Глубокое ауданының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 161 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 12 сәуірде N 5-9-167 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 1372-02-11 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое ауданының әкімі аппаратының 28.03.2013 N 1372-02-11 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 2731-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 12 наурызындағы № 326 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар сондай ақ оқу орындарынан шығарылған,жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтардың «Глубокое ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Т. Чункунов) бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. «Глубокое ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директорына (К.Р. Беделманов) ұсынылсын:
      1) әскерге шақыру медициналық комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақтасын;
      2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың тексерілуін, мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды қабылдауды, оларды емдеу және тексерілуін бақылауға алсын.
      4. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (К.Т. Синиязов) қамтамасыз ету ұсынылсын:
      1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізілуін;
      2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақталуын.
      5. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Асамбаевқа жүктелсін.
      7. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Глубокое ауданының әкімі                   Н. Шерубаев

      Келісілген:

      «Глубокое ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін
      уақытша атқарушы                           Б. Жапаров
 
      2012 жыл 30 наурыз

      «Глубокое ауданының
      ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        К. Синиязов
 
      2012 жыл 30 наурыз

      «Глубокое ауданының
      медициналық бірлестігі»
      коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорынының директоры                    К. Беделманов
 
      2012 жыл 30 наурыз

Глубокое аудандық әкімдіктің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 161 қаулысымен
бекітілген

2012 жылдың көктемінде және күзінде 1985-1994 жылдары туылған
жасөспірімдерді алдын-ала медициналық куәландырудан өткізу
КЕСТЕСІ

№ р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Өтетін күні

2012 жылдың көктемі

2012 жылдың күзі

1

Алтайский кенті

02.04.2012 ж.

19.09.2012 ж.

2

Белоусовка кенті

05.04.,
06.04.2012 ж.

24.09.,
25.09.2012 ж.

3

Белокаменка ауылы

06.04.2012 ж.

24.09.2012 ж.

4

Бобровка ауылдық округі

04.04.2012 ж.

21.09.2012 ж.

5

Веселовка ауылдық округі

02.04.2012 ж.

19.09.2012 ж.

6

Верхнеберезовский кенті

10.04.2012 ж.

27.09.2012 ж.

7

Глубокое кенті

04.04.,09.04.,
10.04.2012 ж.

21.09.,
27.09.2012 ж.

8

Калинин ауылдық округі

13.04.2012 ж.

01.10.2012 ж.

9

Киров ауылдық округі

03.04.2012 ж.

20.09.2012 ж.

10

Кожохово ауылдық округі

16.04.2012 ж.

02.10.2012 ж.

11

Краснояр ауылдық округі

13.04.2012 ж.

01.10.2012 ж.

12

Куйбышев ауылдық округі

09.04.2012 ж.

26.09.2012 ж.

13

Малоубинка ауылдық округі

09.04.2012 ж.

26.09.2012 ж.

14

Опытное поле ауылдық округі

03.04.2012 ж.

20.09.2012 ж.

15

Секисовка ауылдық округі

09.04.2012 ж.

26.09.2012 ж.

16

Ушаново ауылдық округі

11.04.2012 ж.

27.09.2012 ж.

17

Фрунзе ауылдық округі

12.04.2012 ж.

28.09.2012 ж.

18

Черемшанка ауылдық округі

09.04.2012 ж.

26.09.2012 ж.


Қосымша күндер

18.04.,25.04.,
16.05.23.05.,
30.05.,13.06 2012 ж.

11.10.,
26.10.,14.11.,
21.11.,05.12.,
21.12.2012 ж.

      «Глубокое ауданының
      қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін
      уақытша атқарушы майор                     Б. Жапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады