Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 наурызда № 7-10-112 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімідігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімідігінің 15.07.2016 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж. Ж. Батырниязовқа жүктелсiн.
      Аудан әкімі Е. Нысанғалиев

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Сырымского района Западно-Казахстанской области от 20 февраля 2012 года № 57. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 марта 2012 года № 7-10-112. Утратило силу постановлением акимата Сырымского района Западно-Казахстанской области от 15 июля 2016 года № 260

      Сноска. Утратило силу постановлением акиматаСырымского района Западно-Казахстанской области от 15.07.2016 № 260 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат Сырымского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере двух процентов от общей численности рабочих мест в государственных учреждениях и государственных предприятиях.
      2. Государственному учреждению "Сырымский районный отдел занятости и социальных программ" обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Данное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Батырниязова Ж. Ж.
      Аким района Е. Нысангалиев