"Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8403 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2018 № 862 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына ("Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған, нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6277 болып енгiзiлген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесінде:

      2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;

      5) ұлттық стандарттарды халықаралық, өңірлік стандарттарының және шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарымен үйлестiру";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоспар мен Бағдарламаны техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, ғылыми-техникалық, инженерлiк және қоғамдық бiрлестiктердiң, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттiктерiн есепке алып, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға алдын ала талдау жүргiзу негiзiнде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделi субъектiлердi (өнiм өндiрушiлер, тұтынушылар) қатыстырып ұлттық стандарттарды әзiрлеу қажеттiліктерiн есепке ала отырып қалыптастырады.";

      7-тармақта:

      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жоспарға ұлттық стандарттардың мынадай түрлерi мен стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар кiредi:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi;";

      көрсетiлген Ереженің 1-қосымшасында:

      "Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсыныстар" деген кестеде:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық стандарт жобасының атауы Жұмыс түрi";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің


орынбасары - Қазақстан


Республикасының Индустрия


және жаңа технологиялар



      министрі Ә.Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
2-қосымша
нысан

Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарына өтiнiм – ұсынысқа техникалық–экономикалық негiздеме _______________________________________________________

      жұмыс түрiнiң атауы мен стандарт атауы

      Техникалық-экономикалық негiздеме мыналардан тұруы керек:

      стандарт жобасын әзiрлеу қажеттiлігi, өзектiлiгi, мақсатқа сәйкестігі және әзiрленетiн стандарттау нысанына қойылатын талаптарды белгiлеу қажеттiлігi туралы мәлiметтер, оларды нақты негiздемеден (бұл жағдайда әзiрленетiн стандарт өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасы дайындаушы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәлiметтер, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушының әзiрленетiн стандарттау объектiсiне мүдделiлігі туралы мәлiметтер берiлуi керек);

      стандарттау объектiсiнiң жағдайы туралы мәлiметтер мен оның сипаттамасы;

      өткiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәлiметтер;

      стандарттау объектiсiнiң қазiргi заман талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;

      стандарттау объектiсiнiң халықаралық, өңiрлiк стандарттау және өзге мемлекеттердiң ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;

      осы стандарттау объектiсiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау қажеттiгi туралы мәлiметтер;

      балама техникалық құжаттар қолданылу кезінде ұлттық стандартты әзiрлеу негiздiлiгi туралы мәлiметтер (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзiрлеу); осы стандарттау объектiсiне қатысты ұлттық стандарттарды, халықаралық, мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;

      стандарттау объектiсiнiң стандарттаудың өзге объектiлерiмен өзара байланысы және олармен әзiрленiп отырған стандарт өзара байланысты болуы керек қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау туралы мәлiметтер;

      ұлттық стандарттау әзiрлеумен байланысты стандартты және (немесе) өзге нормативтiк құжаттарды болжамды жою туралы ақпарат.

      ____________________ ___________ ___________________________________

      (Орындаушы ұйым (жеке қолы) (Тегі, Аты және Әкесінің аты,

      басшысының (басшы болған жағдайда)

      орынбасарының) лауазымы,

      ұйым атауы)_______________________________ М.О._____________________

      ________________________ ____________ _______________________________

      (орындаушы лауазымының (жеке қолы) (Орындаушының Тегі, Аты және

      атауы) Әкесінің аты, болған жағдайда)

      _______________________

      (орындаушы телефоны)

      "___" _____________ 20__ жыл.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыс жоспарлары
мен бағдарламаларын әзiрлеу
және бекiту ережесiне
3-қосымша
нысан

Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспары

№ р/с

Тапсырма (тақырып) коды

МСЖ коды

(МК (ИСО/ИНФО МКС)

001 - 96) бойынша

Ұлттық стандарт жобасының атауы

Жұмыс түрi

Әзiрлеменiң мақсаты (негiздеме)

Қаржылан дыру көзi

Жұмыстарды орындау мерзiмi

Орындаушы ұйым

Әзiрлеудi бастау

Жобаның қорытынды басылымын уәкiлеттi органға бекiтуге ұсыну

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бөлiм Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әзiрлеу









2-бөлiм Қазақстан Республикасының ұлттық жiктеуiштерi









3-бөлiм Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық бағдарламалар шеңберiнде стандарттар әзiрлеу










      Ескертпе:

      1. 1-бағанда әзiрленетiн құжаттың реттiк нөмiрi көрсетiледi.

      2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi МЖ (ИСО/ИНФКО МКС) бойынша код көрсетiледi.

      3. 3-бағанда әзiрленетiн құжаттың атауы мен белгiсiнен кейiн жұмыстардың мынадай түрлерi көрсетiледi:

      "ҚР СТ... әзiрлеу" (жаңа құжаттар үшiн).

      "ҚР СТ/Қаз ССК РСТ...орнына" (ҚР СТ немесе ҚазССР РСТ қайта қараған жағдайда).

      "ОСТ...орнына" (ОСТ ҚР СТ сатысына аударған жағдайда).

      "ҚР СТ... өзгерiс".

      4. Халықаралық стандарттарды тiкелей қолданған жағдайда жұмыс түрiнен кейiн жақша iшiнде қолданылатын ҚР СТ (ҚР СТ/ИСО..., ҚР СТ/МЭК...) белгiсi көрсетiледi.

      5. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары мен әзiрлеу үшiн негiздеме (Үкiмет және мемлекеттiк органдардың тапсырмасы, өзектiлiгi, халықаралық стандарттармен үйлестiру және т.б.) көрсетiледi.

      Ескертпе: Тапсырма коды (тақырыптар) СМЖ (МЖ (ИСО/ИНФО МКС) 001 - 96); Тапсырма коды (тақырыптар) Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің коды (ИСО/ИНФО МКС) Халықаралық жіктеуіштер.

О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 12 марта 2013 года № 74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2013 года № 8403. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 862 (вводится в действие с 11.04.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 07.12.2018 № 862 (вводится в действие с 11.04.2019).

      В соответствии со статьей 25 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 41 "Об утверждении Правил разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6277 опубликованный в газете "Егемен Қазақстан" от 28 августа 2010 года № 351-352 (26195) следующие изменения:

      в Правилах разработки и утверждения планов и программ работ по государственной стандартизации, утвержденных указанным приказом:

      подпункты 3) и 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) сроки подготовки и утверждения национальных стандартов;

      5) гармонизация национальных стандартов с требованиями международных, региональных стандартов и стандартов иностранных государств;";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) сроки подготовки и утверждения национальных стандартов;";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Планы и Программы формируются государственным органом, осуществляющий государственное регулирование в области технического регулирования (далее - уполномоченный орган) на основании предложений субъектов технического регулирования с учетом потребностей отраслей экономики Республики Казахстан, формирования и развития доказательной базы к техническим регламентам на основе предварительного анализа действующих нормативных документов и потребности в разработке национальных стандартов с привлечением заинтересованных субъектов технического регулирования.";

      в пункте 7:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "7. В План включают следующие виды национальных стандартов и иных нормативных документов по стандартизации:";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) национальные классификаторы технико-экономической информации Республики Казахстан:";

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      в таблице "Предложение-заявка к Плану работ по государственной стандартизации":

      графу 3 изложить в следующей редакции:

      "Наименование проекта национального стандарта Вид работы";

      приложения 2 и 3 изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан (Сатбаев Р.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Тулеушина К.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Заместитель Премьер-Министра


Республики Казахстан -


Министр индустрии и новых технологий


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Приложение 1
к приказу Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан -
Министра индустрии и новых
технологий Республики Казахстан
от 12 марта 2013 года № 74
Приложение 2
к Правилам разработки и
утверждения планов и
программ работ по государственной
стандартизации

      форма

Технико-экономическое обоснование предложения-заявки
к Плану работ по государственной стандартизации _______________________________________________________

      наименование вида работ и наименование стандарта

      Технико-экономическое обоснование должно содержать:

      сведения о необходимости, актуальности, целесообразности разработки проекта стандарта и установлении требований к разрабатываемому объекту стандартизации, их четкое обоснование (при этом необходимо привести сведения о том, что разрабатываемый стандарт направлен на повышение конкурентоспособности продукции, защит изготовителя и потребителя Республики Казахстан, а также сведения о заинтересованности изготовителя и потребителя в разрабатываемом объекте стандартизации):

      сведения о состоянии объекта стандартизации и его характеристику;

      сведения о проведенных научно-исследовательских работ, опытно-конструкторских работ и полученных результатах (при их наличии);

      сведения о соответствии объекта стандартизации современным требованиям;

      сведения о соответствии объекта стандартизации требованиям международных, региональных стандартов и стандартов иностранных государств;

      сведения об отсутствии или необходимости пересмотра нормативных документов, устанавливающих требования к данному объекту стандартизации;

      сведения об обосновании разработки национального стандарта при действии аналогичных технических документов (например, разработка СТ РК при действии ГОСТ);

      сведения об анализе национальных стандартов, стандартов иностранных государств, международных, межгосударственных стандартов, относящихся к данному объекту стандартизации;

      сведения о взаимосвязи объекта стандартизации с другими объектами стандартизации и анализе действующих нормативных документов, с которыми должен быть взаимоувязан разрабатываемый стандарт;

      информацию о предполагаемой отмене стандарта и (или) других нормативных документов в связи с разработкой национального стандарта.

      _______________________ _______________ ___________________________

      (должность руководителя) (личная подпись) (Фамилия, Имя и Отчество при наличии).

      (заместителя руководителя) организации-исполнителя, наименование организации)______________ М.П._____________________

      _________________ ____________ (наименование должности

      (личная подпись) (Фамилия, Имя и Отчество исполнителя при наличии).

      _________________________

      (телефон исполнителя)

      "____" _____________ _______ 20__ год.

  Приложение 2
к приказу Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан -
Министра индустрии и новых технологий
Республики Казахстан
от 12 марта 2013 года № 74
Приложение 3
к Правилам разработки и
утверждения планов и программ работ по
государственной стандартизации

      форма

План работ по государственной стандартизации

п/п

Код

задания (темы)

Код МКС (по МК (ИСО/ИНФО МКС) 001-96)

Наименование

проекта

национального

стандарта

Вид работы

Цель

(основание)

разработки

Источник

финансирования

Сроки

выполнения работ

Организация-

исполнитель

Начало

разработки

представление

окончательной

редакции

проекта в

уполномоченный

орган на

утверждение

1

2

3

4

5

6

7

8

Раздел 1 Разработка национальных стандартов в секторах экономики









Раздел 2 Национальные классификаторы Республики Казахстан









Раздел 3 Разработка стандартов в рамках межгосударственных программ по стандартизации










      Примечание:

      1. В графе 1 указывается порядковый номер разрабатываемого документа.

      2. В графе 2 указывается код по межгосударственному классификатору стандартов МК (ИСО/ИНФКО МКС).

      3. В графе 3 после наименования и обозначения разрабатываемого документа указываются следующие виды работ:

      "Разработка СТ РК" (для новых документов).

      "Взамен СТ РК/РСТ КазССР" (в случае пересмотра СТ РК или РСТ КазССР).

      "Взамен ОСТ" (в случае перевода ОСТ в разряд СТ РК).

      "Изменение СТ РК".

      4. При прямом применении международных стандартов после вида работ в скобках указывают обозначение применяемого СТ РК (СТ РК/ИСО, СТ РК/МЭК.).

      5. В графе 4 указываются приоритетные направления работ и основания для разработки (поручения Правительства и государственных органов, актуальность, гармонизация с международными стандартами и др.).".

      Примечание: Код задания (темы) Код МКС (по МК (ИСО/ИНФО МКС) 001-96) - Код задания (темы) Код Межгосударственный классификатор стандартов Международный классификатор (ИСО/ ИНФО МКС) 001-96).