"Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 756 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8843 тіркелді

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына және 42-бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ереженің:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Теңіз портының капитаны лауазымына арнаулы жоғары білімі, капитан дипломы және сауда мақсатында теңізде жүзу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.»;
      8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:
      кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында;
      тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменің жүзу қауіпсіздігіне, кемедегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да кемшіліктер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қауіпі болғанда;
      кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;
      тиісті мемлекеттік органдардың (кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда;
      теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады;».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелуі туралы және бұқаралық ақпарат құралында жариялануға жіберілуі туралы мәліметтерді Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады