Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 сәуірде № 8428 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 282 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2014 № 282 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 780 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 8192 тіркелген) 1-тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Данаева Ж.Ж.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                        С. Қайырбекова

             «КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _________________ А.Жұмағалиев
          2013 жылғы 9 сәуір

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы  
№ 164 бұйрығына қосымша   

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық
техниканы әкелуді/әкетуді келісу» электрондық мемлекеттік
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - қызмет беруші), сондай-ақ www.еliсеnse.кz, «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке  және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 156 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
       3. Мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.
      5. Осы регламентте қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) — жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      2) БСН - заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      3) пайдаланушы (тұтынушы) - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      4) ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры;
      5) ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
      6) ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік;
      7) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және ұсынуға арналған жүйе;
      8) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып өзара ақпарат алмасуды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет;
      9) ЭҮП - «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
      10) электрондық құжат - ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      11) ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба;
      12) ЫСАЖ - «Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі;
      13) ЭҮШ - «электрондық үкіметтің» шлюзі.

2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша қызметінің тәртібі

      6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері және шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      тұтынушы Порталда тіркелуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      1) 1-процесс - тұтынушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркелу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда пароль енгізу процессі (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт - Порталда тіркелген тұтынушы туралы мәліметтің дұрыстығын логин (БСН/ЖСН) және пароль арқылы тексеру;
      3) 2-процесс - тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты Порталда іске қосудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-процесс - тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      5) 4-процесс - тұтынушы деректері туралы сұратуды ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ немесе ЖТ МДҚ және ЫСАЖ жіберу;
      6) 2-шарт - тұтынушы деректерінің ЗТ МДҚ-да немесе ЖТ МДҚ-да болуын тексеру;
      7) 5-процесс - ЗТ МДҚ немесе ЖТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-процесс - тұтынушының сұратуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт - Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін  және кері шақыртылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрату және ЖСН/БСН-да көрсетілген және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендірілген деректерінің сәйкестігін тексеру;
      10) 7-процесс — тұтынушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тартуы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 8-процесс — электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      12) 9-процесс - электрондық құжатты (тұтынушыны сұрату) тіркеу және Порталда сұратуды өңдеу;
      13) 4-шарт - қызмет берушінің тұтынушының Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісуге арналған негіздемелерге сәйкес келуін тексеруі;
      14) 10-процесс - Порталдағы тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      15) 11-процесс - тұтынушының Порталда қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      7. Қызмет беруші арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (электрондық мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      1) 1-процесс - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін Порталға қызмет беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт - Порталда тіркелген қызмет берушінің қызметкері туралы мәліметтердің дұрыстығын логин және пароль арқылы тексеру;
      3) 2-процесс - қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты Порталда іске қосудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-процесс - қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұратудың нысанын экранға шығару және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушы деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс - тұтынушының деректері туралы сұратуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-ға жіберу;
      6) 2-шарт - тұтынушы деректерінің ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
      7) 5-процесс - ЖТ МДҚ немесе ЗТ МДҚ-да және ЫСАЖ-да тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-процесс - қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрату нысанын толтыру және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрату нысанына қоса тіркеуі;
      9) 7-процесс - Порталда сұратуды тіркеу және қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт - қызмет берушінің тұтынушының Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісуге арналған негіздемелерге сәйкес келуін тексеруі;
      11) 8-процесс - Порталдағы тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-процесс - тұтынушының Порталда қалыптасқан электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      8. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрату мен жауапты толтыру нысандары www.еliсеnse.кz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.
      9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұратудың орындалу деңгейін тексеру тәсілі: ЭҮП-да «Қызметтерді алу тарихнамасы» деген бөлімде, сондай-ақ қызмет берушіге жүгінген кезде.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны ЭҮП саll-орталығының телефоны (1414) бойынша алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекеттер
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
      1) Портал;
      2) ЭҮШ;
      3) ЗТ МДҚ;
      4) ЖТ МДҚ;
      5) ЫСАЖ ;
      6) қызмет беруші.
      12. Әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті Портал арқылы және қызмет беруші арқылы көрсету процесінде) олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграммалар осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      13. ҚФБ әрекеті кезеңділігінің Портал арқылы және қызмет беруші арқылы (рәсімнің, қызметтің, операцияның) мәтіндік кесте сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
      14. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны бойынша сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау);
      16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) интернетке шығу;
      2) мемлекеттік қызмет ұсынылатын тұлғада ЖСН/БСН болуы;
      3) Порталда іске қосу;
      4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы.

"Қазақстан Республикасында тіркелген және 
тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық  
техниканы әкелуді/әкетуді келісу"    
мемлекеттік қызмет регламентіне      
1-қосымша                 

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтің қызмет беруші
арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 1 диаграммасы

Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 2 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер

"Қазақстан Республикасында тіркелген және 
тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық  
техниканы әкелуді/әкетуді келісу"    
мемлекеттік қызмет регламентіне      
2-қосымша                 

1-кесте. ҚФБ әрекеттерін ЭҮП арқылы сипаттау



1

2

3

4

5

6

ҚФБ, АЖ атауы

Тұтынушы

Портал

Тұтынушы

ЗТ МДҚ немесе ЖТ МДҚ және ЫСАЖ

Портал

Тұтынушы

Әрекет (процесс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы

Парольді көрсете отырып ЖСН/БСН бойынша ЭҮП-да іске қосылады

Тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Қызметті таңдайды және электрондық түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып сұрату деректерін қалыптастырады

Тұтынушының ЗТ МДҚ немесе ЖТ МДҚ ЫСАЖ және ЫСАЖ деректерін тексеруге арналған сұратуды жіберу

Тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық басқарушылық шешім)

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарлама көрсету

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарлама көрсету

Сұратудың бағдары

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарлама көрсету

Сұратудың бағдары

Орындау мерзімдері

10-15 секунд.

20 секунд.

1,5 минут

1,5 минут

1,5 минут

10-15 секунд

Келесі әрекеттің нөмірі

2 - егер алушының деректерінде бұзушылықтар болса, 3 - егер іске қосу сәтті өтсе

-

4

5 - егер ЭЦҚ-да қате болмаса, 6-егер ЭЦҚ қате болмаса

7-егер ЭЦҚ қате болса, 8-егер ЭЦҚ қате болмаса,

-

7

8

9

10

11

Портал

Тұтынушы

Портал

Портал

Портал

Тұтынушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты бас тартуы туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ арқылы сұратуды куәландыру (қол қою)

Өтініштің электрондық құжатын (тұтынушының сұратуын) тіркеу және оны өңдеу

Порталдағы тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұратудың бағдары

Өтінішке нөмір бере отырып сұратуды тіркеу

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (келісу)

10-15 секунд

1,5 минут

1,5 минут

-

Стандарттың 7-тармағына сәйкес 5 жұмыс күні; 3 жұмыс күні

10- егер тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға арналған негіздемелерге сәйкес келмесе 11-тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға арналған негіздемелерге сәйкес келсе

-

-



2-кесте. ҚФБ әрекеттерін қызмет беруші арқылы сипаттау

Әрекеттің (жұмыс барысының, легінің) №

1

2

3

4

ҚФБ, АЖ атауы

Қызмет беруші

Портал

Қызмет беруші

ЗТ МДҚ немесе ЖТ МДҚ

Әрекет (процесс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы

Порталда іске қосылады

Деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы

Тұтынушының деректерін тексеру үшін ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ сұрату жолдары

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат ұйымдастырушылық басқарушылық шешім)

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарламаны көрсету

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарлама көрсету

Сұратудың бағдары

Орындау мерзімдері

10-15 секунд

10 секунд

1,5 минут

1,5 минут

Келесі әрекеттің нөмірі

2 - Порталда қызмет беруші қызметкерінің логині мен паролі деректерінің дұрыстығын тексеру

-

4

5-егер алушы деректерінде бұзушылықтар болса, 6 - егер іске қосу сәтті өтсе

5

6

7

8

9

Портал

Қызмет беруші

Портал

Портал

Портал

Деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Құжаттарды бекіте отырып сұрату нысанын толтыру

Электрондық құжатты Порталда тіркеу және оны өңдеу

Порталда тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (келісу)

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұратудың сәтті қалыптасуы туралы хабарлама көрсету

Өтініш иесіне нөмір бере отырып сұратуды жүйеде тіркеу

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Келісу

1,5 минут

10-15 секунд

1,5 минут

-

Стандарттың 7-тармағына сәйкес 5 жұмыс күні 3 жұмыс күні

-

-

8 - егер Порталда сұрату бойынша деректер болмаса, 9 - сұрату бойынша деректер табылса



"Қазақстан Республикасында тіркелген және 
тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық  
техниканы әкелуді/әкетуді келісу"    
мемлекеттік қызмет регламентіне      
3-қосымша                 

Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қолжетімділік»
көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама нысаны:
___________________________________________
(қызмет атауы)

      1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.
      2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады