Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 3-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 маусымда № 4-2-176 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 ақпандағы № 10-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013.02.07 № 10-12 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 11 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т. Қыдырбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      III сессиясының төрағасы:                  Б. Сұлтанов

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 М. Кенғанов

Аудандық мәслихаттың 
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 3-4 шешіміне қосымша

Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жылыой ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын–үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын–үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерiнің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысына төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне 5 пайызбен қатынасы болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
      3. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үй (пәтерi, үй) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлік нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Барлық санаттағы мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтағы, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекен жай анықтамасын не селолық және /немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      7) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум обьектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      10) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшiрмелердi құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткiзгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үйдi тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешiм қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      7. Бiр айға бiр отбасына тұрғын үй көмегiн есептегенде келесi нормалар қабылданады:
      1) электроэнергияны тұтыну 1 адамға – 90 кВт/сағат;
      2-5 адамға - 350 кВт/сағат;
      5 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 600 кВт/сағат.
      8. Коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiнiң тарифтерiн және нормаларын қызмет берушiлер ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      9. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" негізінде жүзеге асырылады.

4. Қаржыландыру және төлеу

      10. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      11. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады