Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 3/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 07 мамырда N 5-12-140 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 қаңтардағы N 37/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 22.01.2015 N 37/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережеде" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидада" деген сөздермен ауыстырылды - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрайымы,
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова

  Зырян ауданының
мәслихатының 2012 жылғы
10 сәуірдегі № 3/3-V
шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2012 жылдың 06 ақпанында № 7412 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзiрлендi және Зырян ауданында тұратын, аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелері

      1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын ауданның атқарушы органы;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) алынып тасталды - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Зырян ауданы мәслихатының 23.11.2012 № 11/3-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну ақысының рұқсат етiлген шектi шығын үлесi отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) алынып тасталды - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V шешімімен.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Зырян ауданы мәслихатының 23.11.2012 № 11/3-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Зырян ауданы мәслихатының 28.02.2014 № 28/2-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегі
      1) жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын);
      2) отбасында еңбекке жарамды тұлғалары бар, егерде олар жұмыс істемесе, күндізгі бөлімде оқымаса, әскер қатарында болмаса және уәкілетті органдарда органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмегендерден, басқалары:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға күтім көрсетіп отырған тұлғаларды, сексен жастан асқан тұлғаларға,
      мүгедектік тобы жоқ туберкулез, онкология, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмаған тұлғаларды,
      үш жасқа дейін баласын күтумен сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналарды;
      3) отбасы құрамында заңды некеде тұратын адам бар болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмегендердің (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемеген;
      4) ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап іс бермеген отбасыларға тағайындалмайды.
      7. Отбасының жұмыссыз мүшелері уәкілетті органмен ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      8. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар есебімен тұрғын үй көмегіне құқық орындалған жұмыс актісіне қол қойғаннан кейін алты ай ішінде сақталады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын есепшоттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі құжаттарды әр тоқсан сайын тапсырады.
      10. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша отбасына, отбасының кірісі және коммуналдық төлемдер енгізілетін келісім-арыз жасалады. Келісім-арызға отбасы өкілінің немесе отбасының атынан келіп отырған тұлғаның және уәкілетті орган өкілінің қолы қойылады.
      11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      12. Электр жүйесімен, газбен жабдықтау, тұрғын үйді (тұрғын үй- жайды) және лифттерді күту бойынша шығындар өтініш жасағанның алдыңдағы тоқсандағы, орташа тоқсанға есепшот бойынша есепке алынады. Жылумен, су құбырымен, канализациямен, қоқыс шығару, байланыс қызметтермен қамтамасыз ету қызмет берушінің тарифтері бойынша алынады.
      Телекоммуникация қызметіне абоненттік төлем тарифін көтеру үстемақысының көлемі әлеуметтік қорғалған азаматтарға 2004 жылдың қыркүйегінен әрекет ететін абоненттік төлем және әрекет ететін абоненттік төлем арасындағы айырмашылық болып анықталады.
      13. Газы жоқтарға қызмет көрсетушілердің тарифіне сәйкес газ төлемі эквиваленттік сомада, үйде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған жағдайда жылу және ыстық су ақыларының мөлшері электроэнергияға есептелген сомадан әлеуметтік нормаға сәйкес есептеледі.
      14. Зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, қамқорлықтағылар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
      15. Егер өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады.
      16. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызына дейін қабылданады.
      17. Тұрғын үй көмегін қайта алуға өтініш берсе ағымдағы тоқсанда ұсынылған құжаттардың уақытына қарамастан тоқсанға тағайындалады.
      18. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға 10 күнтізбелік күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы хабарлауы тиіс.

3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері

      19. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
      1) ауданы:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш.м,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м,
      үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м., бірақ 60 ш.м. аспауы керек;
      2) ұсынылған қызметке пайдалану шығыны (ЖПК төлемі) – 30 ш.м;
      3) айына 1 адамға газдың шығыны – 4,0 кг;
      4) электроэнергияны тұтыну, бір кісіге 90 кВт.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табыстары тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.

5. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      21. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
      22. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      23. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      24. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      25. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      26. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде отбасы сатып алған көмірдің бағасы мен мөлшерін растайтын есепшотты ұсынады.

6. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      27. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi орган екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады