Байланыс формасы

Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8612 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 384 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.08.2017 № 384 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 264 бұйрығымен
бекітілген

Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік
сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын
бекіту туралы
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген, білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар:

      1) педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, басқа да кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;

      2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттырғысы келетін білім және ғылым саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) өз бетімен маманды меңгерген (мамандық/біліктілік) тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) апелляция – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы уәждеу сауалы бар, сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша өтініші;

      2) бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, оның көмегімен үміткердің сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасындағы талаптарды орындау сәйкестігі белгіленетін процесс;

      3) берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі - берілген сертификаттарды есепке алу журналы;

      4) біліктілік – білім деңгейіне, даярлауға және/немесе жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап;

      5) біліктілікті беру – педагогика саласындағы нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттіліктердің, кәсіптік білімнің, іскерлік пен дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;

      6) біліктілік деңгейі – жұмыстарды орындау кезінде күрделілігін, стандартты еместігін және жауапкершілік дәрежесін есепке алатын біліктіліктің ұлттық шеңберінде (бұдан әрі – БҰШ) және біліктіліктің салалық шеңберінде (бұдан әрі – БСШ) біліктіліктің түрлі деңгейлеріне қойылатын талаптардың жиынтығы;

      7) біліктілік сәйкестігін растау - сертификатталған тұлғаның білім және ғылым саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкестігін растау және біліктілік беру сертификаты түрінде нәтижесі құжаттамалық куәландыру болып табылатын рәсім;

      8) емтихан - үміткердің құзыреттілік дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдер арқылы, мысалы, лауазымның және жұмыс орнының ерекшелігін ескере отырып, ауызша, жазбаша, практика, бақылау арқылы анықтайтын, бағалау бөлігі болып табылатын тетік;

      9) емтихан алушы – практикалық қызмет тәжірибесі бар, тиісті қызмет саласында кәсіптік білімі бар, сертификатталатын маман деңгейінен төмен емес, емтиханды өткізуге және/немесе бағалауға құзыретті тұлға;

      10) қайта сертификаттау – сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімінің бітуі бойынша сертификаттау рәсімінің қайта өткізілуі;

      11) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілік беру жөніндегі мекеме – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жұмыстарын орындау үшін білім беруге арналған қызмет етуден тәуелсіз аккредиттелген заңды тұлға;

      12) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасы – мамандардың білім және ғылым саласындағы БСШ-пен және кәсіптік стандарттармен, нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау және осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып, біліктілігін беру тәсілі;

      13) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 19 наурызда № 10513 болып тіркелген "Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіппен аттестатталған маман;

      14) сертификат – маманның біліктілік (кәсіби құзыреттілік) деңгейінің біліктілік талаптарына, сәйкестігін куәландыратын құжат;

      15) сертификаттау - мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі ұйым арқылы үміткердің БҰШ-та біліктілік және құзыреттілік деңгейіне және кәсіптік стандарттарға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілейтін, сәйкестікті растаудың және біліктілікті берудің тиісті сертификатын беретін рәсім;

      16) үміткер – білім және ғылым саласындағы маманның біліктілігін иеленуге үміткер өтініш беруші.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік
сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–параграф. Жалпы талаптар

      4. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беруді мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі тәуелсіз мекеме (бұдан әрі – СРМ) жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Үміткерлердің біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру туралы өтініштерін (бұдан әрі - өтініш) СРМ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдайды және өтініш түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімдерін өткізу мақсатында СРМ жанынан өкілеттік мерзімі / күнтізбелік бір жыл болатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2–параграф. Тәуелсіз біліктілік комиссия қызметі

      7. Комиссия СРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және келесі қызметті жүзеге асырады:

      1) үміткерлер ұсынған өтініштерді қарау;

      2) үміткерлерге отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлау;

      3) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес біліктілік емтихандарын қабылдау;

      4) емтихан нәтижелері бойынша біліктілікті растау/растамау туралы қорытынды дайындау және оны СРҰ-да сертификаттау бойынша шешім қабылдауға ұсыну;

      5) біліктілікті беру үшін үміткерді одан әрі кәсіптік даярлау туралы ұсынымдама беру;

      6) өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтау.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, сертификаттаудың қарастырылатын саласындағы сарапшы-аудитор, комиссия мүшелері (бейін бойынша үштен кем емес) кіреді.

      Комиссия төрағасы сарапшы-аудиторлар, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, ұйымдардың, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.

      Комиссия мүшелері сарапшы-аудиторлар, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.

      9. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия отырысын өткізеді;

      2) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;

      3) СРҰ-де комиссияның жұмыс нәтижелерінің талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) емтихан қорытындылары бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы хаттаманы бекітеді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Комиссияның хатшысы:

      1) Комиссия мүшелеріне отырыстың күні мен уақыты туралы хабарлайды;

      2) Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;

      3) Комиссия жұмысының материалдарын ресімдейді және бекіту үшін белгіленген тәртіпте СРҰ-ге жолдайды.

      Комиссия құрамына хатшы сертификатталатын мамандардың бейініне сәйкес келетін білімі бар мамандардан бекітіледі. Хатшы Комиссия мүшесі бола алмайды.

      11. Емтихан алушылар:

      1) өзінің кәсіптік қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты СРМ-ге ұсынады;

      2) өзінің құзыреттілік деңгейін әрдайым қолдайды және арттырады;

      3) өз қызметі процесінде алынған барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      12. Комиссия көпшіліктің қарапайым дауыс беруі арқылы төмендегідей шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) кәсібі бойынша біліктілік сәйкестігін растау (растамау) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу);

      2) кәсібі бойынша біліктілігін беру (бермеу) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу).

      Шешім, егер комиссия отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқанда, заңды деп есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда шешім емтихан тапсырушының пайдасына қабылданады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Комиссияның біліктілік сәйкестігін растау немесе тиісті біліктілігін беру туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және СРМ бұйрығымен бекітіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімінде СРМ мыналарды қамтиды:

      1) үміткерден өтініштерді қабылдау;

      2) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес өтініштерді бағалау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік сәйкестікті растауға және біліктілігін беруге арналған өтініш бойынша шешім қабылдау;

      3) тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, СРМ мен үміткер арасында біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қызметтерін жүргізуге арналған шарт жасау;

      4) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру және бағалау нәтижелерін құжаттау сызбасының талаптарына сәйкес емтихан өткізу;

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау бойынша шешім қабылдау және оң шешім қабылданған жағдайда біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру туралы сертификатын беру;

      6) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес қайта сертификаттау өткізу.

      7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген сертификаттарды есепке алу тізілімдегі тиісті жазбамен сертификат беру.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Апелляциялық комиссияның құзыреті

      15. Даулы мәселелерді қарастыру және қатысушылардың құқығын қорғау үшін Апелляциялық комиссия құрылады. Үміткер емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан нәтижесі жарияланған соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға шағым береді. Апелляцияны қарау мерзімі – жеті жұмыс күні.

      16. Апелляциялық комиссия CРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және Апелляциялық комиссия туралы ереже негізінде жұмыс істейді.

      Комиссия мүшелері Апелляциялық комиссияның құрамына кіре алмайды.

      17. Апелляциялық комиссияның функциялары:

      1) Сертификаттаудан өткен үміткерлердің немесе тұлғалардың жазбаша шағымын қарау;

      2) түскен апелляциялардың қатаң есебін жүргізеді;

      3) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасын жетілдіру туралы ұсыныс енгізу.

      Апелляцияны қарау емтихан нәтижелерін бағалау процесінің дұрыстығын тексеруді, талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешімін тексереді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

      18. Апелляциялық комиссия қабылданған шешімдерді растайды, бұл ретте өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

3. Қорытынды ережелер

      19. Емтиханды жақсы тапсырған тұлғаларға Сертификат беріледі.

      20. Сертификат:

      1) техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын бітірген, диплом алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде сертификаттаудан өткен тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, барлығына үш жыл мерзіммен беріледі.

      21. Сертификат жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалудың жариялануын растайтын құжатпен қоса берілген өтініш негізінде, СРО оның көшірмесін береді.

      22. Сертификат алған тұлға, сертификат бүлінген жағдайда нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сертификатының көшірмесін беру туралы СРМ-ға өтініш беру керек, сертификаттың бүлінген түпнұсқасын өтінішке қоса ұсыну қажет.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. СРМ сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде "Көшірме" сөзін, бұрынғы нөмірлерді, берілу күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сертификатының көшірмесін береді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Біліктілік сәйкестігін растауға және

      оларға біліктілігін беруге арналған

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ФОТО

4х6

     

      _____________________________________________________________ (кімге)

      (мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      органының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (кімнен)(аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, телефоны, e-mail)

      _________________________________________________ бойынша сәйкестікті

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру саласын көрсету)

      растауды сұраймын.

      Мен _____________________________________________________ саласындағы

      сертификаттау процесіне қатысты нормативтік құжаттардың шарттарымен

      және талаптарымен таныстым және қабылдаймын.

      Менің өтініштегі нысанда келтірген деректерімді тізілімде жариялануға

      болады.

      Мен берген мәліметтер рас, келешекте біліктілік сәйкестігін растау

      және біліктілігін беру органына және жеке мәліметтердегі барлық

      өзгерістерді хабарлауға міндеттенемін.

      Мен дұрыс емес ақпарат берген жағдайда тізілімнен шығаруды түсінемін

      және қабылдаймын.

      Қосымшалар:

      1. Жеке куәлік (көшірмесі);

      2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)

      3. Білім туралы құжаттың (көшірме, болған жағдайда);

      4. Тиісті мамандық бойынша еңбек өтілін растайтын құжат

      (көшірме, болған жағдайда);

      5. Сертификаттау саласындағы біліктілікті арттыру туралы куәлік

      (көшірме, болған жағдайда).

      Күні, өтініш берушінің қолы, қол қоюларды ажырату.

      Ескерту – барлық көшірмелердің әр беті ұйымның мөрімен немесе

      нотариалды түрде расталады.

  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жоспары
20__ жылғы "___"__________

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру органының атауы)

      20 __ жылғы "___"_________ өтінішті қарастырып қосымша құжаттармен

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің аты-жөні, мекен-жайы, телефоны)

      біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беруге

      _____________________________________________________________________

      (қызметтің атауы)

      Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі орган

      ШЕШТІ:

      1. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      _________________________________________ сызбасы бойынша өткізілсін.

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасының нөмірі)

      2. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру үшін өтініш

      берушінің құзыреттілігін тексеру

      _____________________________________________________________________

      (құзыреттілігі тексерілетін орталықтың атауы) базасында жүргізілсін.

      3. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      _____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (керек болса

      тармақтардың нөмірлері) талаптарға сәйкес өткізілсін.

      4. Жұмыстар _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)

      негізінде жүргізілсін.

      _________________________________ М.О. ______________________________

      (Біліктілік сәйкестікті растау (тегі, аты-жөні)

      жөніндегі орган басшысының қолы)

  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

      _________________________________________________________________

      жөніндегі органның атауы

СЕРТИФИКАТ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы сертификат ___________________________________________________ ке

      (тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (негізінде сертификат берілген нормативтік құжат)

      ________________________________________________________ біліктілікті

      беруге/растауға сәйкес берілді

      берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген

      № ____________________________ 20 ____ жылғы "___" __________ берілді

      20 __ жылғы "__" _______ ға дейін жарамды

      Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын бітірген диплом алған

      күннен бастап бір жыл аралығында сертификаттаудан өткен тұлға үшін

      мерзімсіз болады.

      Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандардың біліктілік сәйкестігін

      растау және біліктілігін беру органы заңды тұлғаның құрылымдық

      бөлімшесі болып табылса)

      ____________________ _________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

      МО

      Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      органының басшысы

      ________________ _________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

Берілген сертификаттарды есепке алу
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.09.2015 № 572 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

п/п

Сертификаттың

тіркеу

нөмірі

Берілген күні

(күні,

айы,

жылы)

Серктификат

алған тұлға

А.Ж.Т.

Сертификат

берген өкілетті

органның аталуы

Кәсіптің

мамандықтың

аталуы

немесе

кәсіптік

қызметтің

саласы

Сертификаттың

жарамды мерзімі

Алушының

қолы


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады