"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 мамырда N 13-1-219 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне (№ 13-1-161 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244) «Қызылжар нұры» газетінің, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) «Проспект-СК» газетінің сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімінің преамбуласы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      1. «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес».
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының               Қалалық мәслихат
      төрағасы                                   хатшысы
      А. Филипенко                               Л. Жолмұқанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады