2013 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 11/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2081 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 25 тамыздағы N 15.2.02-04/188 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты аппаратының 25.08.2015 N 15.2.02-04/188 хаты).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілігін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
      2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын Аудандық
мәслихатының ХІ сессиясының
төрағасы
С. Тасмағанбетов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын аудан
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Шал ақын ауданының
ауылшаруашылығы және
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жылғы 20 желтоқсан
А. Пашковский
      "Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
2012 жылғы 20 желтоқсан
Е. Андреева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады