2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі N 2489 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде N 5-14-152 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 шілдедегі N 2594 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012.07.30 N 2594 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27283031 баптарына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. «Күршім ауданының № 1 Медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры М.Б. Блейменовқа ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
      2) әскерге шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алу;
      3) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау.
      3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Күршім ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Әбілмәжіновқа ұсынылсын:
      1) әскери қызметтен шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және Күршім аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
      2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, шақыру учаскесінде және облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданының әкімі                     А. Сеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Күршім ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім
      бастығының МУА                             С.Т. Қизатаев

      06 сәуір 2012 жыл

      Күршім ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    А.Қ. Әбілмәжінов

      06 сәуір 2012 жыл

      «Күршім ауданының
      № 1 Медициналық бірлестігі»
      коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынның
      директоры                                  М.Б. Блейменов

      06 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады