұлғалардың осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы және жалақысы сақталады.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                    А. Есімов

Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление Акимата города Алматы от 27 марта 2012 года N 1/209. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 9 апреля 2012 года за N 927. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 31 января 2013 года № 1/57

      Сноска. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 31.01.2013 № 1/57.

      Во исполнение Законов Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих»Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать призыв на срочную воинскую службу граждан в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, в количестве, необходимом для комплектования Вооруженных сил, других войск и воинских формирований в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года.
      2. Акимам Алмалинского, Ауэзовского, Бостандыкского, Жетысуского, Медеуского, Турксибского районов города Алматы на период призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года:
      1) организовать и обеспечить призыв через районные Управления по делам обороны города Алматы;
      2) обеспечить районные Управления по делам обороны Алмалинского, Ауэзовского, Бостандыкского, Жетысуского, Медеуского, Турксибского районов города Алматы в количестве по 10 единиц техническими работниками, по 1 единице автомобильного транспорта для оповещения граждан, подлежащих призыву, и средства вычислительной техники для работы секретаря призывной комиссии;
      3) обеспечить исполнение пункта 10 настоящего постановления.
      3. Акиму Алатауского района города Алматы на период призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года:
      1) организовать и обеспечить в соответствии с приказом начальника Департамента по делам обороны города Алматы от 25 ноября 2008 года № 102 «Об организации временного воинского учета граждан Алатауского района города Алматы» призыв граждан, проживающих на территории Алатауского района города Алматы, через Управление по делам обороны Ауэзовского района;
      2) обеспечить Управление по делам обороны Ауэзовского района техническими работниками в количестве 10 единиц, автомобильным транспортом для оповещения граждан, подлежащих призыву – 1 единица и средства вычислительной техники для работы секретаря призывной комиссии;
      3) обеспечить исполнение пункта 10 настоящего постановления.
      4. Акиму Турксибского района города Алматы на период призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года обеспечить городской сборный пункт Департамента по делам обороны города Алматы:
      1) техническими работниками для выписки военных билетов – 4 единицы;
      2) лицами обслуживающего персонала, командируемыми для организации и обеспечения питания призывников – 4 единицы.
      5. Управлению здравоохранения города Алматы:
      1) обеспечить проведение медицинского освидетельствования граждан при призыве их на воинскую службу и граждан, поступающих в военные учебные заведения;
      2) обеспечить своевременное бесплатное амбулаторное и стационарное обследование, а также лечение призывников по направлениям медицинских комиссий;
      3) обеспечить передачу медицинским комиссиям медицинских карт амбулаторного больного и вкладной лист подростка к медицинской карте, выписки из медицинских карт стационарного больного, и иные медицинские документы, характеризующие состояние здоровья граждан, в соответствии с действующим законодательством;
      4) обеспечить медицинские комиссии медикаментами, инструментарием и медицинским имуществом.
      6. Рекомендовать Департаменту внутренних дел города Алматы (по согласованию):
      1) передать до начала призыва граждан на срочную воинскую службу в районные управления по делам обороны списки призывников, привлекавшихся к уголовной ответственности, состоящих на профилактическом учете в органах внутренних дел;
      2) создать в районных управлениях внутренних дел мобильные группы по розыску и задержанию лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу;
      3) обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу, а также охрану общественного порядка при отправке и убытии призывников в воинские части.
      7. Управлению физической культуры и спорта города Алматы организовать спортивно-массовую работу среди призывников на городском сборном пункте Департамента по делам обороны города Алматы.
      8. Рекомендовать Департаменту по делам обороны города Алматы (по согласованию):
      1) сформировать воинские команды призывниками;
      2) организовать пункт питания, буфет;
      3) передать команды представителям воинских частей, прибывшим для приема и сопровождения воинских команд;
      4) обеспечить воинские команды необходимым имуществом и питанием на путь следования до места назначения;
      5) организовать отправку команд в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан;
      6) о выполнении настоящего постановления проинформировать акимат города Алматы к 15 июля 2012 года и к 15 января 2013 года.
      9. Управлению по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий города Алматы производить финансирование мероприятий, связанных с организацией и обеспечением исполнения законодательства по вопросам воинской обязанности и воинской службы, в пределах средств, выделенных для этих целей.
      10. За членами призывных комиссий, медицинскими, техническими работниками, а также лицами обслуживающего персонала, командируемыми для работы на призывных участках и городском сборном пункте, на время исполнения этих обязанностей сохраняются место работы, занимаемая должность и заработная плата.
      11. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Алматы М. Мукашева.
      12. Настоящее постановление вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы              А. Есимов