2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 ақпандағы N 16 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 ақпанда N 14-15-131 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 03-228 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 03-228 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      Шардара ауданы әкімдігінің
      2012 жылғы 18 қаңтардағы
      № 16 қаулысымен бекітілген

       2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері, көлемі және қаржыландыру көздері 

қ/с

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

«Шардара қаласы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі, ауыл округтері әкімдерінің аппараттары Мемлекеттік мекемелері, «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

295

Іс-қағаздарын жүргізу-3000 іс, ауылшаруашылық жұмыстарына қатысу, қаланы, ауылдарды, елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру - 50000 шаршы метр

Аудандық бюджет

2

«Шардара ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

60

Іс-қағаздарын жүргізу-1400 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары - 10000 шаршы метр

Аудандық бюджет

3

«Шардара аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

45

Іс-қағаздарын жүргізу-500 іс, шегірткеге және өртке қарсы күрес жұмыстары-6000 гектар жер

Аудандық бюджет

4

«Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық соты» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аумақтық сот орындаушылар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

45

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 1000 іс, қоғамдық тәртіпті сақтау-10 ауылдық округ, әскери қызметке шақыруға қатысты қағаздарын толтыру және тарату-2000 шақыру қағаздары

Аудандық бюджет

5

«Шардара аудандық әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» Мемлекеттік мекемесі», «Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

20

Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу, іс-қағаздарын жүргізу-2000 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру 20000 шаршы метр

Аудандық бюджет

6

«Шардара аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

10

Материалдарды топтастыруға жәрдемдесу-500 іс, аймақты көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау 5000 шаршы метр

Аудандық бюджет

7

Шардара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Өскен өңір» Шардара аудандық газеті» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

5

Іс-қағаздарын жүргізу-1400 іс

Аудандық бюджет


Барлығы

480



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады