2013 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы N 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда N 1999 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2013 жылғы 8 қазандағы N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 08.10.2013 N 17 шешімімен

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
      1. 2013 жылғы қаңтарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы рет жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының әкімі                     Қ. Қалиев

      Келісілді:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Дүйсекин
      11 желтоқсан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады