"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2013 жылғы 12 тамыздағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қыркүйекте № 8713 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімілінде 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 5453 болып тіркелген, 2009 жылы № 4 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 142-147 болатын жолдармен толықтырылсын:

      "142. Компьютерлік жүйе "Mobius"

      143. OKA ПФ KZ (версия - П1-03)

      144. ОКА МФ KZ (версия - П2-03)

      145. ОКА 102Ф KZ (версия - 102-02)

      146. Атрон - 200Ф KZ (версия - 200-02)

      147. Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйе "ВА - Банк", версия 6.0".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр м.а.

Р. Дәленов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады