Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы N 937 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2099 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1, 2-Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының басшысы У.Б. Бейсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер Департаменті
      Тайынша ауданы ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы А. Тастеміров
      2012 жылғы 25 желтоқсан

  Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
25 желтоқсандағы № 937 қаулысына
1-қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандырудың түрлері

      1. Тайынша ауданы әкімінің құрмет грамотасы;

      2. Тайынша ауданы әкімінің алғыс хаты;

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылдың "25" желтоқсанындағы № 937 қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 12.09.2019 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссиясымен қарастырылады (одан әрі – Комиссия).

      2. Қоғамдық тәртіпті қорғауды белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияға қарастыру үшін "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысы Полиция департаментiнің Тайынша ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Тайынша ауданының ПБ) енгізіледі.

      3. Комиссиямен қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеудің түрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермелеушімен қосқан үлесін ескере отырып, Комиссиямен белгіленеді.

      5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Тайынша ауданының ПБ салтанатты түрде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады