Көкпекті аудандық мәслихатының № 9 сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына үміткер депутаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қыркүйектегі N 306 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 қазанда N 2697 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы N 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013.01.16 N 15 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Көкпекті ауданы мәслихатының № 9 Казнаковка сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін:
      Казнаковка ауылындағы «Жалын» дүкенінің ғимаратының жанында;
      Көкжыра ауылындағы мектеп ғимаратының жанында;
      Мариногорка ауылындағы селолық клуб ғимаратының және мектеп ғимаратының жанында;
      Малоросийка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында;
      Московка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.А. Кемербаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауданы әкімі                               Д. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы              А. Әкімова

      2012 жылғы 07 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады