2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 89 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7-12-122 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы N 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 20.03.2013 N 82 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаменті Теректі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Селолық округ әкімдері азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. М. Сабировқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А.Утегулов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Теректі ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Кожангалиев А. И.
      13.04.2012 ж.

      "Теректі аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Өтемісов Р. А.
      13.04.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Сагинов Д. С.
      13.04.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Утешев М. А.
      13.04.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады