Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 сәуірде № 7-13-150 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 141 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 27.07.2013 № 141 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қантардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Халелов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 16 марта 2012 года № 52. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 апреля 2012 года № 7-13-150. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского районна Западно-Казахстанской области от 24 июля 2013 года № 141

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского районна Западно-Казахстанской области от 24.07.2013 года № 141

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпусников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Чингирлауский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Айтмухамбетова К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      А. Халелов