Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 950 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 маусымда № 4-1-164 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабының 3 тармағы 1) тармақшасына, 19 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 20, 21, 30, 30-А, 59, 65 маршруттары бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифі - 80 (сексен) теңге болып белгіленсін.
      Қала маңының № 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 62, 64 маршруттары бойынша белгіленген тарифке қосымша 20 (жиырма) теңге мөлшерінде тариф белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 11.09.2012 № 1727; 27.11.2015 № 2103 қаулыларымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.И. Нұрлығожиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 шілдеде туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
      Қала әкімі А.А. Керімов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау қалалық мәслихатының
      2012 жылғы 16 мамырдағы № 44 шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады