Шал ақын ауданының аумағында 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2012 жылғы 29 қарашадағы N 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда N 2001 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 маусымдағы N 15.1.5-11/314 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 12.06.2015 N 15.1.5-11/314 хаты).
      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Зина Сапуанқызы Байғаскинаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Исин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жыл 29 қараша
Р. Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады