"Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Ақжар аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 маусымдағы N 32-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы N 5-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қыркүйекте N 1821 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы N 20-1 шешімі

       Ескерту. Күші жойылды -  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 29.01.2014 N 20-1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы № 32-3 аудандық мәслихат шешіміне (Құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінде 2011 жылғы 18 шілдедегі № 13-4-125 тіркелген, және 2011 жылғы 6 тамызда «Дала-дидары» № 32 газетінде және 2011 жылғы 6 тамызда «Ақжар-хабар» № 32 газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      2 тармақ:
      келесі мазмұнды 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесі қосымшаға сәйкес анықталсын»
      2.Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Ақжар аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы                              А.Тәжмиева

      Ақжар аудандық
      мәслихат хатшысы                                М. Жұмабаев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      2012 жылғы 8 тамыздағы

      «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                 С. Мұқалықова

      «Ақжар ауданының экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                         Р.Жүнісова

Ақжар аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 5-3 шешіміне қосымша

Ақжар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші (одан әрі өтініш иесі);
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе олардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға, «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері», үш дәрежелі Даңқы орденінің кавалері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалері атағына ие болған, Чернобыль атом электростанциясында 1988-1989 жылда болған апат зардаптарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларды қоса, тұлғалардың куәлігінің көшірмесі;
      зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
      өтініш иесінің жеке шотының көшірмесі;
      салық төлеуші нөмірінің көшірмесі;
      мүгедектің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      әлеуметтік көмек көрсетілгенде мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі мен санаторлық-курорттық картасы;
      медициналық оқу мекемесінің жолдауының көшірмесі;
      әлеуметтік көмек көрсетілгенде тіс протездеуге көрсетілген қызметтердің құны туралы медициналық мекеменің шот-фактурасы;
      Чернобыль атом электростанциясында 1988-1989 жылда болған апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдардың қатарынан, Қазақстан Республикасына иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларға қорғаныс жөніңдегі бөлімінен анықтама;
      АХАТ бөлімінен анықтама;
      отбасының құрамы туралы анықтама;
      отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет;
      білім туралы құжатының көшірмесі;
      кешенді тестілеу қорытындысының белгіленген үлгісінің сертификаты;
      оқу мекемесімен оқыту құны туралы шарт;
      жұмыс орнынан анықтама;
      2. Құжаттар толық қабылданған күні құжаттардың түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырылып, іске түзіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады