2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы N 1170 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 15 маусымда N 5-12-141 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Зырян ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 07-06/59 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Зырян ауданының әкімі аппаратының 2013.01.22 N 07-06/59 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту аясында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) 50 жастан асқан тұлғалар;
      14) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
      15) АИТВ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;
      16) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
      17) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      18) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      19) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының қатысушылары;
      20) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.08.06 № 1326 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын;
      2) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал көрсетсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Қ.Ш. Ерембесовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Зырян ауданының әкімі                      Е. Сәлімов

Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2012 год

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 21 мая 2012 года N 1170. Зарегистрировано управлением юстиции Зыряновского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 15 июня 2012 года за N 5-12-141. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Зыряновского района от 22 января 2013 года № 07-06/59)

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Зыряновского района от 22.01.2013 № 07-06/59).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В целях реализации государственной политики занятости с учетом ситуации на рынке труда и обеспечения дополнительных государственных гарантий в сфере занятости, руководствуясь подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения по Зыряновскому району на 2012 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица, либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица старше 50 лет;
      14) выпускники школ, профессиональных учебных заведений;
      15) ВИЧ-инфицированные, наркозависимые граждане;
      16) студенты во время летних каникул;
      17) молодежь в возрасте до двадцати девяти лет;
      18) лица, зарегистрированные в Государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района» как безработные;
      19) участники Программы занятости 2020, завершившие профессиональное обучение по приоритетным профессиям (специальностям);
      20) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции.
       Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением акимата Зыряновского района от 06.08.2012 № 1326 (вводится в действие через  10 дней после опубликования).
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района»:
      1) принять меры по обеспечению временной занятости лиц, отнесенных к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, отнесенных к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Зыряновского района Ерембесова К.Ш.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким Зыряновского района                   Е. Салимов