"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 қарашадағы N 11/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 2778 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 34/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2014 N 34/5-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамыздағы № 101 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 14 тамыздағы № 100 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер уәкiлеттi органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.";
      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегiн алушылар өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға 4 тармақтың 4) - 9) тармақшаларында санамаланған құжаттарды қоса берумен тоқсан сайын өтiнiш бередi.";
      8 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына бiр рет өтiнiш берген айдан тәуелсiз тоқсанға тағайындалады.";
      12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
      Жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде) тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін нақты шығындар бойынша есептеледі. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үй үшін есептеуiштiң құнын төлеуге шығыстар өтiнiш берген айдың алдындағы соңғы 12 ай ішіндегі нақты шығындар бойынша есептеледі.";
      18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
      19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 9 % мөлшерiнде белгiленедi.";
      21 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге – 120 кВт, теплофондар арқылы жылытылатын жеке тұрғын үйлер үшiн – бiр үйге 4200 кВт;".
      2. Осы шешімнің 1-тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн сегiзiншi, он үшінші, он төртінші, жиырма бірінші абзацтарын және осы шешімнің 1-тармағының он бiрiншi, жиырма үшінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерiн қоспағанда, осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Абакумов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады