Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 08-1-1-1/135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 сәуірде № 8439 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1-2/599 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 23.12.2015 № 11-1-2/599 бұйрығымен.

      «Бажсыз сауда дүкендерiндегi тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiміне енгізудің қосымша қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                          Е.Ыдырысов

Қазақстан Республикасы  
Сыртқы істер министрінің 
2013 жылғы 12 сәуірдегі 
№ 08-1-1-1/135      
бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпараттармен жұмыс істеу Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 51 қбпү және «Бажсыз сауда дүкендерiндегi тауарлардың сату ережелерiн, бажсыз сауда дүкендерiнiң иелерiнiң тiзiлiмге енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулыларына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалармен реттелетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) таратылуға шектелген ақпараттарға дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың, консулдық мекемелердің, сондай-ақ дипломатиялық агенттердің, консулдық лауазымды адамдардың және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің аккредиттелінуі жөніндегі мәліметтер жатқызылады (бұдан әрі – қызметтік ақпарат).
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпаратымен жұмыс жасауға рұқсат астанада бажсыз сауда дүкенін ашуға ниет еткен заңды тұлғаға (бұдан әрі – Өтініш беруші) беріледі.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпаратымен жұмыс жасауға рұқсат берілген заңды тұлға:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпаратын ғаламдық және жергілікті ақпараттық желілерге орналастырмайды;
      2) оны ашық түрдегі сөз сөйлеулерге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін пайдаланбайды;
      3) қызметтік ақпаратты ашық көрмелерге қоюға, хабарлама тақталарында, сөрелерде немесе басқа да бұқаралық орындарда көрсетпейді;
      4) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпаратын көшірмейді, сканерден өткізбейді, байланыс құралдарына бермейді және жариялануына жәрдемдесетін өзге де әрекеттерді жасамайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға
шектелген ақпаратына рұқсат беру тәртібі

      4. Егер қызметтік ақпаратты электрондық құжат алмасу құралы арқылы алуға техникалық мүмкіндігі болмаса, онда Өтініш беруші Министрліктің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымымен ақпараттық қолдау көрсету туралы шартты енгізеді.
      Өтініш беруші ақпараттық қолдау көрсету туралы шарт жасасу үшін Министрліктің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымға мынадай құжаттарды:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелген құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      4) оларда есеп-шоттың ашылғаны туралы банктің растамасын;
      5) бажсыз сауда дүкен ретінде пайдаланылатын үй-жайларды иелену құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) бажсыз сауда дүкені ретінде мәлімделген үй-жай мен аумақтың жоспарларын, сызбаларын;
      7) Өтініш беруші қызметтік ақпаратқа рұқсаты бар қызметкерлерінің жеке куәлігі мен тағайындау туралы бұйрықтың нотариалды куәландырылған көшірмелерін, тұрғылықты мекен жайы туралы анықтаманың түпнұсқасын, сотталғандығының бар болуы немесе болмауы туралы анықтаманы тапсырады.
      5. Министрліктің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпараттық қолдауды ұсыну туралы шарттар жасасады.
      6. Министрлiктiң дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымның ақпараттық қолдауды ұсыну туралы шартының бағасын қалыптастыру критерийлері Министрлiктiң дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға арналған нақты шығындары болып табылады.
      7. Министрлiктiң дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымымен ақпараттық қолдауды ұсыну туралы шарт жасасқаннан кейін Өтініш беруші еркін нысанда жасалған өтінішпен Министрлікке шығады, оған мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелген құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) оларда есеп-шоттың ашылғаны туралы банктің растамасы;
      5) бажсыз сауда дүкен ретінде пайдаланылатын үй-жайларды иелену құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) бажсыз сауда дүкені ретінде мәлімделген үй-жай мен аумақтың жоспарлары, сызбалары;
      7) қызметтік ақпаратты электрондық құжат алмасу құралдары арқылы алуға техникалық мүмкіндігінің барын растауы;
      8) Өтініш беруші қызметтік ақпаратқа рұқсаты бар қызметкерлерінің жеке куәлігі мен тағайындау туралы бұйрықтың нотариалды куәландырылған көшірмелерін, тұрғылықты мекенжайы туралы анықтаманың түпнұсқасын, сотталмағандығы туралы анықтаманы, белгіленген нысан бойынша кәсіби жарамдылығы туралы медициналық анықтама қоса тіркеледі.
      8. Министрлік Өтініш берушінің өтінішін күнтізбелік 15 күн ішінде қараудың қорытындысы бойынша төмендегі қабылданған шешімдердің бірі туралы жазбаша түрде хабардар етеді:
      1) Министрліктің таратылуға шектелген ақпаратына рұқсат беру туралы;
      2) Министрліктің таратылуға шектелген ақпаратына рұқсат беруден бас тарту туралы.
      9. Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар тапсырылмаған жағдайда, немесе тапсырылған құжаттардың дәйексіз екендігіне негіз бар болған кезде Министрліктің таратылуға шектелген ақпаратына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
      10. Министрліктің таратылуға шектелген ақпаратына рұқсат беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Министрліктің таратылуға шектелген қызметтік ақпаратын пайдалану арқылы жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру туралы бұйрығымен ресімделеді.

3. Қызметтік ақпаратпен жұмыс жасау тәртібі

      11. Министрлік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерден, халықаралық ұйымдардан, консулдық мекемелерден бажсыз сауда дүкен иелері тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларға қызметтік ақпараттарды ұсынуға арналған рұқсатты сұрайды (бұдан әрі – Заңды тұлғалар).
      Егер дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерден, халықаралық ұйымдардан, консулдық мекемелерден қызметтік ақпаратты ұсынуға арналған келісім болмаған жағдайда, Министрлік Заңды тұлғаға мұндай өкілдіктер жөнінде қызметтік ақпаратты ұсынбайды.
      12. Қызметтік ақпарат Заңды тұлғаларға айдың алғашқы жұмыс күні электрондық құжат алмасу құралы арқылы ұсынылады.
      13. Заңды тұлғалардан мына жағдайларда:
      1) бажсыз сауда дүкен иелері тізілімнен шығарылғанда;
      2) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде;
      3) берілген қызметтік ақпаратты жоғалтқанда;
      4) заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтату туралы өтініш берген кезде қызметтік ақпаратқа рұқсаты қайтарып алынады.
      14. Заңды тұлғаның қызметтік ақпаратқа рұқсатын қайтарып алған кезде осы Заңды тұлға алынған қызметтік ақпаратты Министрліктің жауапты адамының қатысуымен тез арада жояды, әрі ол туралы тиісті акті жасайды.

Об утверждении Правил допуска к информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 апреля 2013 года № 08-1-1-1/135. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2013 года № 8439. Утратил силу приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 11-1-2/599

      Сноска. Утратил силу приказом Министра иностранных дел РК от 23.12.2015 № 11-1-2/599.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 40 «Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила допуска к информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения.
      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства иностранных дел Республики Казахстан Жошыбаева Р.С.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Е. Идрисов

Утверждены приказом        
Министра иностранных дел      
Республики Казахстан       
от 12 апреля 2013 года № 08-1-1-1/135

Правила допуска к информации Министерства иностранных дел
Республики Казахстан ограниченного распространения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила допуска к информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 51 дсп «Об утверждении Правил работы государственных органов со служебной информацией» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 40 «Об утверждении Правил реализации товаров в магазинах беспошлинной торговли, дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли».
      2. К информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее – Министерство) ограниченного распространения, допуск к которой регламентируется Правилами, относятся сведения по аккредитации дипломатических представительств, приравненных к ним представительств международных организаций, консульских учреждений, а также дипломатических агентов, консульских должностных лиц и членов их семей, которые проживают вместе с ними (далее – служебная информация).
      Допускаются к информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения юридические лица, намеревающиеся открыть в столице магазин беспошлинной торговли (далее – Заявитель).
      3. Юридические лица допущенные к информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения:
      1) не размещают информацию Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения в глобальных и локальных информационных сетях;
      2) не используют ее для открытых выступлений или опубликования в средствах массовой информации;
      3) не экспонируют служебную информацию на открытых выставках, не демонстрируют их на стендах, в витринах или других местах массового обозрения;
      4) не копируют, сканируют, передают средствами связи и не совершают иные действия способствующие утечке информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан ограниченного распространения.

2. Порядок допуска к информации Министерства иностранных дел
Республики Казахстан ограниченного распространения

      4. В случае отсутствия технических возможностей для получения служебной информации по средствам электронного документооборота, Заявитель заключает договор с организацией по работе с дипломатическим корпусом Министерства о предоставлении информационной поддержки.
      Для заключения договора о предоставлении информационной поддержки Заявитель подает в организацию по работе с дипломатическим корпусом следующие документы:
      1) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      2) нотариально засвидетельствованную копию документа, подтверждающего регистрацию лица в качестве налогоплательщика;
      3) нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов;
      4) подтверждения из банков об открытых в них счетах;
      5) нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих права владения помещениями, пригодными для использования в качестве магазина беспошлинной торговли;
      6) планы, чертежи помещений и территорий, заявляемых в качестве магазина беспошлинной торговли;
      7) нотариально засвидетельствованные копии документов удостоверяющих личность и приказов о назначении на должность, оригиналы адресной справки о месте проживания, справка о наличии или отсутствии судимости работников Заявителя, которые будут иметь доступ к служебной информации;
      5. Организация по работе с дипломатическим корпусом Министерства в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня предоставления документов указанных в пункте 3 Правил заключает договоры о предоставлении информационной поддержки.
      6. Цена договора о предоставлении информационной поддержки организацией по работе с дипломатическим корпусом Министерства формируется на основе фактических затрат организации по работе с дипломатическим корпусом Министерства на осуществление информационной поддержки.
      7. После заключения договора с организацией по работе с дипломатическим корпусом Министерства о предоставлении информационной поддержки Заявитель обращается в Министерство с заявлением, составленном в произвольной форме, к которому прилагаются следующие документы:
      1) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      2) нотариально засвидетельствованная копия документа, подтверждающего регистрацию лица в качестве налогоплательщика;
      3) нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов;
      4) подтверждения из банков об открытых в них счетах;
      5) нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих право владения помещениями, пригодными для использования в качестве магазина беспошлинной торговли;
      6) планы, чертежи помещений и территорий, заявляемых в качестве магазина беспошлинной торговли;
      7) договор с организацией по работе с дипломатическим корпусом о предоставлении информационной поддержки;
      8) нотариально засвидетельствованные копии документов удостоверяющих личность и приказов о назначении на должность, оригиналы адресной справки о месте проживания, документа об отсутствии судимости, медицинской справки о профессиональной пригодности установленной формы сотрудников Заявителя, которые будут иметь доступ к служебной информации.
      8. Министерство по итогам рассмотрения обращения Заявителя в течении 15 календарных дней, письменно информируют о принятом одном из следующих решений:
      1) о допуске к информации Министерства ограниченного распространения;
      2) об отказе в допуске к информации Министерства ограниченного распространения.
      9. Решение об отказе в допуске к информации Министерства ограниченного распространения принимается в случае не предоставления документов, указанных в пункте 7 Правил, или предоставление недостоверной информации.
      10. Допуск к информации Министерства ограниченного распространения оформляется приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан о выдачи разрешения на проведение работ с использованием служебной информации Министерства ограниченного распространения.

3. Порядок работы со служебной информацией

      11. Министерство запрашивает у дипломатических представительств, приравненных к ним представительств международных организаций, консульских учреждений разрешение на предоставление служебной информации юридическим лицам, включенным в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли (далее – Юридические лица).
      При не представлении дипломатическими представительствами, приравненными к ним представительствами международных организаций, консульскими учреждениями согласия на предоставление служебной информации Министерство не предоставляет служебную информацию по таким представительствам.
      12. Служебная информация предоставляется Юридическим лицам в первый рабочий день каждого месяца по средствам электронного документооборота.
      13. Разрешение допуска Юридических лиц к служебной информации отзывается в случае:
      1) исключения из реестра владельцев магазинов беспошлинной торговли;
      2) совершения действий, указанных в пункте 3 Правил;
      3) утери предоставленной служебной информации;
      4) подачи заявления Юридического лица о прекращении деятельности магазина беспошлинной торговли.
      14. При отзыве разрешения допуска Юридического лица к служебной информации такое Юридическое лицо незамедлительно утилизирует полученную служебную информацию в присутствии ответственных лиц Министерства о чем составляется соответствующий акт.