"Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы және "Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолданатын, сақтайтын жеке және заңды тұлғалардың, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 359 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8592 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 465 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 556 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.06.2015 № 465 және ҚР Ішкі істер министрінің 23.06.2015 № 556 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттарын қысқарту және бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен оларға енгізілген түзетулерді ескере отырып, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. «Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолданатын, сақтайтын жеке және заңды тұлғалардың, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6917 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 маусымда № 179 (26600) жарияланған) (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы бойынша қызметіне жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы»;
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;»;
      6)7) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;
      бірлескен бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      бірлескен бұйрыққа 67 және 8-қосымшалар алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (И.В. Лепеха):
      1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.
      5. «Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметінің, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметі, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметінің және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6916 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 маусымда № 179 (26600) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі             Премьер-Министрінің Бірінші
      _____________ Қ. Қасымов        орынбасары – Қазақстан
                                      Республикасының Өңірлік даму
                                      министрі
                                      _______________Б. Сағынтаев
      2013 жылғы 29 мамыр             2013 жылғы «_____»________

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші      
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің    
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығымен     
бекітілген          

Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және
оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және
қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар,
азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған
бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына, меншікке және қоршаған ортаға зиян келтіру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып:
      заңсыз әскерилендірілген құрылымдар немесе қылмыстық ұйымдар құру, шетелдік қатысумен күзет құрылымдарының жұмыс істеуі, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін күзет ұйымдарын пайдалану;
      қару-жарақтың, арнайы құралдар мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымға өтуі, оларды құқыққа қарсы мақсаттарда, оның ішінде терроризм актілерін жасау кезінде пайдалану;
      2) тексерілетін субъектілер – күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті, күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалар.
      3. Жоспарлы тексерістер жүргізу тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
      төмен тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен белгіленеді.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективтік – тексерілетін субъектілер қызметін жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективтік – тексерілетін субъектілер белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне қарай белгіленеді.
      Субъективтік критерийлер елеулі және елеусіз бұзушылықтардан тұрады.
      5. Тексерілетін субъектілерді бастапқыда тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік критерийлері негізінде ғана жүзеге асырылады.
      6. Тексерілетін субъектілерді екінші рет тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу субъективтік критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      Елеусіз тәуекел дәрежесінің 3-тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексерілетін кезең ішінде бір немесе екі елеулі немесе екі және одан да көп елеусіз бұзушылық жасаған жағдайда орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына, ал үш және одан көп елеулі бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексерілетін кезең ішінде бір және одан көп елеулі немесе екі және одан да көп елеусіз заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Соңғы тексеріс бұзушылықтарды анықтамаған жағдайда тексерілетін субъектілер дәрежесі аз тәуекел тобына ауыстырылады.
      Объективтік критерий бойынша жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына жатқызылған тексерілетін субъектілер аса төмен тәуекел тобына ауыстырылмайды және жыл сайын тексеруге жатады.
      7. 2 және 3-тәуекел топтарына жатқызылған тексерілетін субъектілер тексеріс жоспарларына соңғы тексерістің күнін ескере отырып енгізіледі.

2. Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру
және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті және
күзет қызметі саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлері

      8. Объективтiк критерийлерге мыналар жатады:
      тәуекел дәрежесi жоғары 1-топқа – күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      тәуекел дәрежесi орташа 2-топқа – күзет қызметiн қызметтiк және азаматтық қаруды пайдаланбай жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын соңғы үш жылда бұзушылыққа жол берген заңды және жеке тұлғалар;
      тәуекел дәрежесi елеусiз 3-топқа – күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын 1 және 2-топтарға енгiзiлмеген заңды және жеке тұлғалар.
      9. Елеулi бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) күзет құрылымдарының қызметiнде шетел қатысуының болуы;
      2) күзет құрылымы басшысында не болмаса күзетшiде психикалық аурудың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың болуы;
      3) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшiнiң қылмыс жасағаны үшiн соттылығының болуы;
      4) күзет құрылымы басшының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлiнiң болмауы;
      5) күзет құрылымдарының басшысының не болмаса күзетшiнiң арнайы даярлық курстарынан өткенi туралы куәлiгiнiң болмауы;
      6) қызметтiк қару пайдаланған жағдайда қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайдың (не болмаса белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiмшарттың) болмауы;
      7) күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшiлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауы;
      8) объектiлердi күзету кезiнде күзетшiлердiң штаттық санының белгiленген нормативін бұзу;
      9) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы;
      10) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, басқарудың белгiленген тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуы;
      11) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептер бойынша үш жыл бұрын босатылуы;
      12) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшінің жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептер бойынша үш жыл бұрын босатылуы;
      13) күзет құрылымы басшысында не болмаса күзетшіде Қазақстан Республикасының азаматтығының болмауы;
      14) заңды тұлғаның күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізетін маманында, жеке тұлғада жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық бiлiмiнің болмауы;
      15) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын субъектінің күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайының (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) болмауы;
      16) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығының болмауы;
      17) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада психикалық ауруының болуы;
      18) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысында, қызметкерінде, жеке тұлғада заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
      19) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысы, қызметкері, жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы;
      20) бір немесе одан да көп күзетшінің жеке басын және оның жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттың болмауы.
      10. Елеусiз бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ұйғарымын және басқа да заңды талаптарын орындамау;
      2) күзет құрылымы басшысының не болмаса күзетшiнiң бiлiктiлiктi арттыру курстарынан (оқытудың арнайы курсы) уақтылы өтпеуi;
      3) тексерілетін субъектiнiң қызмет көрсету туралы келiсiмшарт жасасудың жазбаша нысанын сақтамауы;
      4) күзетшiнiң жас ерекшелiгiнiң сәйкес келмеуi;
      5) күзетшi лауазымын атқаратын қызметкерлердiң мiндеттi сақтандырылуы туралы талаптардың сақталмауы;
      6) күзетшілердің қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде белгiленбеген үлгiдегi арнайы киiм киюi;
      7) күзетшінің жеке басын және оның жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының,
жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды
қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      11. Тексерілетін субъектілер объективтік критерийлері бойынша жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады (қару-жарақ пен жарылғыш заттарды пайдаланатын және сақтайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер).
      12. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға рұқсаттың болмауы;
      2) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға рұқсаттың болмауы;
      3) тексерілетін субъектілер қызметкерлерінде қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттың болмауы;
      4) қызметтік қаруды мақсатынан тыс пайдалану;
      5) қару-жарақты белгіленбеген жерде сақтау;
      6) қару-жарақтың, жарылғыш заттардың, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың ұрлануы немесе жоғалуы фактілеріне жол беру;
      7) қару-жараққа, жарылғыш заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға есеп жүргізу тәртібін бұзу;
      8) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайларда өрт-күзет сигнализациясының болмауы не ақауының болуы;
      9) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылуын бұзу;
      10) республика аумағына iшкi iстер органдарының қорытындысынсыз (рұқсат құжаты) қару-жарақты әкелу (әкету);
      11) дүкендер сататын қару мен оның патрондарына сәйкестiк сертификатының болмауы;
      12) қару-жараққа, жарылғыш заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар адамдардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi.
      13. Елеусiз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) сатып алынған қару-жарақты тiркеу мерзiмдерiн сақтамау;
      2) тексерілетін субъектiлер филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) қару-жарақты балансқа алу кезiнде оны уақтылы тiркемеуi;
      3) қару-жарақты, жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға рұқсаттарды уақтылы ұзартпау;
      4) тексерілетін субъектілері қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттарды уақтылы ұзартпауы;
      5) келiп түскен және сатылған қару-жарақтың саны туралы есептi ұсынбау не уақтылы ұсынбау;
      6) жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтайтын қоймаларда рұқсат етiлетiн нормадан асып кету.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші    
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің  
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Жеке кәсiпкерлiк саласында күзет сигнализациясы құралдарын
монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету
жөнiндегi қызметтi тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                         (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                               (заңды тұлға/жеке кәсiпкер)
_____________________________________________________________________
                                  (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________

Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)

Тексерiс барысында қамтылатын мәселелер

Түсiнiктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/Қ

Заңды тұлғалар үшiн

1.*

Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізетін маманның жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық бiлiмi бар


2.*

Субъектінің күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын құрал-жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайы (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) бар


3.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


4.*

Субъект басшысы денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


5.*

Субъекті басшысының заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


6.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


7.*

Субъект қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


8.*

Субъект қызметкерлері денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


9.*

Субъект қызметкерлерінің белгіленген заңды тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


10.*

Субъект қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


Жеке тұлғалар үшiн

11.*

Жеке тұлғаның жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғарғы немесе орта техникалық бiлiмi бар


12.*

Жеке тұлғаның күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын құрал-жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайы (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) бар


13*

Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


14*

Жеке тұлға денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


15.*

Жеке тұлғаның заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


16.*

Жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


Ескертпе:         Пайдаланылған белгілердің мағынасы
                  * – елеулі заң бұзушылықтар;
                  ИӘ – иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
                  ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейді,
                  қанағаттанарлықсыз;
                  ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
                  ІІО – ішкі істер органдары;
                  7.*-10.*-тармақтарда «қызметкерлер» деген сөз күзет
                  қызметі сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке
                  келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету
                  жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын мамандар деп
                  түсініледі

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2013 жылғы 29 мамырдағы № 359
және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші    
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің  
2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметін
тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                         (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                               (заңды тұлға/жеке кәсiпкер)
_____________________________________________________________________
                                  (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________

Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)

Тексерiс барысында қамтылатын мәселелер

Түсiнiктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/Қ

1.*

Субъект басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар


2.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


3.*

Субъект басшысында арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болуы


4.*

Субъект басшысында арнайы бағдарлама бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болуы


5.*

Субъект басшысы денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдiк немесе нашақорлық бойынша есепте тұрған жоқ


6.*

Субъект басшысының қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ


7.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


8.*

Субъект басшысы жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған


9.*

Субъект басшысы мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған


10.*

Субъект басшысы жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған


11.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


12.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерiнiң жасы 19-дан төмен емес


13.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерiнде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болуы


14.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерiнде арнайы бағдарлама бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өткендігі туралы куәліктің болуы


15.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерiнiң қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ


16.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көздiң нашар көруiне, психикалық ауруына, маскүнемдiкке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсетiмдер жоқ)


17.*

Субъект қызметтiк және азаматтық қару пайдаланған жағдайда қару мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлары (не белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiм-шарт) бар


18.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған


19.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған


20.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған


21.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған


22.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын субъект қызметкерлерi жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттармен қамтамасыз етілген


23.

Күзетшілердің жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді


24.

Субъект күзет қызметтерiн көрсету туралы келiсiмшарт жасасудың жазбаша нысанын сақтайды


25.

Субъект күзетшiлер лауазымын атқаратын қызметкерлердi мiндеттi сақтандыру туралы талаптарды сақтайды


26.*

Субъект күзетшiлерiнiң штаттың саны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормативке сәйкес келедi


27.*

Субъект күзетшiлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауға жол бермеген


28.

Субъект күзетшiлерi жұмыстан тыс қасақана қылмыстар жасауға жол бермеген


29.

Субъект күзетшiлердiң арнайы киiм киюi бойынша талаптарды сақтайды


30.*

Ұлттық компанияның күзет ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органмен келіскен


31.*

Субъектінің құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншік иесі күзет қызметімен айналысатын басқа ұйымның құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншік иесі болып табылмайды


32.*

Субъект күзеттен басқа өзге қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табылмайды. Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) үшін қызметтің осы түрі – негізгі


33.*

Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не болмаса лауазымды адамдары болып табылмайды


34.*

Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), атасы, әжесi, немерелерi), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), атасы, әжесi, немерелерi) болып келетiн өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн жеке тұлғалар болып табылмайды


35.*

Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар болып табылмайды


36.*

Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар болып табылмайды


37.*

Субъекті құрылтайшысы (қатысушысы) қоғамдық бірлестік болып табылмайды


Ескертпе:         Пайдаланылған белгiлердiң мағынасы
                  * – елеулi заң бұзушылықтар;
                  ИӘ – иә, бар, сәйкес келедi, қанағаттанарлық
                  ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейдi,
                  қанағаттанарлықсыз;
                  ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
                  IIО – iшкi iстер органдары. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады