Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 7-2/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қазанда N 2702 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы N 30-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 20.01.2015 N 30-1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатыныстары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулысына, "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімге қоса берiлiп отырған тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшері мен тәртібі туралы Қағида бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы Б. Булакпаев
      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы Ж.Б. Тлеуберлин

  Зайсан аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 қыркүйектегі 7-2/1
шешiмiмен бекiтiлген

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатыныстары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулысына, "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар;
      2) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      4) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      5) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
      6) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Зайсан аудандық мәслихатының 22.02.2013 № 11-2/2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Зайсан аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 21-9 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну ақысының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық кiрiстерiнiң 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi

      5. Жеке меншiгiнде бiр бiрлiктен артық тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алуға құқығы жоқ.
      6. Отбасы құрамында жұмысқа жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын, өзiн-өзi жұмыспен қамтымайтын және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген тұлғалар тұрғын үй көмегiне құқығы жоқ, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi күтiм жасайтын тұлғалар;
      3) 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтын тұлғалар;
      4) жетi жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      5) мүгедектiк тобы жоқ, фтизиатрда, наркологта және онкологта диспансерлiк есепте тұрған тұлғалар.
      Мерзімді әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi.
      Ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасының жұмыссыз мүшелерi, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейiн тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады.
      7. Тұрғын үй көмегiне үмiткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.
      8. Тұрғын үй көмегiн алушылар тоқсан сайын құжаттарын өткiзедi, бұл орайда, отбасылар (азаматтар) табыстары туралы анықтамаларды және алдындағы тоқсанда төленген коммуналдық қызмет ақыларының түбiртектерін қоса бередi.
      9. Жалғыз басты зейнеткерлердi, мүгедектердi, бiрге тұратын жалғыз басты зейнеткерлердi, бiрге тұратын зейнеткер мен мүгедектi және жалғыз тұратын ерлi-зайыпты зейнеткерлердi және мүгедектердiң отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетiм балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегiн есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен сол уақыт кезеңiне сәйкес бекiтiлген екi айлық есептiк көрсеткiшке түзетiледi (кемiтiледi).
      10. Уәкiлеттi органның шешiмi тұрғын үй көмегiн тағайындаудың негiзi болып табылады.
      11. Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - Зайсан аудандық мәслихатының 22.02.2013 № 11-2/2 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
      13. Тұрғын үй көмегiнiң негiзсiз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат уәкiлеттi органға немесе "Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалының Зайсан бөлiмiне өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекомуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
      9) алынып тасталды - Зайсан аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 21-9 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Зайсан аудандық мәслихатының 22.02.2013 № 11-2/2 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2013 № 21-9(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2014 № 23-3 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

4. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi, тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi

      15. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде келесi нормалар есепке алынады:
      1) ауданның нормалары:
      жалғыз өзі тұратын азаматтар үшiн - 30 шаршы метр;
      екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 36 шаршы метр;
      үш адамнан тұратын отбасы үшiн - 54 шаршы метр:;
      төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден, бiрақ 90 шаршы метрден аспау керек;
      2) электр қуатын тұтыну нормасы:
      жалғыз өзі тұратын азаматтар үшін - 90 киловатт;
      екі адамнан тұратын отбасы үшін- 125 киловатт;
      үш адамнан тұратын отбасы үшін-150 киловатт;
      төрт және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 50 киловаттан, бiрақ 300 киловаттан аспауы керек.

5. Өздерi жылытатын жеке тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн ұсыну тәртібі

      16. Жеке тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иелерiне, жекешелендiрiлген үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi жалдауға келiсiмшарт болғанда жылына бiр рет берiледi.
      17. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмiрдiң шығыны – 129,8 килограмм, бiрақ бiр үйге 5000 килограммнан артық емес.
      18. Көмiрдiң құнын есептеу үшiн аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегiн есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      19. Өздерi жылытатын жеке тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын көмiрдiң орнына басқа отын түрiн пайдаланатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн есептегенде көмiрдiң құнына балама есептеледi.
      20. Тұрғын үй көмегін есептегенде өздері жылытатын жеке тұрғын үйлерде (ғимараттарда) тұратын отбасылардың (азаматтардың) табысы өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанмен есептеледі.

6. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру мен төлемi

      21. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен берiледi және ақшалай төлем ретiнде тағайындалады.
      22. Тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi органдар екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады