Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 72 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8409 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 81 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7470 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 72 қаулысымен
бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты жеке тұлғаларға мынадай талаптардың бірі орындалған:

      мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;

      жеке тұлғаның қаржылық жай-күйі "тұрақты" деп жіктелген жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес-заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысында (бұдан әрі – № 80 қаулы) белгіленген мөлшерден аспайтын, барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жалпы көлемінің шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келетін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) мынадай талаптардың бірі орындалған:

      мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;

      заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі "тұрақты" деп жіктелген жағдайда № 80 қаулыда белгіленген мөлшерден аспайтын, барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жалпы көлемінің шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты, Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) мынадай талаптардың бірі орындалған:

      мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;

      заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі "тұрақты" деп жіктелген жағдайда банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Талаптардың мақсаттары үшін тиісті қамтамасыз ету деп:

      1) құны қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің кемінде 90 (тоқсан) пайызын өтейтін, Талаптарға қосымшада көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз ету;

      2) қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің жалпы алғанда кемінде 100 (жүз) пайызын өтейтін:

      Standard & Poor's агенттігі берген "ВВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);

      Standard & Poor's агенттігі берген "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);

      Standard & Poor's агенттігі берген "ВВ-" тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;

      Standard & Poor's агенттігі берген "ВВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымдар шығарған бағалы қағаздар;

      Standard & Poor's агенттігі берген "ВВ-" тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз ету түсініледі.

      Тиісті қамтамасыз ету ретінде қамтамасыз ету құны қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің кемінде 130 (жүз отыз) пайызын өтейтін жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз ету қабылданады.

      5. Осы Талаптардың мақсаттары үшін тұрақты қаржылық жай-күй деп мыналар түсініледі:

      1) кредитті беру сәтінде бағаланған кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарыз алушы (тең қарыз алушы) - жеке тұлғаға қатысты:

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін бағалау қарыз, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, қарыз алушы (тең қарыз алушы) өзінің кірістері мен шығыстарының, төлем қабілеттілігінің талдауына және оның кредиттік тарихына сәйкес қарызды, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын уақтылы және толық көлемде өтеуге қабілетті;

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) кредитті өтеуге, тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны төлеуге, сондай-ақ сатып алу-сату және ипотекалық тұрғын үй қарызын беру жөнінде мәмілелер жасаумен байланысты шығыстарды өтеу үшін қажетті қолма-қол ақшасының жеткіліктілігі;

      қарыз алушы (тең қарыз алушы) білімінің деңгейі, кәсіби тәжірибесі, экономиканың тұрақты дамудағы және әлеуетті рентабельді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелерінің (қарыз, мүлік салықтары бойынша ай сайынғы төлемдерді, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, жеке сақтандыру, шарт бойынша жауапкершілік бойынша ай сайынғы төлемдерді, шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының арақатынасы:

      кредитті беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту сәтінде қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін болғанда 40 (қырық) пайыздан;

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан (қырықтан) 65 (алпыс бес) АЕК-ке дейін болғанда 50 (елу) пайыздан;

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен (алпыс бестен) 90 (тоқсан) АЕК-ке дейін болғанда 60 (алпыс) пайыздан;

      қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 (тоқсан) АЕК-тен астам болғанда, егер осы көрсеткіштерге сәйкес төлем жасаған кезде барлық міндеттемелер бойынша қарыз алушы (тең қарыз алушы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларындағы кірістің кемінде 15 (он бес) АЕК, басқа өңірлердегі кірістің кемінде 10 (он) АЕК, жасы 15-ке (он беске) толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің кемінде жартысы болған жағдайда 70 (жетпіс) пайыздан аспайды;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) - заңды тұлғаға, жеке тұлғаға қатысты:

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйі орнықты;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) төлем қабілеттілігі бар;

      ақшалай ағындар борышқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді;

      бизнесті дамытудың нарықтық талаптары қолайлы, нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;

      ресурстарға және капитал нарығына еркін қолжетімділік, жеткізушілердің шектеулі санына тәуелділік жоқ, шарттың қолданылуы мерзімі ішінде қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін айтарлықтай нашарлататын сыртқы немесе ішкі факторлар анықталған жоқ;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банкпен өз міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) активтері мен міндеттемелері мерзімдері бойынша шамалас;

      кредиттік тарихы оң;

      теріс кредиттік тарихы жоқ;

      банкті басқару органы бекіткен және банктің ішкі қағидаларының ажырамас толықтыруы болып табылатын әдістемеге (әдістемелерге) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні қолайлы.

      6. Әдістемені банк өз бетінше әзірлейді және қаржылық жай-күйді бағалау тәртібінен, әдісінен, кезеңділігінен, тәсілдерінен, қажетті құжаттардың тізбесінен және қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін өзге де ақпараттан тұрады.

      Әдістеме саланың ерекшеліктері, өндірістің маусымдылығы (циклділігі), қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қызмет саласы ескеріліп есептелген мынадай негізгі көрсеткіштерден тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

      төлем қабілеттілігі – қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банк Әдістемесінде белгіленген тиісті коэффиценттер жиынтығына қарай банк есептейтін өз міндеттемелеріне қызмет көрсету қабілетін ашады;

      қаржылық орнықтылық – капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикада), рентабелділігін (динамикада), мерзімі өткен борыштардың жоқ екендігін (болуын), қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) капитал нарығына қолжетімділігін, банк Әдістемесінде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай банк есептейтін, қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық орнықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін басқа маңызды ақпараттың болуын ашады;

      борышқа қызмет көрсету қабілеті, ақша ағыны қозғалысының болжамы;

      дебиторлық-кредиттік берешектің құрамы мен динамикасы (соңғы есептік және ағымдағы жылдардың);

      өнімнің өзіндік құны (динамикада);

      кредиттік тарих (бұрынғы кредиттік берешекті өтеу, қазіргі кредиттердің болуы);

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банк конгломераттарына, сақтандыру топтарына, банк, сақтандыру холдингтеріне тиістілігі;

      бір (бірнеше) жеткізушіге және (немесе) тапсырыс берушіге тәуелділік;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін қабылдайтын шаралар;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өзінің қаржылық жай-күйін нашарлатуы мүмкін сот талқылауларына тартылуы;

      қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) нарықтық позициясын, оның экономикадағы циклдік және құрылымдық өзгерістерге тәуелділігін (саланың түрі, қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) дайындайтын (ұсынатын) тауарлардың (қызметтердің) тартымдылығын бағалау, осындай тауарлардың (қызметтердің) нарығы, қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қызметінің саласындағы бәсекелестік деңгейі, нақты нарықтағы қызметінің ұзақтығы) сипаттайтын өзге субъективтік факторлар.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Бас банк өзінің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген "Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысының талаптарына сәйкес келетін күмәнді және (немесе) үмітсіз активтер бойынша талаптар құқығы түріндегі қамтамасыз етуге ие еншілес ұйымдарына № 80 қаулыда белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысы жоқ және Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

  Екінші деңгейдегі банктердің
олармен ерекше қатынастар
арқылы байланысты
тұлғаларға және заңды
тұлғаларға
(Қазақстан Республикасының
резиденттеріне
және резиденті еместерге)
банктік қарыздар мен банк
кепілдіктерін
беруі жөніндегі талаптарға
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өтімділігі жоғары қамтамасыз етудің тізбесі

      Өтімділігі жоғары қамтамасыз етудің тізбесіне:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің кепілдігі (кепілдемесі);

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      3) Standard & Poor's агенттігі берген "А" тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент емес банктердің кепілдігі (кепілдемесі);

      4) Standard & Poor's агенттігі берген "ВВВ-" рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент-банктердің кепілдігі (кепілдемесі);

      5) Standard & Poor's агенттігі берген "А-" тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;

      6) Standard & Poor's агенттігі берген "А-" тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар;

      7) монетарлық бағалы металдар;

      8) Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің векселдері;

      9) Standard & Poor's агенттігі берген "А" тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;

      10) Standard & Poor's агенттігі берген "ВВВ-" рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;

      11) жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, шағын және орта бизнесті кредиттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кепілдігі (кепілдемесі);

      12) жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг (білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде) болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдігі (кепілдемесі);

      13) кредитор-банк депозитіндегі ақша және (немесе) банктің бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарында көрінетін, кредитор-банктегі қардар мәні болып табылатын ақша кепілі;

      14) Standard & Poor's агенттігі берген "ВВВ" рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне қатысты бас банк болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің кепілдігі (кепілдемесі).

Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2013 года № 72. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2013 года № 8409.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан).

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 81 "Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7470, опубликованное 24 мая 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 150-151 (26969-26970).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 25 февраля 2013 года № 72

Требования по выдаче банками второго уровня банковских займов
и банковских гарантий лицам, связанным с ними
особыми отношениями, и юридическим лицам
(резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)

      Сноска. В заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Требования по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан) (далее – Требования) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и устанавливают требования к выдаче банками второго уровня (далее - банки) банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан).

      Сноска. В преамбулу внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Банком выдаются банковские займы и банковские гарантии физическим лицам, связанным с ним особыми отношениями, в пределах совокупного объема всех банковских займов и банковских гарантий, не превышающего размер, установленный постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 80 "Об утверждении Правил расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7510 (далее – постановление № 80), при условии выполнения одного из следующих условий:

      наличие соответствующего обеспечения, размер и вид которого устанавливается Требованием;

      финансовое состояние физического лица классифицируется как "стабильное".

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Банком выдаются банковские займы и банковские гарантии юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан), связанным с ним особыми отношениями, соответствующим одному из условий пункта 2 статьи 8-1 Закона о банках, в пределах совокупного объема всех банковских займов и банковских гарантий, не превышающего размер, установленный постановлением № 80, при условии выполнения одного из следующих условий:

      наличие соответствующего обеспечения, размер и вид которого устанавливается Требованием;

      финансовое состояние юридического лица классифицируется как "стабильное".

      Сноска. В пункт 2 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Банком выдаются банковские займы и банковские гарантии юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан), связанным с ним особыми отношениями, не соответствующим одному из условий пункта 2 статьи 8-1 Закона о банках, в размере не более 0,05 процентов собственного капитала банка при условии выполнения одного из следующих условий:

      наличие соответствующего обеспечения, размер и вид которого устанавливается Требованием;

      финансовое состояние юридического лица классифицируется как "стабильное".

      Сноска. В пункт 3 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Для целей Требований под соответствующим обеспечением понимается:

      1) высоколиквидное обеспечение, указанное в приложении к Требованиям, стоимость которого покрывает не менее 90 (девяноста) процентов обязательств заемщика по активу;

      2) обеспечение, покрывающее в совокупности не менее 100 (ста) процентов обязательств заемщика по активу, в виде:

      гарантий (поручительств) юридических лиц - нерезидентов Республики Казахстан, в том числе банков-нерезидентов, имеющих долговой рейтинг не ниже группы "ВВВ-", присвоенный агентством Standard & Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      гарантий (поручительств) юридических лиц - резидентов Республики Казахстан, в том числе банков, имеющих долговой рейтинг не ниже группы "ВВ-", присвоенный агентством Standard & Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      страховых полисов страховых (перестраховочных) организаций, имеющих рейтинг финансовой надежности не ниже группы "ВВ-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      ценных бумаг, выпущенных организациями - нерезидентами Республики Казахстан, имеющими долговой рейтинг не ниже группы "ВВВ-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      ценных бумаг, выпущенных организациями-резидентами Республики Казахстан, имеющими долговой рейтинг не ниже группы "ВВ-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств.

      В качестве соответствующего обеспечения принимается обеспечение в виде недвижимого имущества, стоимость обеспечения которого покрывает не менее 130 (ста тридцати) процентов обязательств заемщика по активу.

      5. Для целей Требований под стабильным финансовым состоянием понимается следующее:

      1) в отношении заемщика (созаемщика) - физического лица, не связанного с предпринимательской деятельностью, оцененного на момент выдачи кредита:

      оценка финансового состояния заемщика (созаемщика) проводится с точки зрения возможности регулярно и своевременно осуществлять платежи по займу, в том числе ипотечному жилищному займу, заемщик (созаемщик) способен своевременно и в полном объеме погасить заем, в том числе ипотечный жилищный заем в соответствии с анализом его доходов и расходов, платежеспособности и его кредитной истории;

      достаточность наличных денег заемщика (созаемщика), необходимых для погашения кредита, выплаты первоначального взноса за жилище, а также для покрытия расходов, связанных с заключением сделок по купле-продаже и выдаче ипотечного жилищного займа;

      уровень образования заемщика (созаемщика), профессиональный опыт, систематическая занятость в стабильно развивающемся и потенциально рентабельном секторе экономики не вызывают сомнений о возможности клиента рассчитаться с банком по своему обязательству;

      отношение общей суммы ежемесячных обязательств (включая ежемесячные платежи по займу, налогам на имущество, ежемесячные платежи по страхованию недвижимого имущества, личному страхованию, ответственности по договору, другие регулярные обязательные платежи, предусмотренные договорами и законодательством Республики Казахстан) к сумме ежемесячных совокупных доходов (за минусом индивидуального подоходного налога и пенсионных взносов) заемщика (созаемщика) не превышает:

      40 (сорок) процентов при размере ежемесячного дохода заемщика (созаемщика) до сорока месячного расчетного показателя, устанавливаемого законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год (далее - МРП), действующим на момент выдачи кредита и (или) изменения места трудовой деятельности;

      50 (пятьдесят) процентов при размере ежемесячного дохода заемщика (созаемщика) от 40 (сорока) до 65 (шестидесяти пяти) МРП;

      60 (шестьдесят) процентов при размере ежемесячного дохода заемщика (созаемщика) от 65 (шестидесяти пяти) до 90 (девяноста) МРП;

      70 (семьдесят) процентов при размере ежемесячного дохода заемщика (созаемщика) более 90 (девяноста) МРП, при условии, если при выплате в соответствии с данными показателями по всем обязательствам на каждого члена семьи заемщика (созаемщика) приходится не менее 15 (пятнадцать) МРП от дохода в городах Астана и Алматы, не менее 10 (десяти) МРП в других регионах, для детей младше 15 (пятнадцати) лет - не менее половины указанных размеров;

      2) в отношении заемщика (должника, созаемщика) - юридического лица, физического лица, осуществляющего предпринимательскую деятельность:

      финансовое состояние заемщика (должника, созаемщика) устойчивое;

      заемщик (должник, созаемщик) платежеспособен;

      денежные потоки позволяют обслуживать долг;

      положительные рыночные условия развития бизнеса, имеет хорошую конкурентную позицию на рынке;

      свободный доступ к ресурсам и рынку капитала, нет зависимости от ограниченного количества поставщиков, не выявлены внешние или внутренние факторы, способные значительно ухудшить финансовое состояние заемщика (должника, созаемщика) в течение срока действия договора;

      возможность заемщика (должника, созаемщика) рассчитаться с банком по своему обязательству не вызывает сомнений;

      по срокам активы и обязательства заемщика (должника, созаемщика) соизмеримы;

      не имеет негативную кредитную историю;

      благоприятное значение коэффициентов, рассчитанных в соответствии с методикой (методиками), утвержденной (утвержденными) органом управления банка (далее - Методика) и являющейся неотъемлемым дополнением к внутренним правилам банка.

      6. Методика разрабатывается банком самостоятельно и включает порядок, метод, периодичность, способы оценки финансового состояния, перечень необходимых документов и иной информации, позволяющих определить финансовое состояние заемщика (должника, созаемщика).

      Методика содержит следующие основные показатели, но, не ограничиваясь ими, рассчитанные с учетом особенностей отрасли, сезонности (цикличности) производства, сферы деятельности заемщика (должника, созаемщика):

      платежеспособность - раскрывает способность заемщика (должника, созаемщика) обслуживать свои обязательства, рассчитываемую банком исходя из соответствующего набора коэффициентов, установленных Методикой банка;

      финансовая устойчивость - раскрывает структуру капитала, уровень доходности (в динамике за последний календарный год), рентабельность (в динамике), отсутствие (наличие) просроченных долгов, доступ заемщика (должника, созаемщика) к рынку капитала, наличие другой значимой информации, позволяющей оценить финансовую устойчивость заемщика (должника, созаемщика), рассчитываемую банком исходя из соответствующего набора коэффициентов, установленных Методикой банка;

      способность обслуживания долга, прогноз движения денежных потоков;

      состав и динамика дебиторско-кредиторской задолженности (за последний отчетный и текущий годы);

      себестоимость продукции (в динамике);

      кредитная история (погашение кредитной задолженности в прошлом, наличие действующих кредитов);

      принадлежность заемщика (должника, созаемщика) к банковским конгломератам, страховым группам, банковским, страховым холдингам;

      зависимость от одного (нескольких) поставщиков и (или) заказчиков;

      меры, предпринимаемые заемщиком (должником, созаемщиком) для улучшения своего финансового положения;

      вовлеченность заемщика (должника, созаемщика) в судебные разбирательства, которые могут ухудшить его финансовое состояние;

      иные субъективные факторы, которые характеризуют рыночную позицию заемщика (должника, созаемщика), его зависимость от циклических и структурных изменений в экономике (вид отрасли, оценка привлекательности товаров (услуг), которые изготовляются (предоставляются) заемщиком (должником, созаемщиком), рынок таких товаров (услуг), уровень конкуренции в сфере деятельности заемщика (должника, созаемщика), длительность деятельности на конкретном рынке).

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 257 (вводится в действие с 01.01.2019).

      7. Родительским банком выдаются банковские займы и банковские гарантии дочерним организациям, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка и имеющим обеспечение в виде прав требований по сомнительным и (или) безнадежным активам, соответствующим требованиям постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 61 "Об утверждении Правил деятельности дочерней организации, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка, требований к приобретаемым (приобретенным) ею сомнительным и безнадежным активам", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16795, в пределах совокупного объема всех банковских займов и банковских гарантий, не превышающего размер, установленный постановлением № 80.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 257 (вводится в действие с 01.01.2019).

      8. Банком выдаются банковские займы и банковские гарантии юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан), не связанным с ним особыми отношениями и не соответствующим одному из условий пункта 2 статьи 8-1 Закона о банках, в размере не более 0,05 процентов собственного капитала банка.

  Приложение
к Требованиям по выдаче банками
второго уровня банковских займов
и банковских гарантий лицам, связанным
с ними особыми отношениями, и
юридическим лицам
(резидентам и нерезидентам
Республики Казахстан)

      Сноска. В текст в правом верхнем углу приложения внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2017 № 23 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Перечень высоколиквидного обеспечения

      В перечень высоколиквидного обеспечения включается:

      1) гарантия (поручительство) Правительства Республики Казахстан, национального управляющего холдинга;

      2) государственные ценные бумаги Республики Казахстан;

      3) гарантия (поручительство) юридических лиц - нерезидентов Республики Казахстан, в том числе банков-нерезидентов Республики Казахстан, имеющих долгосрочный долговой рейтинг не ниже группы "А", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      4) гарантия (поручительство) юридических лиц - резидентов Республики Казахстан, в том числе банков-резидентов, имеющих долговой рейтинг не ниже рейтинга "BBB-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      5) страховые полиса страховых (перестраховочных) организаций, имеющих рейтинг финансовой надежности не ниже группы "А-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      6)ценные бумаги, имеющие статус государственных, выпущенных Правительствами и центральными банками иностранных государств, суверенный рейтинг которых не ниже группы "А-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      7) монетарные драгоценные металлы;

      8) векселя первоклассных эмитентов Республики Казахстан;

      9) ценные бумаги, выпущенные организациями-нерезидентами Республики Казахстан, имеющими долговой рейтинг не ниже группы "А", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      10) ценные бумаги, выпущенные организациями-резидентами Республики Казахстан, имеющими долговой рейтинг не ниже рейтинга "BBB-", присвоенный агентством Standard&Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;

      11) гарантия (поручительство) юридических лиц, осуществляющих кредитование малого и среднего бизнеса, единственным акционером которых является государство или национальный управляющий холдинг;

      12) гарантия (поручительство) юридических лиц, единственным акционером которых является государство или национальный управляющий холдинг (в рамках системы образовательного кредитования);

      13) залог денег на депозите в банке-кредиторе и (или) денег, являющихся предметом заклада в банке-кредиторе, отраженных на соответствующих счетах бухгалтерского учета банка;

      14) гарантия (поручительство) банков-нерезидентов Республики Казахстан, являющихся родительскими банками по отношению к банкам-резидентам Республики Казахстан, имеющих долговой рейтинг не ниже рейтинга "BBB", присвоенный агентством Standard & Poor's, или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств.