Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8671 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы, жинақтаушы зейнетақы қорлары, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі іс-шаралар жоспарларында көзделген рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және жинақтаушы зейнетақы қорлары жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу графигінде көзделген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 11, 20, 26, 29 және 31-тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 187 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) график – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-өткізу графигі;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданылуы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылған заңды тұлға;

      4) іс-шаралар жоспары – жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру жөніндегі іс-шараларды, олардың орындалу мерзімдерін және жауапты адамдарды, сондай-ақ құжаттар мен жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін ақпараттың тізбесін айқындайтын құжат;

      5) сақтандыру ұйымы – "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауға уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы;

      6) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру графикке сәйкес жүзеге асырылады және Қағидалардың 11, 20, 26, 29 және 31-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      3. Графикті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен бекітіледі және бекітілген күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының және Орталықтың атына жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Графикте:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен оның бекітілген күні;

      2) мыналарды:

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің дерекқорында әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашу және осы жеке зейнетақы шоттарына салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару үшін қажетті деректерді;

      Қағидалардың 9 және 25-тармақтарында көзделген құжаттар мен ақпаратты беру мерзімдерінің басталған және аяқталған күндерін қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорларының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру мерзімдерінің басталған және аяқталған күндері;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктерінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің толық атауы туралы ақпарат бар.

      5. Графикке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімі негізінде енгізеді және олар графикке енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың аттарына жіберіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны осы жинақтаушы зейнетақы қорымен келіседі.

      Графикте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бере бастаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (ол болған кезде) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған іс-шаралар жоспары келісуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған іс-шаралар жоспарын қарайды және жоспарланған іс-шаралардың тізбесімен және (немесе) оларды іске асыру мерзімдерімен келіспеген жағдайда, іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері және міндеттемелері іс-шаралар жоспарына сәйкес беруге жоспарланып отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының атына ескертулерімен бірге хат жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ескертулері ескеріле отырып түзетілген іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің хатын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Іс-шаралар жоспарында:

      1) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларын (алушыларын) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері және міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берудің басталғаны туралы және Қағидалардың 19-тармағында көзделген іс-шаралардың аяқталғаны туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет–ресурсында тиісті ақпарат жариялау арқылы хабардар ету;

      2) жинақтаушы зейнетақы қоры, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Орталық арасында ақпарат алмасу тәртібі;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің базасында жеке зейнетақы шоттарын ашуы және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын аударуы;

      4) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің базасындағы жеке зейнетақы шоттарын жинақтаушы зейнетақы қорының жабуы;

      5) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есепке қоюы;

      6) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін графикке сәйкес қабылдау кезеңінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының орындауы;

      7) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық–техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      8) жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы құжаттар мен ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруі, сондай-ақ оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сақтауы және одан әрі пайдалануы;

      9) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және міндеттемелерін қабылдау барысында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорымен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкімен, жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкімен, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен (ол бар болса) және Орталықпен өзара іс-әрекет жасауын болжайтын басқа іс-шараларды;

      11) Қағидалардың 31-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты жою жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін жинақтаушы зейнетақы қорының беруін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды жүргізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жинақтаушы зейнетақы қорлары (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар) мынадай құжаттар мен ақпаратты графикте белгіленген мерзімдерде өткізеді, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайды:

      1) қолданыстағы (ашылған) зейнетақы шарттары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан және оларға қатысты зейнетақы жинақтарының төлемдері жүзеге асырылған және сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтары аударылған алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы және тарихи деректер;

      2) барлық құжаттары қоса берілген қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және оларға қосымша келісімдердің түпнұсқалары;

      3) жинақтаушы зейнетақы қоры бұрын жүргізген зейнетақы жинақтарының төлемдері және сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының аударымдары бойынша құжаттардың түпнұсқалары мен ақпарат;

      4) мыналарды қоса алғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметі бойынша құжаттар:

      инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;

      қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары, ұсынымдар жасалған кезде пайдаланылған құжаттар мен ақпарат қоса беріледі;

      тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;

      инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;

      зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі клиенттік тапсырыстарының (жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алуға арналған шоты бойынша операциялар жасау жөніндегі бұйрықтардың) түпнұсқалары;

      ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелердің жасалуын және тіркеуін растайтын құжаттардың (trade ticket, trade сonfirmation, биржалық куәлік, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттік тапсырыстарды орындағаны (орындамағаны) туралы есептері) түпнұсқалары;

      мәмілелері халықаралық (шетелдік) нарықты жасалған борыштық бағалы қағаздары шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);

      екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым шарттарының түпнұсқалары;

      қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтері есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді бастау күніне дейінгі бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша айналым-сальдо ведомостары (соңғы есепті күніне және құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру күніне);

      зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күніне және жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерді беру мерзімінің басталу күніне);

      пайда және шығындар туралы есеп (соңғы есепті күніне және жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерді беру мерзімінің басталу күніне);

      құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді бастау күнінің алдындағы үш жылдағы төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;

      жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) бүкіл жұмыс істеген кезеңіне инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;

      зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына құжаттар мен ақпаратты беру басталған күннің алдындағы кемінде бес жыл бұрынғы әрбір есепті айдың бірінші күніне және жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді беру мерзімінің басталу күніне);

      комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса алғанда, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары (құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді бастау күнінің алдындағы бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша жылдық есеп, құжаттар мен ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді бастау күнінің алдындағы бес жылға зейнетақы активтері бойынша жылдық есептерді және баланстарды (бар болса) әзірлеу және талдау бойынша талдамалық кестелер (жинақтаушы зейнетақы қоры растаған көшірмелер);

      меншікті активтері есебінен өтелуі тиіс номиналдық кіріс пен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бүкіл жұмыс істеген кезеңі бойынша);

      зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттерден берешекті өндіріп алу жөніндегі құжаттардың (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар) түпнұсқалары;

      5) іс-шаралар жоспарында айқындалған тізбеге сәйкес өзге де құжаттар мен ақпарат.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электрондық тасымалдағышпен ұсынылады.

      Қағидалардың 9-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:

      қағаз тасымалдағышпен ұсынылады;

      Іс қағазы жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағазы 250 парақтан аспайды және оған ішкі тізілім қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық нұсқаны ұсына отырып), оған жасаушы лауазымын және қол қоятын күнін көрсете отырып, қол қояды және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) мөрімен расталады.

      Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қағаз тасымалдағышта және іс-шаралар жоспарымен анықталған тәртіпке сәйкес ресімделеді.

      Уақытша сақтау мерзімі бар құжаттар да Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес осы тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацымен белгіленген тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені ұсынбай, қалыптасады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Жинақтаушы зейнетақы қорларының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағышта беруі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген құжаттарды қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қабылдау-өткізу актілерінде олардың әрқайсысы бойынша іс қағаздары атауларының тізбесі, іс қағазының жылы және парақтар саны көрсетіледі.

      12. Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы болып қайта тіркелген жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.

      13. Жинақтаушы зейнетақы қоры:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күні мыналарды электронды форматта қалыптастырады және Орталық пен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді:

      міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған міндетті зейнетақы жарналарын (төлемдерін) салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      жасалған шарт туралы ақпараты жоқ жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың тізімін;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасаған салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасаған салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотында есептелетін салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      кредиторды анықтау мүмкін емес зейнетақы активтері бойынша кредиторлық берешектің тізімі;

      2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары және "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шоты жабылған күннен бастап бір күнтізбелік күннен кешіктірмей мыналарды қалыптастырады және Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды тасымалдағышта жібереді:

      сақтандыру ұйымына қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитетi шарты негізінде зейнетақы жинақтарын аударуға байланысты салымшылардың (алушылардың) төлемге арналған орындалған өтініштерінің тізімін;

      міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша салымшылардың (алушылардың) төлемге арналған орындалған өтініштерінің тізімін;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық тасымалдағышта:

      міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      кредиторлық берешегі өтелген зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотында есептелетін салымшылардың (алушылардың) тізімін;

      міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитетi шарты негізінде сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударуға байланысты салымшылардың (алушылардың) төлемге арналған орындалған өтініштерінің тізімін;

      міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) төлемге арналған орындалған өтініштерінің тізімін;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық тасымалдағышта жинақтаушы зейнетақы қорының қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары бойынша операциялар туралы, салымшылардың (алушылардың) деректемелерін өзгерту, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын біріктіру бойынша ақпаратты.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында және 13-тармағында көрсетілген тізімдер мен ақпарат форматтарын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітіледі және олар бекітілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларының және Орталықтың атына жіберіледі.

      Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген салымшылар (алушылар) бойынша ақпарат инвестициялық портфельдің түрі (қалыпты немесе консервативті) көрсетіле отырып беріледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасында жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпаратты алған күні:

      1) Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) тізімдері бойынша кредиторларды анықтау мүмкін емес зейнетақы активтері бойынша кредиторлық берешекті есепке алу үшін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын және "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шоттарын ашады;

      2) салымшылардың (алушылардың) тізімдері бойынша Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы Орталыққа хабарлама жібереді;

      3) жинақтаушы зейнетақы қорына Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы ақпаратты жібереді.

      16. Орталық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген салымшылар (алушылар) тізімдері бойынша мәліметтерді алған күні:

      1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде жинақтаушы зейнетақы қоры белгісін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзгертеді;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне ақпараттың енгізілгендігі немесе енгізілмегендігі туралы хаттаманы жібереді;

      3) жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың (алушылардың) жекезейнетақы шоттарын жабу туралы ақпаратты жібереді.

      17. Жинақтаушы зейнетақы қоры:

      Орталық берген ақпарат негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесі базасында Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабуды жүзеге асырады;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры берген ақпарат негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесі базасында Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын және "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шоттарын жабуды жүзеге асырады.

      18. Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары ашылған салымшы (алушы) бар болса, онда осы салымшыға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа жеке зейнетақы шотын ашпайды, оның зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына есептеуді жүзеге асырады.

      Егер жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған салымшылардың тізіміне сәйкес салымшылардың (алушылардың) деректемелері жеке тұлғалардың бірыңғай тізімімен сәйкес келмеген не осы тізімде болмаған жағдайда, онда осы салымшыға (алушыға) жинақтаушы зейнетақы қоры берген деректемелерімен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жаңа жеке зейнетақы шоты ашылады.

      19. Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тізімдерді жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық тасымалдағышта сақтайды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тексереді.

      Тексеруден соң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері жинақтаушы зейнетақы қоры және Орталық өкілдерінің қатысуымен Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша үш көшірмесін электрондық тасымалдағышта жасайды, олар мөр басылып, пломбаланады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      Мөр басылған және пломба салынған электрондық тасымалдағыштың екі данасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беріледі және мөр басылған және пломба салынған электрондық тасымалдағыштың екі данасы Орталыққа қорына беріледі.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мөр басылған және пломба салынған электрондық тасымалдағыштың бір данасын жұмыс істеу үшін пайдаланады, екінші данасын резервтік көшірме ретінде тұрақты негізде сақтайды.

      Орталық мөр басылған және пломба салынған электрондық тасымалдағыштың бір данасын жұмыс істеу үшін пайдаланады, екінші данасын резервтік көшірме ретінде тұрақты негізде сақтайды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Қағидалардың 13-тармағында көзделген ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруі жинақтаушы зейнетақы қорының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      21. Жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей:

      зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарын сатып алу және (немесе) сату бойынша мәмілелер жасауды тоқтатады;

      зейнетақы активтері есебінен жасалған "кері "репо" операцияларын жабуды қамтамасыз етеді;

      тиісті шарттарды бұзуға дейін қалған күндерді ескере отырып қор биржасына, орталық депозитарийге, брокерлерге және (немесе) дилерлерге комиссия төлеуді жүзеге асырады.

      22. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру кезеңінде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтары салымшыларына (алушыларына) төлемдерді және қате есептелген сомаларды қайтаруды жүзеге асырмайды.

      23. Жүзеге асыру мерзімі графикте белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесі деректер базасында салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын оларға жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын есептеумен ашуды аяқтауға дейінгі кезеңге сәйкес келетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында зейнетақы төлемдерін алушыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

      24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр жинақтаушы зейнетақы қоры үшін графикте белгіленген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күні операциялық күнді ашады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесі деректер базасында осы жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шоттарын ашу аяқталған және оларға зейнетақы жинақтарының тиісті сомасы есептелген соң оны жабады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры операциялық күн жабылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кезеңділікке сәйкес графикте белгіленген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен бастап зейнетақы активтерінің шартты бірлігін есептеуді жүзеге асырады.

      25. Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін құрайтын қаржы құралдары туралы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кастодиан банкіне Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық форматта беріледі.

      26. Қағидалардың 25-тармағында көзделген ақпаратты беру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кастодиан банкінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ондайлар бар болса) басшылары және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қоятын қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      27. Қағидалардың 25-тармағында көзделген ақпаратты қабылдау-өткізу актісі, мыналарды:

      ұлттық және шетел валюталарындағы шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;

      ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыста болу мерзімін, санын, сатып алған бағасын, акция үшін бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын және облигация үшін номиналдан пайызбен бағасын, пайыз бен дивидендтер бойынша есептелген кірісті көрсете отырып берілетін бағалы қағаздардың жиынтық құны;

      банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;

      басқа қаржы құралдарының сомасын, санын және осы қаржы құралдарына тән қосымша сипаттамаларды көрсете отырып олардың тізбесі;

      зейнетақы активтері бойынша міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін беру күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеу:

      инвестициялық портфельдің (қалыпты және консервативті) әрбір түрі бойыншаны қоса беру күніне зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің жалпы сомасын қамтиды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде кастодиан банктің жеке шоты шеңберінде ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жеке шоты шеңберінде ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотына есептеу бойынша операцияларды орталық депозитарий жинақтаушы зейнетақы қоры кастодиан банкінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кастодиан банкінің екі қарсы бұйрықтарының негізінде жүргізеді.

      Қаржы құралдарын аударуды тіркеуге бұйрықтың нысаны Қағидалардың 2-қосымшасында айқындалған.

      29. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде кастодиан банктің жеке шоты шеңберінде ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жеке шоты шеңберінде ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотына есептеу бойынша операциялар тіркелгеннен кейін орталық депозитарий (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ескерілетін қаржы құралдары бойынша), жинақтаушы зейнетақы қорының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банктері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы бағалы қағаздардың қалдықтарын жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотынан есептен шығарылған бағалы қағаздардың қалдықтарымен салыстырып тексереді.

      Салыстырып тексеру тараптардың салыстырып тексеруге қатысатын уәкілетті өкілдері қол қоятын және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      30. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында барлық салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу және оларға жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын есептеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімімен салыстырып тексереді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін толық көлемде беру фактілерін анықтаған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша әзірленетін және осы жинақтаушы зейнетақы қорымен келісілетін және жинақтаушы зейнетақы қорларының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосымша актісімен ресімделетін қосымша іс-шараларға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қосымша беру жүзеге асырылады.

      Қосымша іс-шаралар жоспарында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін жинақтаушы зейнетақы қорының беруін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды жүргізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының және басқа да мүдделі тараптарының (қажет болған кезде) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған қосымша іс-шаралар жоспары келісуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне барлық мүдделі тараптары оған қол қойған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған қосымша іс-шаралар жоспарын қарайды және жоспарланған іс-шаралардың тізбесімен және (немесе) оларды іске асыру мерзімдерімен келіспеген жағдайда, қосымша іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері және міндеттемелері қосымша іс-шаралар жоспарына сәйкес беруге жоспарланып отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының атына ескертулерімен бірге хат жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ескертулері ескеріле отырып түзетілген қосымша іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің хатын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қосымша іс-шаралар жоспарында анықталған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру күні мыналарды электронды форматта қалыптастырады және Орталық жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру тиіс салымшылардың (алушылардың) тізімін жібереді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпарат алған күні:

      автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында Қағидалардың осы тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген салымшылардың (алушылардың) тізімдері бойынша кредиторларды анықтау мүмкін емес зейнетақы активтері бойынша кредиторлық берешекті есепке алу үшін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын және "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шоттарын ашады;

      Қағидалардың осы тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы хабарламаны Орталыққа жібереді;

      Қағидалардың осы тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.

      Орталық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Қағидалардың осы тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген салымшылар (алушылар) тізімдері бойынша мәліметтерді алған күні:

      міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде жинақтаушы зейнетақы қоры белгісін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзгертеді;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне ақпараттың енгізілгендігі немесе енгізілмегендігі туралы хаттаманы жібереді;

      жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының жабылуы туралы ақпаратты жібереді.

      Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталық және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры берген ақпарат негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында Қағидалардың осы тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабуды жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) бойынша іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімдерге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтері инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) органдарының тиісті шешімдері негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Комиссия жойылуға тиіс құжаттар мен ақпарат тізбесін анықтайды.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында сақталатын салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты, сондай-ақ зейнетақы жинақтары құпиясынан тұратын өзге де мәліметтерді қамтитын ақпарат, егер комиссия шешіміне сәйкес өзгеше айқындалмаса, жойылуға тиіс.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты жою туралы актіге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар қол қояды және олардың мөрлерімен расталады.

      Комиссия Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде көзделген ақпаратты жоймау не ішінара жою туралы шешім қабылдаған кезде осы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Қағидалардың 9 және 25-тармақтарына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілмеген және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жойылмаған құжаттарды сақтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10129 тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарттар бойынша зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына беру қағидаларына
1-қосымша

2013 жылғы "___" ________жағдай бойынша
жинақтаушы зейнетақы қорының (жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы) зейнетақы активтері есебінен
қалыптастырылған инвестициялық портфелі

      1-бөлік

Портфель түрі

Бағалы қағаздың типі

Бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі

ISIN

Т аудару күні

Номинал /бағалы қағаз шығарылымының валютасы

1

2

3

4

5

6

Сату






Өтеу







      кестенің жалғасы

Саны

Номиналдық құны

Номинал/ шығарылым валютасындағы ағымдағы (баланс) құны

Ағымдағы (баланс) құны теңгемен

Т күнінің басында номинал валютасында есептелген купон

Т күнінің басында теңгемен есептелген купон

7

8

9

10

11

12














      кестенің жалғасы

Номинал валютасындағы купонға провизиялардың сомасы

Теңгемен купонға провизиялардың сомасы

Номинал валютасындағы негізгі борыштың сомасына провизиялардың сомасы

Теңгемен негізгі борыштың сомасына провизиялардың сомасы

Номинал валютасында мерзімі өткен купонға провизиялардың сомасы

Теңгемен мерзімі өткен купонға провизиялардың сомасы

13

14

15

16

17

18




















      кестенің жалғасы

Валютада мерзімі өткен негізгі борыштың сомасына провизиялардың сомасы

Теңгемен мерзімі өткен негізгі борыштың сомасына провизиялардың сомасы

1 бағалы қағаздың акция шығарылымының валютасындағы бағасы

1 бағалы қағаздың номиналдық құнына %-бен бағасы

1 бағалы қағаздың шығарылым валютасындағы номиналы

19

20

21

22

23

















      кестенің жалғасы

Номинал валютасындағы мерзімі өткен купонның сомасы

Мерзімі өткен купонның теңгемен сомасы

Мерзімі өткен негізгі борыштың валютадағы сомасы

Мерзімі өткен негізгі борыштың теңгемен сомасы

Ескерту

24

25

26

27

28












      Кестені толтыру бойынша түсіндірме:

      1. Портфель түрі: Сату – сатуға қолда бар және саудаға арналған бағалы қағаздар /Өтеу - өтеуге дейін ұсталып тұратын бағалы қағаздар.

      2. БҚ типі: BOND - облигациялар, STOCK - акциялар (оның ішінде қолхаттар, депозитарлық қолхаттар).

      3. Бағалы қағаздың ҰСН, эмиссия проспектісіне сәйкес толтырылады (дереккөзі "Қазақстан қор биржасы" АҚ).

      4. Бағалы қағаздың ISIN, эмиссия проспектісіне сәйкес толтырылады (дереккөзі Bloomberg).

      5. Т беру күні: зейнетақы активтерін беру күні графикке сәйкес толтырылады.

      6. Номиналдың /БҚ шығарылымының валютасы: тиісті дереккөзден алынған бағалы қағаздың проспектісіне сәйкес толтырылады.

      7. Бағалы қағаздардың саны: осы портфельдегі әр шығарылым бойынша бағалы қағаздардың жалпы саны толтырылады (жалпы позиция).

      8. Номиналдық құны: облигациялар бойынша ғана толтырылады (7 баған * 23 баған).

      9. Номинал/шығарылым валютасында ағымдағы (баланс) құны: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, есептелген сыйақысыз және провизиялардың сомасыз құны.

      10. Теңгемен ағымдағы (баланс) құны: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, есептелген сыйақысыз және провизиялардың сомасыз құны.

      11. Провизиялардың сомасын ескерусіз, Т күнінің басында номинал валютасында есептелген купон (дивиденд): үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      12. Провизиялардың сомасын ескерусіз, Т күнінің басындағы теңгемен есептелген купон: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      13. Номинал валютасында купонға провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      14. Теңгемен купонға провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      15. Номинал валютасында негізгі борыш сомасына провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      16. Теңгемен негізгі борыш сомасына провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      17. Номинал валютасында мерзімі өткен купонға провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      18. Теңгемен мерзімі өткен купонға провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      19. Валютада мерзімі өткен негізгі борыштың сомасына провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      20. Теңгемен мерзімі өткен негізгі борыштың сомасына провизиялар сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп беріледі.

      21. Бір бағалы қағаздың акция шығарылымының валютасындағы бағасы: үтірден кейін 9 белгіге дейін дөңгелектеп, акциялар бойынша ғана толтырылады (9 баған / 7 баған).

      22. 1 бағалы қағаздың номиналдық құнына пайызбен бағасы: 9 белгіге дейін дөңгелектеп, облигациялар бойынша ғана толтырылады (9 баған / 8*100 баған).

      23. Шығарылым валютасында бір бағалы қағаздың номиналы: эмитенттің деректерімен облигациялар бойынша ғана толтырылады. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-да мен Bloomberg проспекті бар шығарылымдар бойынша номиналды Bloomberg деректері бойынша толтыру.

      24. Номинал валютасында мерзімі өткен купонның сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, эмитент Т-1 күні жинақтаған, бірақ төлемеген купонның сомасы көрсетіледі.

      25. Теңгемен мерзімі өткен купонның сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, эмитент Т-1 күні жинақтаған, бірақ төлемеген купонның сомасы көрсетіледі.

      26. Номинал валютасында мерзімі өткен негізгі борыштың сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, айналыс мерзімі өткен және эмитент Т-1 күні берешегін өтемеген бағалы қағаз бойынша негізгі борыштық сомасы көрсетіледі.

      27. Теңгемен мерзімі өткен негізгі борыштың сомасы: үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектеп, айналыс мерзімі өткен және эмитент Т-1 күні берешегін өтемеген бағалы қағаз бойынша негізгі борыштық сомасы көрсетіледі.

      28. Ескерту: оқшауланған бағалы қағаздар, қосарлы сақтау орны бар бағалы қағаздар көрсетіледі.

      2-бөлік

      Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар бойынша мәліметтер

Р/с№

Банктің атауы

Банк коды

Салым валютасы

Салым мөлшерлемесінің валютасы

Депонирлеу сомасы

Есептелген сыйақы
(мүдде)

шетел валютасында

теңгемен

шетел валютасында

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Барлығы:




х


х



      кестенің жалғасы:

Ағымдағы құны(теңгемен)(7)+(9)

Депонирлеу күні

Депозит шартының күні және №

Салым мерзімі (күнмен)

Сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі
(жылдық %-бен)

Жинақталған сыйақыны (мүддені) төлеу күні (кезеңділігі)

Рейтинг / листинг

салымды ашу күніндегі

есепті күні

10

11

12

13

14

15

16

17










х

х

х

х

х

х



      3-бөлік

      Шартты талаптар (міндеттемелер) бойынша мәліметтер

Баптың атауы

Базалық
актив

Ұлттық сәйкестендіру
нөмірі

Мәмілені жасау күніндегі құны

Туынды қаржы құралының есепті күніндегі ағымдағы құны

1

2

3

4

5

6

1

Шартты талаптар





1.1

Қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша шартты талаптар





1.1.1






1.1.n






1.2

Қаржы форвардтарын сатып алу бойынша шартты талаптар





1.2.1






1.2.n






1.3

Сатып алынған опцион келісім-шарттары - "колл"





1.3.1






1.3.n






1.4

Сатып алынған опцион келісім-шарттары - "пут"





1.4.1






1.4.n






1.5

Белгіленген пайыздық своп





1.5.1






1.5.n






1.6

Құбылмалы пайыздық своп





1.6.1






1.6.n






1.7

Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты талаптар





1.7.1






1.7.n






1.8

Қаржы форвардтарын сату бойынша шартты талаптар





1.8.1






1.8.n






1.9

Сатылған опцион келісім-шарттары - "пут" - қарсы
шот





1.9.1






1.9.n






1.10

Сатылған опцион келісім-шарттары - "колл" - қарсы шот





1.10.1






1.10.n






1.11

Басқа да шартты талаптар





1.11.1






1.11.n






2

Шартты міндеттемелер





2.1

Қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша шартты міндеттемелер





2.1.1






2.1.n






2.2

Қаржы форвардтарын сатып алу бойынша шартты міндеттемелер





2.2.1






2.2.n






2.3

Сатып алынған опцион келісім-шарттары - "колл" - қарсы шот





2.3.1






2.3.n






2.4

Сатып алынған опцион келісім-шарттары - "пут" - қарсы шот





2.4.1






2.4.n






2.5

Құбылмалы пайыздық своп





2.5.1






2.5.n






2.6

Белгіленген пайыздық своп





2.6.1






2.6.n






2.7

Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелер





2.7.1






2.7.n






2.8

Қаржы форвардтарын сату бойынша шартты міндеттемелер





2.8.1






2.8.n






2.9

Сатылған опцион келісім-шарттары - "пут"





2.9.1






2.9.n






2.10

Сатылған опцион келісім-шарттары - "колл"





2.10.1






2.10.n






2.11

Басқа да шартты міндеттемелер





2.11.1






2.11.n







      4-бөлік

      Бағалы металдар бойынша мәліметтер

Бағалы металдың атауы

Троя унциясының саны

1

2

3



Барлығы:



      Жинақтаушы зейнетақы қорларының

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы

      шарттар бойынша зейнетақы активтері мен

      міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы

      зейнетақы қорына беру қағидаларына

      2-қосымша

      нысан

Қаржы құралдарын
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға аударуды тіркеуге арналған бұйрық

      Күні ______________ Шығыс нөмірі ____________

      Депоненттің толық атауы

      ____________________________________________________________

Есептеу күні



/



/







      Қатысушылар субшотының нөмірі

Жөнелтуші субшотының нөмірі












Алушы субшотының нөмірі













      Қаржы құралдарының деректемелері

Р/с
№№

Сәйкестендіру нөмірі
(ҰСН, ISIN немесе өзге де сәйкестендіргіш)

Саны

1



2






      Бірінші қол ____________________

      Екінші қол ____________________

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады