Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 182 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қыркүйекте № 8696 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 47 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 47 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 182 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары

      Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган Заңның 58-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шарасын қолданады.

      2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шарасын мынадай факторлардың бірін немесе бірнешеуін ескере отырып қолданады:

      1) тәуекел деңгейі.

      Қағидалардың мақсаттары үшін тәуекел ретінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруы кезінде азаматтық, қаржылық заңнамалар және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы) саласында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіру түріндегі жағымсыз салдардың туындау, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлау ықтималдығы түсініледі;

      2) таңдалған ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;

      3) таңдалған ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;

      4) бұзушылықтың жиілігі мен ұзақтығы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің жол берілген бұзушылық туралы хабардар болуы;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жағдайы.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы қаржылық жағдайы есептілік деректерінің, тексеру материалдарының, аудиторлық есептердің, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптар орындалуының, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет жасау нәтижелерінің негізінде айқындалады.

      3. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде мынадай шектеулі шараларды қолданады:

      1) орындалуға міндетті жазбаша нұсқама береді;

      2) жазбаша ескерту шығарады;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді.

2. Жазбаша нұсқама түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі

      5. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атына анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне, бұзушылықтардың сипаттамасын, олардың туындауына әкеп соққан себептерді көрсете отырып, жазбаша нұсқама, іс-шаралар тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ түзету шараларын қабылдауға жауапты лауазымды адамдарды анықтайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Түзету шаралары жазбаша нұсқамада көрсетіледі және салымшылардың (алушылардың) алдындағы міндеттемелерді орындау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша орындалуға міндетті шараларды білдіреді.

      7. Жазбаша нұсқама бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға жіберіледі.

3. Жазбаша ескерту шығару түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайталап бұзуды анықтаған жағдайда уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не олардың басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) қатысты Заңның 58-бабының 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту шығарады.

      9. Жазбаша ескерту бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға жіберіледі.

      10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам жазбаша келісімді алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқару органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны туралы хабардар етеді.

4. Міндеттеме-хат талап ету түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Жазбаша келісім жасау түріндегі шектеулі ықпал ету шарасын қолдану тәртібі

      14. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін көрсете отырып оларды жою және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралардың тізбесін бекіту қажеттілігі туралы жазбаша келісім жасайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Шаралар тізбесін бекіту кезінде сондай-ақ жазбаша келісімге мыналарға:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерін төмендетуге;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтыратын іс-әрекеттер жасамау, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және (немесе) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларын қайталап бұзушылық жасамау бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемесін белгілеуге бағытталған талаптар енгізіледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Жазбаша келісімге қол қойған тұлға (тұлғалар) өзіне оның талаптарын орындау міндеттемелерін алады.

      18. Жазбаша келісім әр тарап үшін заңды күші бірдей мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады.

      Уәкілетті орган қол қойған жазбаша келісімнің даналары ілеспе хатпен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атына жіберіледі.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жазбаша келісімге қол қояды және оны алған күннен кейін бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органға қол қойылған мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бір-бір данадан ұсынады.

6. Қорытынды ережелер

      19. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды осы шектеулі ықпал ету шарасымен көзделген мерзімде шектеулі ықпал ету шарасының орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      20. Егер уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шарасында жоспарланған іс-шаралар тізбесін ұсыну көзделген болса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы хабарламасында көрсетілген және күнтізбелік он бес күннен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдерін және түзету шараларын қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесін ұсынады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынатын жоспарланған іс-шаралар тізбесі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органымен бекітілуге тиіс.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Уәкілетті орган ұсынылған жоспарланған іс-шаралар тізбесін қарайды.

      Уәкілетті орган жоспарланған іс-шаралар тізбесімен келіспеген жағдайда жоспарланған іс-шаралар тізбесіне ескертулері бар хат жібереді, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жояды. Түзетілген жоспарланған іс-шаралар тізбесі уәкілетті органның хаты алынған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      22. Уәкілетті органға жоспарланған іс-шаралар тізбесі ұсынылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы олардың орындалуы жоспарланған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады