Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландырылуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда N 2009 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 16 қазандағы N 02.10-07-02-1163 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 16.10.2013 N 02.10-07-02-1163 хаты)

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Николай Николаевич Трифоновқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И. Турков

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының
      қорғаныс істер жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е. Мұсақұлов
      2012 жылғы 5 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады