Аққайнар ауылдық округі елді мекендерінің көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 13 наурызда N 5-13-119 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес Аққайнар ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Аққайнар ауылындағы Алтай көшесі - «Райхан Қоқабаев атындағы» көшеге өзгертілсін.
      2. Қызыл Жұлдыз ауылындағы Қызыл Қайың көшесі – «Әбілғали Төлесов атындағы» көшеге өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Ш. Құрмановаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 

      Ауылдық округ әкімі                         Ж. Тыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады