Ақсу ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-109 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Ақсу ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Жаңаөлке» атауы;
      № 2 көшеге - «Әлия Молдағұлова атындағы» атауы;
      № 3 көшеге - «Абай атындағы» атауы;
      № 4 көшеге – «Тәуелсіздік» атауы;
      № 5 көшеге – «Қабдөш Бакин атындағы» атауы.
      2. Жазаба ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Орталық» атауы;
      № 2 көшеге – «Таулы» атауы;
      № 3 көшеге – «Мұхтар Әуезов атындағы» атауы.
      3. Бекалқа ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Ойман» атауы;
      № 2 көшеге – «Мектеп» атауы.
      4. Ақшарбақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Шарбақты» атауы;
      № 2 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атауы.
      5. Таулы ауылындағы атауы жоқ көшеге - «Бауыржан Момышұлы атындағы» атауы берілсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Қ. Акимгалиеваға жүктелсiн.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        М. Токбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады