Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 3-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда N 5-16-129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 24-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 28.01.2015 N 24-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесін", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасын", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшадағы көрсетілген Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23-8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5-16-100 болып тіркелген, "Тарбағатай" газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйектегі № 39 санында жарияланған), "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 27 қазандағы № 24-11 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5-16-103 болып тіркелген, "Тарбағатай" газетінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 60 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: С. Омарбеков
      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы: М. Мағжаев

  Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 3-6 шешімімен бекітілген

Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті аткарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті органы;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң расындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Тарбағатай аудандық мәслихатының 10.04.2013 № 11-5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 18-16 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын ауданды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары, осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үй көмегі - жергілікті жылыту орталығынан жылытылатын жеке меншік үй жайларда және коммуналдық пәтерлерде тұратын.аз қамтамасыз етілген отбасыларға тоқсанына беріледі.
      6. Тұрғын үй көмегін алу құқықтары жоқ отбасылар:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық үй-жайы (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайды жалға беретіндер;
      2) отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскер қатарында жоқ, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдары бар отбасылар;
      сонымен қатар:
      50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан);
      бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80 жастан асқан қарттарды күтетіндер;
      жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын аналар;
      төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатындардан басқа;
      3) отбасы құрамында заңды некеде тұратын адамы бар болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмегендердің (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемегендердің;
      4) егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермегендер.
      7. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 18-16 шешімімен.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 10.04.2013 № 11-5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 25.12.2013 № 18-16 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2014 № 19-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі анықтамаларды әр тоқсан сайын тапсырады.
      10. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша үй иегерінен отбасына сауалнама-өтініш толтырылады. Сауалнама-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан келіп отырған тұлғаның және уәкілетті орган өкілінің қолы қойылады.
      11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      12. Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 10.04.2013 № 11-5 (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 дейін қолданыста болады) шешімімен.
      13. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
      14. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шектеу есепке алынады, өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекенжайы бойынша тағайындалады.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін төленген нақты және осы отбасының осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген шекті шығындар мөлшері арасындағы айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П = ТҮТЕЖӘТ -(t x д),
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері,
      ТҮТЕЖӘТ - тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
      t - тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (=10%),
      д - отбасының жиынтық табысы.

4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері

      17. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш.м,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м,
      үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м, бірақ 38.52 ш.м аспауы керек;
      2) көгілдір отын шығындарының нормасы:
      жер үй құрылыстарында тұратын отбасылар үшін – айына бір баллон;
      3) электр энергиясы жүйесін пайдалану нормасы:
      1 адам тұрса - 90 кВт,
      2 адам тұрса - 140 кВт,
      3 адам тұрса – 210 кВт,
      4 және одан артық адам тұрса - 280 кВт.
      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті су, жылу, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

5. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      18. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесіне, егер тұрғын үйді жалға алу шарты болса жалдаушыларға беріледі.
      19. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      20. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек желтоқсан).
      21. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      22. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      23. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі яғни, тоқсандық есеп тұрғысында қаралады.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      24. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен ақшалай төлем түрінде беріледі.
      25. Тұрғын үй көмегі азаматтардың салымы бойынша жеке шоттарына есептеу жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банкілер арасында жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады