Байланыс формасы

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қазанда № 8810 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 4 шілдедегі № 204 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7857 тіркелген, 2012 жылғы 3 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 642-647 (27719) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 216 қаулысымен
бекітілген

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару немесе одан айрылу, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату кезінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру тәртібін белгілейді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      

1. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық
портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару тәртібі

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтаруға өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) өтініш жасайды.

      Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару туралы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қор уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қор акционерлерінің жалпы жиналысы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.

      3. Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару туралы ақпаратты уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      4. Қордың бірінші басшысы қол қойған және Қордың мөрімен расталған өтініш уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару туралы шешімі;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелерінің жоқ екендігін және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжат;

      өтініш жіберген күннің алдындағы күнде жасалған Қордың бухгалтерлік балансы және оған түсіндірме жазба. Қордың бухгалтерлік балансына түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, Қордың кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат;

      Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, Қордың кастодиан банкінің және Қордың зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі.

      Уәкілетті орган өтінішті қарау кезінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің жоқ екендігін және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттарды тексереді.

      Уәкілетті орган өтінішті осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап үш айдың ішінде қарайды.

      5. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару:

      1) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсыну;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтық, қаржылық заңнамаларына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес келуі;

      3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі талаптарын орындаған кезде жүргізіледі.

      6. Қор Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару үшін, уәкілетті орган Қорға ескертулерді көрсете отырып жазбаша жауап жібереді. Қор өтінішті қайталап берген кезде уәкілетті органның оны қарау мерзімі оны қайталап берген күнінен басталады.

      7. Қор уәкілетті органның Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хатын немесе рұқсатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны (лицензияларды) және (немесе) лицензияның қосымшасын (лицензиялардың қосымшаларын) уәкілетті органға қайтарады.

      Уәкілетті органның Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қор атауынан "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді және (немесе) "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураны алып тастау бөлігінде Қордың мемлекеттік қайта тіркелуі туралы хабарлайды.

2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату тәртібі

      8. Қор акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған және Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатпен (бұдан әрі - өтінішхат) уәкілетті органға өтініш жасайды.

      Қор Қорды ерікті тарату туралы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      9. Қор уәкілетті органға өтінішхат берген күнге дейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қор акционерлерінің жалпы жиналысы Қорды ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.

      10. Қор Қорды ерікті тарату туралы ақпаратты уәкілетті органға өтінішхат берген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      11. Қордың бірінші басшысы қол қойған, Қордың мөрімен расталған және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының Қорды ерікті түрде тарату туралы шешімі;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын құжат;

      3) Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, Қордың кастодиан банкінің және Қордың инвестициялық портфелін басқарушының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған, көрсетілген ұйымдардың мөрлерімен расталған, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба.

      Қордың бухгалтерлік балансына түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомалары және олардың туындау негіздемелері көрсетіле отырып, Қордың кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат ашып көрсетіледі.

      Бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба өтінішхат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады;

      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар:

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы хаты;

      "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;

      "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның "Қазақстан қор биржасы" АҚ алдында берешегінің жоқ екендігі туралы хаты.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 48-1-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлеріне және акционерлеріне Заңның 48-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Заңның 48-1-бабының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатты одан әрі қараудан негізді бас тарту уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қорды ерікті таратуға рұқсат алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей Қор лицензияны (лицензияларды) және (немесе) лицензияның қосымшасын (лицензиялардың қосымшаларын) уәкілетті органға қайтарады.

      15. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында тарату комиссиясы тағайындалады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қорды ерікті тарату тәртібін және мерзімдерін белгілейді.

      16. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Қорды мәжбүрлеп тарату тәртібі

      17. Қорды мәжбүрлеп тарату Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Қорды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн Қорды мәжбүрлеп таратудың басталуы болып табылады.

      18. Сот Қорды мәжбүрлеп тарату туралы шешімді лицензиядан айырылуына байланысты емес негіз бойынша қабылдаған жағдайда, Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиядан айрылады.

      19. Қордың тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот шешімімен тағайындалады.

      20. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру Қорды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде, Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асады.

4. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық
портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтарған
немесе одан айырылған, Қорларды ерікті және мәжбүрлеп тарату
кезінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен
міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібі

      21. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруді:

      Қор лицензиясын ерікті қайтарған, ерікті тараған және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельдерді басқаруға берілген лицензиясынан айырған жағдайларда – Қор;

      сот шешімі бойынша Қорды мәжбүрлеп таратқан жағдайда – Қордың тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру Қағидалардың 26, 31, 33 және 36-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтерін және міндеттемелерді қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      22. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру мыналарды:

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру бойынша іс-шараларды;

      оларды орындау мерзімін және орындауға жауапты адамдарды, сондай-ақ Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін құжаттар мен ақпараттар тізбесін айқындайтын жоспарға (бұдан әрі – іс-шаралар жоспарына) сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Іс-шаралар жоспарында:

      1) Қор (Қордың тарату комиссиясы) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында Қордың ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шоттарын ашу және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын аудару.

      Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысында (алушысында) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шоты бар болса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотын ашуды жүргізбейді, салушының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына есепке алуды жүзеге асырады;

      3) Қордың (Қордың тарату комиссиясының) Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында Қордың ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын жабуы;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының есебіне тұруы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдауы кезеңінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша Қор міндеттемелерін орындауы;

      6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-өткізу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың бағдарламалық – техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету;

      7) Қордың (Қордың тарату комиссиясының) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына құжаттар мен ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштармен беруі;

      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау барысында Қормен (Қордың тарату комиссиясымен), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкімен, Қордың кастодиан банкімен, инвестициялық портфельді басқарушымен (осындай бар болса) өзара әрекеттесу бойынша іс-шаралармен қоса, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді Қордың (Қордың тарату комиссиясының) беруін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды өткізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      24. Қор (Қордың тарату комиссиясы) және инвестициялық портфельді басқарушы (осындай бар болса) тапсырады, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде мынадай құжаттар мен ақпаратты қабылдайды:

      1) қолданыстағы (ашық) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бар ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан және оларға қатысты сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жарналарын алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы және тарихи деректер;

      2) барлық құжаттары қоса берілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және оларға қосымша келісімдердің түпнұсқалары;

      3) құжаттардың түпнұсқалары және Қордың бұдан бұрын сақтандыру ұйымдарына жүргізген зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары бойынша ақпарат;

      4) мыналарды қоса алғанда, Қордың ерікті зейнетақы жарналары есебінен инвестициялық қызметі жөніндегі құжаттары:

      инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;

      ұсынымдарды жасауда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары;

      тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;

      инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;

      Қордың немесе инвестициялық портфельді басқарушының қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға клиенттік тапсырыстарының (зейнетақы активтерін есепке алу үшін Қордың шоты бойынша операцияларды жасауға бұйрықтардың) түпнұсқалары;

      ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелер жасауды және тіркеуді растайтын құжаттардың түпнұсқалары (trade ticket, trade сonfirmation, биржа куәлігі, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, клиенттік тапсырыстарды орындау (орындамау) туралы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептері);

      ол бойынша мәмілелер халықаралық (шетелдік) нарықта жасалған борыштық бағалы қағаздар шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);

      екінші деңгейдегі банктермен банк салымдары шарттарының түпнұсқалары;

      қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтерінің есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру күнінің алдындағы бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша айналым – сальдо ведомостері (соңғы есепті күнге және құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру күніне);

      зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күнге және Қордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      пайдалар мен шығындар туралы есеп (соңғы есепті күнге және Қордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;

      Қор қызметінің барлық кезеңінде инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;

      зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (Қор қызметінің барлық кезеңінде әрбір есепті айдың бірінші күніне және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттен берешектерді өндіріп алу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар);

      5) іс-шаралар жоспарында белгіленген тізбеге сәйкес өзге құжаттар мен ақпарат.

      25. Қағидалардың 24-тамарғы 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электронды тасымалдағыштарда ұсынылады.

      Қағидалардың 24-тармағы 2), 3), 4) (оныншы абзацты қоспағанда) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:

      қағаз тасымалдағышта ұсынылады;

      іс қағазға жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағаз 180 парақтан аспайды және оған ішкі тізімдеме қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды нұсқасын берумен), оған жасаушы лауазымын және қол қоятын күнін көрсете отырып, қол қояды және Қордың (Қордың тарату комиссиясының) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) мөрімен расталады.

      Сақтау мерзімі уақытша құжаттар Қағидалардың 24-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сол тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені көрсетпей қалыптастырылады.

      26. Қордың (Қордың тарату комиссиясының) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты электронды және қағаз тасымалдағыштарда беруі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қордың (Қордың тарату комиссиясының), инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және олардың мөрлерімен расталған құжаттарды қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қабылдау-өткізу актілерінде іс қағаздар атауларының тізбесі, іс қағаздардың жылы және олардың әрбірі бойынша парақтарының саны көрсетіледі.

      27. Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күні мыналарды құрады және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды форматта жібереді:

      1) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      2) олардың зейнетақы жинақтарының сомалары "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шотында саналатын ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты негізінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға байланысты ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      5) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      6) кредиторлық берешегі өтелген зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотында есептелетін салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      7) ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жөніндегі операциялар туралы, салымшылар (алушылар) деректемелерінің өзгеруі жөніндегі, Қор қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының бірігуі жөніндегі ақпаратты.

      28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қордан (Қордың тарату комиссиясынан) Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күні:

      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасында Қағидалардың 27-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашады;

      2) Қорға (Қордың тарату комиссиясына) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашқандығы туралы Қағидалардың 27-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты жібереді.

      29. Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған ақпарат негізінде, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында салымшылардың (алушылардың) Қағидалардың 27-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жеке зейнетақы шоттарын жабады.

      30. Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тізімдерді Қор (Қордың тарату комиссиясы) электронды тасымалдағышта сақтайды және оны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тексереді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері тексерген соң Қордың (Қордың тарату комиссиясы) өкілдерін қатыстыра отырып, Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша көшірмелерін электронды тасымалдағышта жасайды, оларға мөр басылады, пломба салынады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      Электронды тасымалдағыштардың мөр басылған, пломба салынған екі данасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі, мөр басылған, пломба салынған электронды тасымалдағыштардың бір данасы жұмыс үшін қалдырылады, екінші данасы тұрақты негіздегі резервтік көшірме ретінде сақталады.

      31. Қордың (Қордың тарату комиссиясының) Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақпарат жіберу кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың (Қордың тарату комиссиясының) бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолы қойылған және олардың мөрлерімен расталған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      32. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан Қордың инвестициялық портфелін құрайтын қаржы құралдары туралы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіне электронды түрде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген форматқа сәйкес жіберіледі.

      33. Қағидалардың 32-тармағында көзделген ақпаратты жіберу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қордың (Қордың тарату комиссиясының), Қордың кастодиан банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірінші басшылары қол қойған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      34. Қағидалардың 32-тармағында көзделген ақпаратты қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жіберілген күнгі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:

      шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;

      ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын, сатып алу бағасын, акция үшін пайыздар мен дивидендтер бойынша облигацияларды, есептелген кіріс үшін номиналдан пайыз үшін есептелген кірістегі бір бағалы қағаздың ағымдық құнын көрсеткендегі жіберілетін бағалы қағаздардың сомалық құны;

      банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;

      осы қаржы құралдарына тән сомаларды, санды және қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;

      2) зейнетақы активтері бойынша міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелердің осының алдында басталған күн соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі.

      35. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған Қордың бағалы қағазды есептен шығару жөніндегі операцияларын және оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотын есепке алатын орталық депозитарий Қордың кастодианы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің екі қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.

      Қаржы құралдарын аударым жасауды тіркеу жөніндегі бұйрық Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      36. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған Қордың қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару жөніндегі операцияларды тіркегеннен кейін орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотына есепке алғаннан кейін орталық депозитарий (орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ескерілген қаржы құралдары бойынша), Қордың кастодиан банкі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қордың қосалқы шотынан есептен шығарылған бағалы қағаздар қалдықтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотында тұрған бағалы қағаздар қалдықтарымен салыстыруды жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру салыстырып тексеруге қатысатын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған қабылдау-өткізу актімен ресімделеді және тараптардың мөрімен расталады.

      37. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді жіберуге байланысты шығыстар Қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы
жарналарын тарту құқығымен инвестициялық
портфельді басқаруға берілген лицензияның
негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша
қолданыстағы шарттардың және бағалы қағаздар
нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге
асыруға лицензияның жоқ екендігін растайтын
құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің

      Төрағасына

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық
портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген
лицензияны ерікті қайтару туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (Қордың атауы)

       Қор акционерлерінің жалпы жиналысының

       ______________________

       (өткiзiлетiн орны)

       _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (Қордың атауы)

       ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайтаруын жүзеге асыруды сұрайды.

       Қор өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

       Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

       Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған құжатқа сілтеме)

      _________________________

       (қолы) мөр

  Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен инвестициялық портфельді
басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың
және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа
түрлерін жүзеге асыруға лицензияның жоқ екендігін
растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің

      Төрағасына

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алу
туралы өтінішхаты

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________________________

       (Қордың атауы)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының

      _____________________________________________________________________

       (өткiзiлетiн орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      Қорды _______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (Қордың атауы)

      ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне,

      сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың

      және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап

      береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,

      әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, аталған

      өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған құжатқа сілтеме) ___________________________

       (қолы) мөр

  Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және
мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру
құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға
берілген лицензияны ерікті қайтару
және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында
міндеттемелердің және ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен инвестициялық портфельді
басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың
және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа
түрлерін жүзеге асыруға лицензияның жоқ екендігін
растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларына
3-қосымша
нысан

Қаржы құралдарын
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға
аударуды тіркеуге бұйрық

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Күні ______________ Шығыс нөмірі ____________

      Депоненттің толық атауы

      _____________________________________________________________________

Есептеу күні



/



/







      Қатысушылардың қосалқы шоттарының нөмірлері

Жөнелтушінің қосалқы шотының нөмірі
Алушының қосалқы шотының нөмірі
























      Қаржы құралдарының деректемелері

р/с
№№

Сәйкестендіру нөмірі (ҰСН, ISIN немесе өзге де сәйкестендіргіш)

Саны

1



2



...




      Бірінші қол ____________________

      Екінші қол _____________________

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады