Байланыс формасы

"Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8847 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильмді ұлттық деп тану ережеcін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң міндеттін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6613 болып тiркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы";

      кіріспе мынaдай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану қағидасы бекітілсін."

      осы бұйрықпен бекітілген Фильмді ұлттық деп тану ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Фильмді ұлттық деп тану қағидасы";

      1-тармақ мынaдай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы фильмді ұлттық деп тану Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін айқындайды.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынaдай редакцияда жазылсын:

      "4. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне (бұдан әрі – Комитет) келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырады:";

      1) тармақшаның он төртінші абзацы мынaдай редакцияда жазылсын:

      "өтініш берушінің деректемелері (заңды мекен-жайы, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру номері, жеке тұлға, жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру номері);";

      4) тармақша мынaдай редакцияда жазылсын:

      "4) продюсердің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтаманың және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке басын куәландыратын жеке тұлға - продюсердің жеке басын куәландыратын көшірмесі.

      Ескерту: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.".

      8-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш беруші осы Қағиданың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды табыс етсе;";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту жазбаша түрде бас тартудың дәйекті себебін көрсетумен осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

М. Құл-Мұхаммед


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады