2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 60 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 14-11-185 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 16 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013.01.04 № 16 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Ж.Әлсеитов

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 60 қаулысымен бекітілген

      2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері және қаржыландыру көздері

Р/с

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1
 

Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты

көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау

533

806370 шаршы метр

аудандық бюджет

мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату

31

18000 дана

аудандық бюджет

2

Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі

Қарулы Күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

6

24 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

3

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы

жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)

27

Сарыағаш қаласы, Көктерек поселкесі және Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Құркелес, Жарты төбе, Қапланбек, Жібек жолы, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Тегісшіл ауылдық округтерінің аумағында

аудандық бюджет

мұрағат құжаттары мен тiзiмдердi құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

5

4000 дана

аудандық бюджет

4

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімі

жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)

25

Абай ауылы мен Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Бірлік, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік, Қошқарата, Ошақты, Ұшқын ауылдық округтерінің аумағында

аудандық бюджет

мұрағат құжаттары мен тiзiмдердi құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу

3

1800 дана

аудандық бюджет

      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады