Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № 493 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8649 тіркелді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қаржы полициясы генерал-майоры Е.Ә. Кененбаевқа, Заң департаментіне (С.В. Пономарев), Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха), Жол полициясы комитетіне (Е.Б. Құсайынов), Криминалдық полиция комитетіне (Ж.Қ. Сүлейменов), Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне (А.Н. Выборов), Кадр жұмысы департаментіне (А.У. Әбдіғалиев), Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов), Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) және Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне (Б.Ш. Исенова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2013 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 12 тамыздағы № 493
бұйрығымен бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 14.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Ішкі істер министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы

1.

Тегі

2.

Аты

3.

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

4.

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер

5.

Тегі мен атының транскрипциясы

6.

Туу туралы мәліметтер:

туған күні;

туған жері

7.

Нәсілдік және ұлттық тиістілігі

8.

Діні

9.

Жынысы

10.

Жанұялық жағдайы туралы мәлімет:

тұрмыста бар-жоғы;

неке қию туралы куәлік деректері;

неке бұзу туралы куәлік деректері;

жұбайының тегі, аты, әкесінің аты;

жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

туыстық деңгейі;

отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері;

балаларының (оның ішінде асырап алған, қарауындағы) бар-жоғы және олардың жасы

11.

Азаматтығы туралы деректер:

азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негізі;

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған күні;

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу негізі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алған күні;

Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу негізі

12.

Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер

13.

Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер:

лауазымының, құрылымдық бөліністің, ұйымның, оның атауын толық көрсету;

жалпы және үздіксіз еңбек өтілі;

мекенжайлары және телефондары, сондай-ақ оларда бұрын атқарған лауазымының толық атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, басқа ұйымдардың деректемелері;

14.

Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет:

оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шыққан күні);

дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;

білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;

факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;

ғылыми деңгейі;

ғылыми атағы;

шетел тілдерін білуі;

15.

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;

білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;

білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы

16.

Тұрғылықты жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу күні

17.

Байланыс телефондарының нөмірлері

18.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

19.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

20.

Портреттік суреті (цифрланған суреті)

21.

Қолы

22.

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

құжаттың атауы;

құжаттың нөмірі;

құжаттың берілген күні;

құжаттың жарамдылық мерзімі;

құжатты берген орган;

23.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздық, жоғалту, жою себептері туралы мәліметтер;

24.

Ауруының болуы (болмауы);

25.

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер;

26.

Соттылығының болуы (болмауы);

27.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны;
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті немесе кінәлі ретінде тартылғаны;
Қылмыстық істі сотқа беру;

Қылмыстық істі тоқтату;

28.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші (куәгер) деп тану;

29.

Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:

әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;

әскери билетті берген органның атауы;

әскери-есепке алу мамандығы;

әскери атағы;

есепке алу/шығару туралы деректер;

әскери қызметтен босату негізі;

30.

Еңбекақысы туралы мәліметтер:

жалақысы;

үстемеақылар;

салықтар бойынша деректер;

31.

Шет елдегі мекенжайы

32.

Мемлекеттік және ведомствалық наградалары, құрмет және арнайы атақтары, көтермелеулері туралы мәліметтер;

Награда, атақ немесе көтермелеу атауы немесе аты;

Марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі немесе көтермелеу күні

33.

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)

34.

Электрондық мекенжайы, Интернет-ресурстарындағы сайты

35.

Зейнетақы қорынан және жеке шотына түсімдерден мәліметтер

36.

Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы мәліметтер:

автокөлік (маркасы, тіркелген орны);

орналасу мекенжайлары;

жылжымайтын мүлік объектілерін алу әдісі және негізі;

37.

Жүргізуші куәлігі

38.

Сенімхат

39.

Төлемдік тапсырыстар

40.

Банктік несиелерінің бар-жоғы және олар бойынша байланыстар;

41.

Банктік шотының бар-жоғы;

42.

Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдіктің төлеу қабілетін растайтын ақпарат;

43.

Аттестаттау, қызметтік тексерістер материалдары;

44.

Қызметтік келісімшарт, азаматтық-құқықтық келісім-шарттың мазмұны және деректемелері;

45.

Жеке құрам бойынша өкімдердің түпұсқаларында және көшірмелерінде және олардың материалдарында көрсетілген мәліметтер

46.

Алимент алуға құқығы бар адамдар туралы ақпарат

47.

Ұсталғанның, тұтқынның қамауға алынған күні, уақыты

48.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам ретінде іздестіруде жүрген немесе есепте тұрған адам туралы мәліметтер

49.

Жазасын өтеу мерзімінің аяқталуы

50.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер

51.

Ішкі істер органдары есебіне нөмір қою және шығару күні, тіркеу

52.

Куәландыруға жеткізу туралы мәліметтер:

жеткізу күні;

куәландыру нәтижелері;

наркологиялық диспансерге есепке қою туралы мәліметтер;

53.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға не болмаса еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі және жарамдылық саласы, осы рұқсатты берген органның атауы

54.

Адамның мемлекеттік шекарадан өтуі туралы мәлімет

55.

Адамның мемлекеттен тыс жерде болуы туралы мәлімет

56.

Уақытша немесе тұрақты тұруға шақырылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер

57.

Уақытша немесе тұрақты тұруға кіру үшін рұқсат (бас тарту) туралы мәліметтер

58.

Берілген (ұзартылған) визалар

59.

Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 14.01.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

60.

Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұруға шығуға құжаттар ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) күні (күні, айы, жылы) және негізі

61.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат не болмаса рұқсат беруден бас тартуды ресімдеу күні (күні, айы, жылы) және негізі

62.

Азаматтығы жоқ адам деп тану күні (күні, айы, жылы) және негізі

63.

Босқын мәртебесін беру (ұзарту, тоқтату) не болмаса беруден (ұзартудан) бас тартудың күні (күні, айы, жылы) және негізі;

64.

Қандас мәртебесін беру (тоқтату) күні (күні, айы, жылы) және негізі

65.

Елден шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат

66.

Сот жүктеген орындалмаған міндеттемелердің бар-жоғы туралы ақпарат

67.

Адамның республика аумағы бойынша темір жол, әуе және қоғамдық автомобиль көлігімен жүруі туралы мәлімет

68.

Азаматтық сот өндірісінде жауапкер ретінде тартылуы туралы ақпарат

69.

Рейстің кешігуін немесе тоқтатылуын, поездың немесе өзге де көлік құралының жүруін растайтын құжаттар

70.

Мемлекеттік баж төлеу туралы құжаттың күні және нөмірі

71.

Азаматтық қаруды сақтауға, сақтау және алып жүруге рұқсат нөмірі

72.

Ұңғының, ұңғы қорапшасының, затвордың, қару тетігінің нөмірі

73.

Биллингтік мәліметтер және абонентке ұсынылатын Интернет қызметтер туралы мәліметтер

74.

Деректер беру желісіндегі абоненттің мекенжайлары және деректер беру желісіндегі Интернет-ресурстарына байланыс мекенжайлары

75.

Абоненттің Интернет-ресурсының сәйкестендірігіштері

76.

Уақыт белдеулерін ескере отырып абоненттің желіде тіркелу күні мен уақытын қоса алғанда, абонентке Интернет желісінде енуге ұсынылатын әрбір қызмет бойынша деректер беру желісінің хаттамалары

77.

Абоненттің Интернет-сессиясына бөлінген динамикалық немесе статистикалық IP-мекенжай

78.

Абоненттің Интернет-сессиясы ішінде берілген және қабылданған ақпарат көлемі

79.

Абоненттің желіге шығу нүктесі

80.

Абоненттің желіге шығуды жүзеге асырған телефон нөмірі

81.

Сұрау салынып отырған адамның стационарлық және ұялы телефондарынан жасалған телефон сөйлесулеріндегі дербес деректерді қамтитын мәліметтер;

82.

Интернет-қызметтің және байланыс қызметінің әрқайсысы абонентке ұсынған уақыт мерзімі

83.

Пайдаланушы пайдаланған байланыс түрі, жіберілген немесе алынған электрондық хабарламаның мекен жайлары, пошталық хабарламаның электрондық пошта мекенжайы

84.

Уақыт белдеулерін ескере отырып, Интернет-ресурсында деректерді өзгертуді бастау және аяқтау күні мен уақыты, сондай-ақ өзгерту жүргізілген IP-мекенжай

85.

Қайтыс болу күні және себебі

86.

Адамның физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сапа және сандық тұрғыдан сипаттайтын және олардың негізінде оның жеке басын анықтауға болатын мәліметтер:

дактилоскопиялық;

фотобейнесі және бейнежазу;

даусы және сөйлеуі;

ДНК;

иісі;

қанының тобы (және т.б.).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады