Исатай аудандық мәслихатының № 9 сайлау округі бойынша үміткер депутаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орынды белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 169 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 қазанда № 2622 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013.02.11 № 37 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 20 тамыздағы "Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы" шешіміне сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудандық әкімдікҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Исатай аудандық мәслихатының № 9 сайлау округі бойынша үміткер депутаттардың үгіттік материалдарын орналастыруға арналған орын белгіленсін:
      Жанбай селолық округі, Жанбай селосы, З. Құрасұлы көшесінің бойында орналасқан тақта.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. "Исатай ауданы әкімінің аппараты" ММ осы қаулының интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      Исатай ауданының әкімі                     Ж. Ахметов

Келісілді:
      Исатай аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы:                    Р. Карабалина
      2012 жылғы 14 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады