Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландырылуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 2012 жылғы 29 қарашадағы N 28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда N 2007 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 02-06\05-07/241 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 01.04.2013 N 02-06\05-07/241 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақырту учаскесіне 2013 жылғы қаңтар–наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Бубенко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.М. Кеженев
      2012 жылғы 29 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады