"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/81-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда № 2207 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 326-нөмірімен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 94- нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы»;
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «1. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін»;
      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары»;
      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Қуашбаев

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады